-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында «Денсаулық бұрышы» акциясы жалғасын тапты

    26.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында «Денсаулық бұрышы» акциясы жалғасын тапты
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы ұйымдастырған игі шара биыл Қонаев қаласындағы «Жетісу» базары, «Qonaev city» сауда орнында және халық көп шоғырланған қала орталығында өткізілді. Акция аясында тұрғындарға тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Шарада халыққа МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтер түсіндірілді. Мамандар науқастардың құқығы туралы айтып, ақпараттық жадынамалар таратты. «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болатынын баса айтты.

    «Акция Алматы облысында былтыр бастау алып, өз жемісін беріп отыр. Халық білікті мамандардан кеңес алып қана қоймай, денсаулығының жай-күйін біле алады. Халық арасында МӘМС жүйесіне қатысты қандай сауалдары барын да білуге келдік. Жалпы, өткен жылы Алматы облысы бойынша медициналық көмек алуға қатысты пациенттерден Қорға СРМ жүйесі арқылы 3594 өтініш түсті, оның 1642 – шағым. Құрылымы бойынша қарайтын болсақ, өңір тұрғындары негізінен емханалардағы медициналық қызметтің сапасына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту және стационарлардағы сапасыз медициналық көмекке қатысты шағымданады», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облыстық филиалының бас эксперті Әмина Құдайберген.

    Мамандар Қор диалогқа ашық екенін айтып, азаматтарды олардың құқықтары бұзылған немесе медициналық қызметтерден бас тартылған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады. Өтінішті Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, msqory.kz сайты және Telegram-да @ Saqtandyrýbot арқылы қалдыруға болады.
    Мұнымен қоса, акцияға қатысушыларға Қалалық отбасылық медицина орталығы бейінді дәрігерлері кеңес беріп, тұрғындарды өз денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды. Келушілердің артериялық қысымын өлшеп, уақытылы скринингтен өту арқылы қауіпті ауруларды дер кезінде анықтаудың маңыздылығын жеткізді. Мұнымен қоса қант диабетін анықтау үшін қан алып, тексеру жүргізді. Нәтижесі бірден айтылды. Бұл өз кезегінде тұрғындар үшін өте тиімді.
    «Біздің акциямыз аурудың алдын алуға арналған профилактикалық шара. Жоғары қан қысы, қандағы қант деңгейінің жоғарылауы ауыр ауруларға алып келеді. Сондықтан біз осы дерттің алдын алуға бағытталған тексерулерді жүргіздік. Кейбір тұрғынға дәрі-дәрмек беріп, алғашқы көмек көрсеттік. Тіптен ары қарай емделуге дәрігер нұсқауы берілді», – дейді Қонаев қаласы отбасылық медицина орталығының дәрігері Ботагөз Рашидқызы.

    Дәрігерлер емханаға тіркелу жолдары, аурдың алдын алуда скринингтің маңызын, тегін дәрі-дәрмек алу жолдары, пациент құқығы туралы кеңінен түсіндірді. Өз кезегінде тұрғындар мұндай акцияның өткеніне дән риза.
    «Жиі өтіп тұрғаны жақсы. Өйткені, ауруханаға баруға көп жағдайда уақыт тапшы болып жатады. Сондықтан мұндай акциялар бізге керек. Қан қысымым жоғарылап кетіпті. Дәрігер емханаға қаралуға шақырды. МӘМС-тің мүмкіндіктерін де сұрап алдым. Тұшымды жауап берді. Ауырмайтын адам жоқ. Сондықтан ала бұл кеңестер міндетті түрде керек», – дейді қала тұрғыны Қарлығаш Накушева.
    Алматы облысында «Дәрігер бұрышы» акциясы алда да жалғасын табады.

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облыстық филиалы

    Ұсынымдар

    ҚазҰУ-лық ғалым-оқытушылар оқушылармен рухани кездесу өткізді

    ҚазҰУ-лық ғалым-оқытушылар оқушылармен рухани кездесу өткізді

    2 years ago
    Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

    Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

    2 years ago
    Бір шаңырақ астында

    Бір шаңырақ астында

    3 months ago
    Ұзамай бәрі өз қалыбына  түседі деп үміттенеміз

    Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру жайы талқыланды

    2 years ago
    Қонаевта 13 000 оқушы ағаш тұқымын егу рәсіміне қатысты

    Қонаевта 13 000 оқушы ағаш тұқымын егу рәсіміне қатысты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>