-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Зәкен апа зерікпейді

    07.04.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Зәкен апа зерікпейді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Былтырдан бері облыста Белсенді ұзақ өмір орталығы жұмыс істей бастады. Аталған мекемеде зейнет жасындағы азаматтардың өмір сапасын арттыру, денсаулығын нығайту мен әлеуметтік белсенділігін қолдаудың әртүрлі шаралары қарастырылған. Ардагерлерге көңіл бөлудің мұндай шарасы облыс орталығымен қоса аудандарда да жолға қойылды.

    Осындай мекеменің қызметіне жасы тоқсандағы ата-апаларымыз да жүгініп, уақыттарын тиімді өткізеді. Солардың қатарында Райымбек ауданының тұрғыны Зәкен Жетенова да бар. Жасы 96-ға келген апамызға жуырда облыстық Белсенді ұзақ өмір орталығының директоры Жәния Көпжүрсінқызы мен орынбасары Гүлнар Әшірбекқызы арнайы барып, сый-құрмет көрсетіп қайтты. Зәкен апай орталықтың Райымбек ауданындағы бөлімшесіне ең алғашқы қызмет алушысы болып тіркелді.

    Зәкен апа 1929 жылы 10 қаңтарда Райымбек ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келген. Мектептің 7 сыныбын бітірген соң соғыс басталып, жастайынан тылда жұмыс істеген. Ол кезде шаруашылықта техника жоқ, қолорақпен шөп орып, шөмеле жинап, майдандағы жауынгерлерге қолғап тоқып, тұмақ, шалбар тіккен. Сондай еңбегі үшін кейін «Тыл ардагері» медалімен марапатталды.

    Соғыстан кейін Әукен есімді майдангерге тұрмысқа шығып, екеуі төрт ұл, төрт қыз – сегіз баланы дүниеге әкелді. Соғыс ардагері Әукен Әкімханов 92 жасында қайтыс болған. Өмірден көргені мен түйгені көп, ауылына үлгілі әулет атанған Әукен ата мен Зәкен апа ұлағатты ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Тағдырдың жазуымен қызының үлкені мен бір ұлы өмірден ерте өтті. Ал Болатбек, Анарбек, Айсерік, Гүлнара зейнеткерлік жаста болса, Динара Нарынқол ауылындағы спорт кешенінің директоры, Ақшолпан – Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінде. «Алтын алқа» иегері Зәкен апай ұзақ жылдар бойы Райымбек аудандық тұтынушылар қоғамында жұмыс істеген, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде ұл-қызынан 24 немере, 34 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отыр.

    Белсенді ұзақ өмір орталығының аудандардағы филиалдары Зәкен апа сияқты аға буын өкілдеріне,  жалпы зейнеткерлерге денсаулығын, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында спорттық, психикалық, әлеуметтік, педогогикалық қызметтер көрсетеді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    «Амиранның» айраны балаларға пайдалы

    «Амиранның» айраны балаларға пайдалы

    9 months ago
    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    МӘМС: Алматы облысында 28 мыңға жуық ота жасалды 

    6 months ago
    Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет

    Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет

    8 months ago
    Түрлі этнос өкілдері поэзиядан бақ сынады

    Түрлі этнос өкілдері поэзиядан бақ сынады

    7 months ago
    Зейнетақы төлемдері туралы біле жүрейік

    Зейнетақы төлемдері туралы біле жүрейік

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.