-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Абайдан абайлап өтіңіз

    17.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы
    Абайдан абайлап өтіңіз
    0
    SHARES
    61
    VIEWS

            Бала кезімізде айтатын «Сұр қоян» тақпағы естеріңізде ме? «Ойлы, қырлы жерлермен, ытқып, ытқып секірді» дейтін жері бар еді ғой. Сол қоянның кейпін қазір автокөліктер кешіп жүр. Ойдым-ойдым жерден жолдың шетіне қашып әлек, олардан жол жетіндегі жолаушылар сасып әлек. Енді бірі сол ортадағы ойлы-қырлы жерлерден көлігін сақылдатып, «сай-сүйегін сырқыратып» өтіп жатыр. Шұңқырға түскені көлігін жөндетіп әлек. Әйтеуір жүргізуші біткен бұл жолдан өткен сайын ішінен болса да осыған жауаптыларды бір сыбап алары анық.

    Бұл – Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылының көшесі. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана ұлы Абайдың атын иемденген көше бүгінде ойдым-ойдым күйге түскен. Әсіресе Абай атындағы орта мектеп тұсындағы жолдың сапасы тіпті сын көтермейді. Әл-Фараби мен Назугум көшелерінің аралығы көлік тұрмақ, адам жүрсе сүрінердей. Бұл 9 ай бойы баласын мектепке тасымалдайтын ата-аналар үшін де үлкен қиындық тудыруда. Жүргізушілер ойылған шұңқыр мен иір-қиыр жерден қашады. Ал айнала толған бала екенін ескерсек, қауіптілігі тіпті орасан.

    Жалпы аудан орталығы Шонжы ауылындағы көшелердің 50-60 пайызы асфальтталған. Жаңа қосылған ықшамаудандарды қоспағанда бұрыннан келе жатқан 133 көшенің 100-ге жуығы жасалған. Солардың қатарында Абай көшесі де бар екені анық. Бірақ бұл көшенің сыйқы анау. Биыл аудан орталығындағы 2,9 шақырым көшені асфальттау үшін 280 миллион теңге бөлінген. Олар – Уәлиханов, Қыдырбаев, Қарақұл батыр көшелері. Сонымен қатар Абай көшесінің күншығысындағы 200 метр жер де биыл жөндеу жұмысына кіргізілмек. Бірақ халықтың көп қатынайтын негізгі тұсы сол жырым-жырым күйінде қалмақ.

    «Балам кішкентай болғандықтан, күнделікті сабағына көлікпен тасымалдаймын. Амалсыз осы Назугум, Абай көшелерімен жүремін. Өйткені қалай айналсақ та мектепке осы көшемен келуге тура келеді. Көлігім жаңа болса да жылына бірнеше рет жөндетеміз. Орталық көше болса да осы күнге дейін жасалмай тұрғанына таңбыз. Жалпы Шонжыда бұл ғана емес, мұндай жырым-жырым, жамау-жасқау көшелер өте көп. Қашан жөнделіп, түзу жолмен жүреді екенбіз? Жасалғандарының өзі 1-2 жылда қайтадан ойылып жатады. Сапаға қарайтын жан бар ма?» – деп өкпесін жеткізді мектеп жанында баласын күтіп тұрған, өзін Шонжы ауылының тұрғынымын деп таныстырған Ержұма есімді ағамыз. Ал Абай мен Назугум көшелерінің қиылысында нәпақасын табу мақсатында отырған таксист ағаларымыз газеттен екенімізді біле сала «Жазыңдаршы, айтыңдаршы, ең болмаса басшылық ақпарат құралдарына құлақ асар», – деп бізге үмітпен қарады. Айтарға сөз таппай, ұялғаннан біз де жерге қарадық. Кінәні өзімізден іздегендей болдық.

    Абайдың атын әзер иемденген көшеміз енді қашан жөнделеді? Бұл ретте аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дамир Исмаиловтан «Келесі жылға Абай, Абдразақов, Назугум көшелерін жасау үшін жоба жасамақпыз. Ол сараптамадан өтсе, қаржы қарастырылады», – деген жауап алдық.

    Абай көшесінің жыры жалғасып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Сонда құзырлы мекемелер бұл мәселені шешуге енді ғана кіріскен бе? Осы уақытқа дейін тұрғындардың жанайқайына ешкім назар аудармаған ба? Әлде «Тоқ бала аш баламен ойламайдының» кебі ме? Оның үстіне келер жылы бұл көшенің жасала қоярына халық та сенуден қалған. Бұл уәдені Құдай сөзі санайтын басшылықтың азайғанынан шығар, бәлкім?

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

    Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

    8 months ago
    Алматы облысында ауқымды логистикалық парк құрылады

    Алматы облысында ауқымды логистикалық парк құрылады

    1 year ago
    Атом энергиясын дамыту қажет

    Атом энергиясын дамыту қажет

    8 months ago
    Жаңа құрам сайланады

    Жаңа құрам сайланады

    4 months ago
    Кәсіпкерлік қарқын алды

    Кәсіпкерлік қарқын алды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.