-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақын есімі ұлықталды

    16.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Ақын есімі ұлықталды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылындағы Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейінде ақынның 210 жылдығына арналған шара өтті. Оған ауданға қарасты мектептердің тарих пәні мұғалімдері, ауылдық Мәдениет үйі мен кітапхана қызметкерлері қатысты.  

    Тарихшы-ұстаздар Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасап, жас өнерпаздар ел арасына кең таралған айтыстарынан үзінді орындады. Шығыс Қазақстан облысынан келген тарих пәні мұғалімі Жадыра Оралбекқызы өз сөзінде Сүйінбай музейінен алған әсерімен бөлісіп, бұл мұражайды ғасырлар қойнауынан сыр шертетін асыл мұралар мекені деп бағалады. Сонымен қатар Сүйінбай Аронұлының шөпшегі Үсен Дайрабаев өзінің естелігімен бөлісті. Шараға қатысушылар ауыл сыртындағы ақын кесенесіне барып, рухына тағзым етті.

    Шиен ауылдық кітапханасында да арқалы ақынның мерейтойына арналған іс-шара өтті. «Ел тарихындағы елеулі тұлға» атты әдеби-танымдық кешке осындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен кітапқұмар жастар қатысты. Мұнда келушілер назарына «Менің пірім – Сүйінбай» атты кітап көрмесі ұсынылды.

    Бұл шаралар ұлтымыздың ұлы перзенттерінің бірі – Сүйінбай бабамыздың есімін ұлықтап, баға жетпес мұрасын жаңғыртуға арналды. Ол – өзінің өлең-толғауларымен, сұңғыла айтыскерлігімен ұлттық жырымызды биікке көтерген ұлы тұлға. Даңқы Алатаудан асып, бүкіл қазақ даласына жеткен. Бір өзі бір ғасырдың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап өткен көркем шежіре. Ақын шығармалары – еліміздің асыл қазынасы. Жыр дүлдүлінің артына қалдырған өшпес мұрасы – бүгінгі ұрпаққа өнеге болып қалары сөзсіз.

    Баян БИКТАСОВА,

    Шиен ауылдық кітапханасының қызметкері

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Ел сенімін ақтайды деген үміттеміз!

    Ел сенімін ақтайды деген үміттеміз!

    2 years ago
    Жас ұрпақ жадында

    Жас ұрпақ жадында

    2 weeks ago
    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    Көпшілік қолдаған істе береке бар

    10 months ago
    Үкімет жылу желілерін  тексеруді 1 маусымға дейін аяқтауды тапсырды

    Үкімет жылу желілерін тексеруді 1 маусымға дейін аяқтауды тапсырды

    2 years ago
    Көк күмбез кімге көзтүрткі?

    Қажыға құрмет

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.