⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жетісуда сән-салтанатпен өткен Наурыз тойы

    07.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Жетісуда сән-салтанатпен өткен Наурыз тойы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Көктемнің келуімен бірге елге береке, жұртқа жақсылық әкелетін Наурыз мейрамы биыл да ұлттық рух пен ұйымшылдықты ұлықтаған кең ауқымды шараға айналды. Талдықорған қаласында орналасқан Жетісу жерінде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы қалалық, Алматы және Жетісу облыстық филиалдарының ұйымдастыруымен мерекелік думан өтті.

    Наурыз тойы ұлттық салт-дәстүр мен өнерді дәріптеумен қатар, ұжымдық рухты нығайтқан мазмұнды мерекеге айналды. Талдықорған төрінде өткен шара қала тұрғындары мен қонақтарының көңілін көтеріп, ән мен жырға толы әсерлі сәттер сыйлады.

    Салтанатты шараға мекеме басшылығы – бас директор Болатбек Айтбаев, оның орынбасары Асхат Оқасов және кадр бөлімінің басшысы Талғат Олжабаев арнайы қатысып, әріптестеріне ізгі тілектерін жеткізді.

    — Біздің мекеме жыл сайын Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтуді дәстүрге айналдырған. Батыс, шығыс, оңтүстік және солтүстік өңірлердегі әріптестеріміз бірлесіп, көктемнің шуағына бөленіп, ортақ қуанышпен қауышып тұрады. Биылғы шараны Жетісу өңірі өткізуге ұсыныс білдірді. Табиғаты тамаша, гүлге оранған бұл өлкеде той ұйымдастыру – үлкен мәртебе. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бірлігіміз берік, еңбегіміз өнімді болсын! – деді Болатбек Айтбаев.

    Мерекелік кеш аясында жол сапасын қамтамасыз ететін мамандар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Арқан тарту, садақ ату, кір тасын көтеру, асық ату, бес тас секілді ойындарда қызметкерлер шеберліктері мен ептіліктерін танытты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

    Сонымен қатар, ұлттық киімнің ерекше үлгісін ұсынған қызметкерлер де көпшіліктің қошеметіне ие болды. Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жаңғыртқан бұл шара мекеме ұжымының ауызбіршілігін, ұлттық болмысқа деген құрметін айқындай түсті.

    Наурыз мейрамы – тек табиғаттың ғана емес, адам жанын жаңғыртатын ерекше мереке. Ал жолшылар қауымының бұл жолғы мерекесі – елге сапалы жол, нық қадам, жарқын болашақ сыйлауға бағытталған еңбектің бір белесі іспеттес болды.

    Ұсынымдар

    ОСК: Сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берді

    ОСК: Сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берді

    3 years ago
    Жазғы маусымдағы қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    Жазғы маусымдағы қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    5 months ago
    Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

    Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

    3 years ago
    Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

    Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

    4 months ago
    ҰРПАҒЫҢА МЕДЕТ БЕР, ҰЛЫ БАБАМ!

    ҰРПАҒЫҢА МЕДЕТ БЕР, ҰЛЫ БАБАМ!

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>