-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тіл бірлігі – ел бірлігі

    21.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Тіл бірлігі – ел бірлігі
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Бірлік пен татулықтың, табыс пен жетістіктің басты өлшемі, тіпті негізі – өңірді мекендеген барлық этнос өкілдері бағалайтын және құрметтейтін, өзара қарым-қатынаста мейлінше қолдануға тырысатын мемлекеттік тіл болып саналады. Оған Талғарда өткен «Тіл мен рух» атты аудандық тілдер фестивалінде тағы бір мәрте көз жеткіздік.

           Мәдениет үйінің алдында ондаған киіз үйлер мен ақ шатырлар тігілген.  Мұнда аудандағы этно-мәдени орталықтардың халықтық-қолданбалы шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды. Фестивальді ұйымдастырған аудандық мәдениет, тілдер және спорт бөлімі  қатысушылардың көңілінен  шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Оған аудан және облыстағы барлық этно-мәдени орталықтардың өкілдері белсене қатысты

    Арнайы шақырылған құрметті қонақтар арасында көрнекті қоғам қайраткері Асылы Осман, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гамзе Гейдаров, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы  Нұрмахан Оқас, облыстағы барлық ЭМО төрағалары болды.

    Шараны ұйымдастырушылар атынан аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева және домбырашы балалар оркестрі фестиваль қатысушыларын күмбірлеген күй үстінде жылы жүзбен салтанатты түрде қарсы алды.

    Іс-шара басында жиналған жұрт жергілікті қолөнер шеберлерінің көрмесін аралап, белгілі ақындардың шығармашылығымен танысты. Талғар ауданы тілдерді дамыту тұрғысында қандай жетістіктерімен әйгілі екенін жергілікті әуесқой ақындардың  кітаптары, мәдениет саласы қызметкерлерінің марапаттары қойылған стенд дәлелдеп тұрғандай.

    Тілдер фестивалінің қорытынды бөлімі Мәдениет үйінің үлкен залында өтті. Құрметті қонақтар мен шара қатысушыларын аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев құттықтап, қоғам өміріндегі мемлекеттік тілдің рөлі жайында өз ойын жеткізді.

    – Ауданда тілдер фестивалін  өткізу біз үшін әлдеқашан  жақсы дәстүрге айналды. Соның арқасында өздерінің игі істерімен қазақ тілін дамыту және  ілгерілетуге  септігін тигізіп жүрген  жандарға жылы сөздер айтуға мүмкіндік туып отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл – мемлекеттік саясаттың тек идеологиялық құралы ғана емес, сонымен қатар халықтар арасындағы тұтастықтың, бірліктің символы, қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің көрінісі. Мемлекет басшысының тілді сақтау, қоғамға ілгерілету жөніндегі бағыт-бағдарына сүйене отырып, бұл маңызды идеологиялық құралға жан-жақты көңіл бөліп, қамқорлық  көрсету қажет. Тілді ұлттар мен этностардың қарсы тұру құралына айналдыруға болмайды, оны зерттеп, дамытып, өскелең ұрпақ өз бойына сүйспеншілікпен сіңіретіндей жағдай жасауға тырысу керек, – деді ол.

    Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрмахан Оқастың сөйлеген сөзі де әсерлі  шықты.

    – Жыл өткен сайын облыста мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндердің қатары артып келеді, түрлі этнос өкілдері қазақ тілін ауызекі сөйлесу деңгейінде меңгеруге ниет білдіруде. Мемлекет басшысының тіл саласын кеңейту жөніндегі нұсқауларына сүйене отырып, әсіресе оқу орындарында оны жан-жақты зерделеу қажет. Ана тілін сақтау және ұлттық рухты нығайту – біздің ортақ міндетіміз, – деді ол мемлекеттік тілді дамытудың маңыздылығы жөніндегі ойларын қорытындылай келе.

    Жиын барысында бірнеше этнос өкілі қазақ халқының атына алғыстарын білдірді. Панфилов ауылындағы № 17 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі, ұлты неміс Мария Септ, қазақ тілін жақсы меңгерген орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кристина Гончарова және басқалар тәуелсіз мемлекетіміздегі бірлік пен татулықты нығайту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси  дамуы тұрғысынан әрбір азаматтың мемлекеттік тілді білуі және оны қоғамдық өмірде мейлінше еркін қолдануы аса маңызды екенін атап өтті.

    Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етіп, өзіндік үлес қосқан қоғам қайраткерлеріне Алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етті.  Жиын соңында шара қатысушылары мен құрметті қонақтар өнер қайраткерлері және жергілікті көркемөнерпаз дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.  Бір сөзбен айтсақ,  фестиваль мемлекеттік тіл ретінде түрлі ұлт өкілдерін Тәуелсіздіктің Көк Туының астына біріктіріп отырған туған тіліміздің күш-құдіреті мен өміршеңдігін талассыз дәлелдеді. Тағы бір рет ел бірлігі – тіл бірлігінде екеніне көзіміз анық жетті!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    «АЛЖИР»-де азапталған аналар

    «АЛЖИР»-де азапталған аналар

    11 months ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

    2 years ago
    Бабалар есімін жаңғыртқан

    Бабалар есімін жаңғыртқан

    2 months ago
    Спорт саласының өкілдері марапатталды

    Спорт саласының өкілдері марапатталды

    2 years ago
    Алдын алса, ауру азаяды

    Алдын алса, ауру азаяды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.