[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шеберлік сыныбы

    05.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Шеберлік сыныбы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық аурухана­сының базасында Қытай Халық Республикасынан келген мамандардың қатысуымен еліміз бойынша алғаш рет баспасөз мәслихаты мен шеберлік сыныбы өтті. Онда екі жақтың дәрігерлері тәжірибе алмасу мақсатында бірлесе отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларымен сырқаттанатын екі науқасқа ота жасады. Ота жасау кезінде Аспан асты елінің соңғы үлгідегі құрылғылары пайдаланылды.

    Шараның бірінші бөлімінде отандық мамандарға арналған баспасөз мәслихаты өткізілді. Оған қарасайлық және қытайлық дәрігерлерден бөлек, медициналық құрал-жабдықтар шығаратын кәсіпорын өкілдері, Алматы қаласы мен облысының бірқатар аудандарының интервенциялық хирургтары қатысты.
    Жиын барысында Қытай тарапының өкілдері, оның ішінде Sonosemi Medical Co., LTD өндіруші компанияның инженерлері осы жолғы отада қолданылатын жаңа медициналық құрал-жабдықты таныстырды. Құрылғының LiqMagic C14 баллонды катетері мен ультрадыбыстық генераторы арқылы кардиохирургияда тамырішілік коронарлық литотрипсияны жүргізудегі мүмкіндіктері туралы кеңінен айтып берді. Аталған жабдық, ең алдымен, тамыр ішіндегі кальцинацияларды жоюға бағытталған. Себебі дәл осы жиынтықтар артериялардың люменін тарылтады, қан ағымын бұзады, бұл кейіннен атеросклерозға әкеледі.
    Қытайдың өзінде бұл құрал алты ай бойы бақылауда болған 242 науқасқа арналған 15 емханада қолданылған. Қолдану сәттілігі – 95 пайыз. Жүрек өлімі нөлге тең, асқынулар байқалмады. Осыған байланысты бұл технологияның қауіпсіз әрі тәуекелдердің барынша төмен екені ерекше атап өтілді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрылғы Қытайда ғана емес, АҚШ, Канада, бірқатар Еуропа елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері дәрігерлерінің жоғары бағасына ие болған.
    Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін құрылғыны тәжірибе жүзінде сынап көру мақсатында аурухана базасында екі ота жасалды. Оған қытайлық медицина саласының майталмандарымен қатар қарасайлық дәрігерлер – эндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі, кардиохирург, интервенциялық кардиолог Орынбасар Тайманұлы әріптестерімен бірге қатысты. Оның айтуынша, кальцинацияларды жою және қан тамырларын кеңейту операциялары өте маңызды. Бұл әлемдегі өлім-жітімнің басты себебі болып табылатын және жыл сайын жер бетінде 18 миллионнан астам адамның өмірін қиятын жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімнің төмендеуіне әкеледі.
    Екі ота туралы түсініктеме берген қытайлық дәрігер Yu Xiaolin мәліметіне сүйенсек, олардың әкелген «Shockwave» цилиндрлері көмегімен бірінші науқасқа кальциленген зақымданудан ем жасалды. Нәтижесінде қан тамырлары кеңейді. Операция кезінде нәтижені бекіту үшін тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу (IVUS) де жүргізілді. Бұл зақымданған артерияларды ішкі жағынан көру үшін катетер қолданылды. Содан кейін стенд қойылды.
    Ал осыған дейін стенд қойылған екінші науқаста ол толығымен кеңейтілмегендіктен, ішінде жаңа липидті өсінді пайда болған. Сондықтан олар алдымен кальцинацияларды жою үшін «Shockwave» әдісін одан соң коронарлық ангиопластика деп аталатын жүректің ишемиялық ауруын емдеудің тамырішілік әдістерін қолданған. Бұл қан тамырларының толық кеңеюі үшін қажет.
    Екі ота кезінде де қазақстандық және қытайлық мамандардан құралған топ жан-жақты талқылаулар жүргізіп, әр науқасқа жеке емдеу жоспарын әзірледі. Олардың жоғары кәсіпқойлығы, өзара сенімі мен үйлесімді ынтымақтастығы, сондай-ақ жаңа техниканың мүмкіндіктері арқасында екі операция сәтті өтті.
    – Осы шеберлік сыныбы үшін қазақстандық командаға шынайы алғысымызды білдіреміз. Біз сондай-ақ серіктестігімізді жалғастырып, қазақстандық дәрігерлерді Қытайға тәжірибе алмасуға шақыруды қалаймыз, – деді Yu Xiaolin.

    Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    2 years ago
    Елімізде қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

    Елімізде қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

    4 months ago
    «Береги здоровье смолоду!»

    Нет стигме и дискриминации!

    5 months ago
    Халыққа қызмет – мінсіз міндет

    Халыққа қызмет – мінсіз міндет

    4 months ago
    “Олқылықтан сабақ алуымыз керек”

    “Олқылықтан сабақ алуымыз керек”

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>