-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жалған сөз жарға жығады

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жалған сөз жарға жығады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         «Ақпарат ғасырында өмір сүріп жатырмыз» деген сөз бүгінгі қоғамда қанатты тіркеске айналды. Расында, технология дамыған сайын ақпарат ағыны толассыз көбейіп, оның пайдасымен қатар зияны да айқын көріне бастады. Әсіресе оң мен солын танып үлгермеген жастар үшін бұл үлкен мәселе. Ақпараттың көптігі оларды рухани, психологиялық және интеллектуалдық тұрғыдан шаршатып, шынайы өмірден алыстатып жатыр.

    Қазақта «Жалған сөз жарға жығар» деген мақал бар. Бұл сөз бүгінгі ақпарат дәуірінде өзектілігін арттыра түсті. Жастар әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде әртүрлі дереккөздерден ақпарат алады. Алайда бұл ақпарат­тың барлығы бірдей шынайы емес. Жалған мәлімет, манипуляция және түрлі жат идеологиялар жастардың санасын улап, олардың өмірлік ұстанымдарына, көзқарастарына кері әсерін тигізеді. Мұндайда ақпарат­тың рас-өтірігін ажыратып, сараптай білу – маңызды.
    Сарап болмаған соң оның зияны болары анық. Ақпарат­тық уланудың негізгі салдары жастардың психологиялық күйіне тікелей әсер етеді. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, әлеуметтік желілердегі үнемі жаңарып отыра­тын ақпарат легі адамның миына артық салмақ түсіріп, күйзеліс пен мазасыздық тудырады. Бұған қоса, халық арасында интернет кеңістігіне «кіршіксіз керемет өмірлерін» өрнек­теп қою сәнге айналған. Ал осы идеал көріністі көрген кейбір жандар арасында өз өміріне көңілі толмау, өзін басқалармен салыстыру, салдарынан түрлі комплекстердің пайда болуы сияқты мәселелер туындайды. Бұл құбылысты психолог мамандар «цифрлық күйзеліс» деп атайды. Осы күйзеліске түскен кейбір жастардың салы суға кетіп, үлкен өмірге қадам баспай жатып, болашақтан күдерін үзсе, енді бірі өзіне қол жұмсауға дейін барып жатыр.
    Осы тұста «Бұл мәселенің шешімі бар ма?» деген заңды сұрақ туындайды. Әрине, кез келген мәселенің шешімі бар. Жастар ақпаратты дұрыс қабыл­дап, оны саралай білуі керек. Бұл ретте ата-аналар мен мұғалімдер үлкен рөл атқарады. Қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөзі осы тұста өте орынды. Балалық шақтан бастап, ақпаратты сүзгіден өткізіп, қабылдау мәдениетін қалыптастыру маңызды. Білім деңгейі ақпараттың көлеміне, көптігіне бай­ланысты емес. Яғни ақпарат көп болғанымен, ол саналы түрде сүзгіден өтпесе, пайдасынан гөрі зияны басым болуы мүмкін. Сондықтан тек дұрыс сұрыпталған мәлімет қана пайдалы білімге айналады. Интернеттегі ақпараттық уланудың қауіптілігіне нақты мысал ретінде бірнеше жыл бұрынғы «Синий кит» ойынын айтуға болады. Бұл ойын көптеген жасөспірімнің психологиясына әсер етіп, олардың өз-өзіне қол жұмсауына себепкер болды. Жастарды мани­пуля­циялаудың бұл түрі – ақпараттың дұрыс сұрыпталмауының және саналы сүзгінің жоқтығының салдары. Қазіргі кезде мұндай қауіпті интернет трендтер басқа формада болса да, әлі де кездеседі. Түрлі челлендждер, қауіпті ойындар, жалған мәліметтер – мұның бәрі жастардың санасына әсер ететін ақпарат ағыны болып, жан-жақтан тоқтаусыз түсіп жатыр. Сондықтан әр адам ақпарат тұтынуда аса мұқият болуы қажет. Сонымен қатар жастар ақпарат тұтыну дағдыларын реттеп, интернеттен уақытша бас тартып, уақытты пайдалы ақпарат алуға жұмсауы қажет. Кітап оқу, спортпен шұғылдану, шығар­машылықпен айналысу сияқты әдеттер адамды зиянды ақпараттық ортадан алыстатады.
    «Ақпарат – қару» деген сөзді бүгінде жиі естиміз. Бұл қаруды дұрыс қолдана білсек, ол бізге пайдасын тигізеді, ал егер бейғамдық танытсақ, оның құрбанына айналуымыз мүмкін. Қазіргі жастардың ақпаратпен улануы – заманның басты мәселелерінің бірі. Сондықтан әрбір жасөспірім ақпараттық сауаттылығын арттырып, өз өмірін сапалы білім мен шынайы құндылықтарға негіздеуі керек. Өйткені, шынайы білім – ақпаратты тек жинақтау емес, оны талдап, дұрыс қорытынды жасай білуде жатыр.

    Сабина Ерсінқызы,
    Ғ.Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназиясының
    11 «Б» сынып оқушысы
    Алматы қаласы

    Ұсынымдар

    Тәртіптік іс қаралды

    Әдептен озбайық!

    1 year ago
    Жаңару күні ағаш отырғызылды

    Жаңару күні ағаш отырғызылды

    1 year ago
    Тұрғындар белсенділік танытты

    Тұрғындар белсенділік танытты

    1 year ago
    Тарихшы ғалым: Қарадала тарихы әлі жете зерттелмеген

    Тарихшы ғалым: Қарадала тарихы әлі жете зерттелмеген

    2 years ago
    Еріктілер аллеясы ашылды

    Жазушы мерейтойына арналды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.