-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әскердегі заң мен тәртіп

    12.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам, Құқық-заң
    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    Фото: baq.kz

    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, заң бұзушылықтардың себептері мен салдарын жою, сондай-ақ әскери тәртіпті қатаң сақтау бағытында әскери органдармен бірлесіп нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.

    Әскери прокурордың төрағалық етуімен ведомствоаралық кеңестер өткізіліп, гарнизондағы өзекті мәселелер сараланып, оларды шешуге бағытталған нақты іс-шаралар айқындалады. Әскери мекемелерге тиісті ұсынулар жолданып, олардың орындалуы бақылауға алынады.

    Қазіргі таңда профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа әдістер мен заманауи технологиялар белсенді қолданылуда.

    Мәселен, әскери бөлімдерде құқық бұзушылықтарға, әсіресе сарбаздар арасында әлімжеттікке жол бермеу үшін барлық казармалар мен нысандарда бейнебақылау жүйелері орнатылған.

    Сонымен қатар, әскери бөлімдерде «Жауынгерлік дос», «Серіктес», «Пирамида» жүйелері енгізілген. Бұл жүйелер сарбаздардың бір-біріне қолдау көрсетуін, өзара бақылауды күшейтуді және топ ішінде сенімді қарым-қатынас орнатуды көздейді. Әр сарбаздың жанында сенімді серігі болады, олар жұптасып немесе топтасып бір-бірінің жағдайын қадағалайды. Мұндай тәсілдер әлімжеттік пен басқа да заң бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.

    Алматы гарнизонында профилактикалық жұмыстарға әскери полиция бөлімінің заманауи техникалармен жабдықталған арнайы кабинеттері де жұмылдырылған. Бұл жерде әскери қызметшілер заңдық көмек ала алады.

    Сарбаздар мен олардың ата-аналары арасында байланыс орнату мақсатында мессенжерлік «чаттар» ашылып, «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі ұйымдастырылған. Мұндай шаралар сарбаздың да, оның жақындарының да көңіл-күйіне оң әсер етеді.

    Заң бұзушылықты тек жазалау емес, алдын алу маңызды. Осы бағытта Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы және қылмыстық қудалау органдары бірқатар ауқымды жұмыстар атқаруда. Жасырын сауалнамалар арқылы сарбаздар арасындағы көңіл-күй, ішкі ахуал зерттеліп, лудомания, алкоголизм, нашақорлық және суицидтің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Күнделікті тексерулер арқылы сарбаздардың дене жарақаттары, жалпы жағдайы үнемі бақылауға алынады. Әрбір жағдайдың мән-жайы толық анықталып, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

    Бұдан өзге атқарылған жұмыстардың нәтижесі ретінде 2025 жылдың алғашқы үш айында Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының қадағалау актілері арқылы 78 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп, оның 6 миллионы мемлекет бюджетіне түсті. 324 мың теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды. Сонымен қатар, заңсыз иемденілген 358 миллион теңгенің мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – әскери прокуратураның жұмысының нақты нәтижесі. Заң бұзушылықтың салдарын түсіндіру мақсатында әскери қызметшілерді сот процестеріне қатыстыру тәжірибесі де қолданылуда. Бұл әдіс – құқықтық мәдениетті қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

    Әскери қызметтегі заң бұзушылықтар мен теріс жағдайлардың алдын алу мақсатында сот процестеріне әскери қызметшілерді қатыстыру, оларға жазаның салдарын көрсету жұмыстары жүргізілуде.

    Болашақта да әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауға, әскери тәртіпті нығайтуға және инфрақұрылымды дамытуға өз үлесін қоса бермек.

    А. Ақберген

    Алматы гарнизонының әскери прокуроры,

    әділет полковнигі

    Ұсынымдар

    Заманауи емхана ашылды

    11 months ago
    Елдігімнің белгісі

    Рәміздерім ұлтымның құндылығы

    11 months ago
    Кеңесіп пішкен тон келте болмас

    Кеңесіп пішкен тон келте болмас

    3 weeks ago
    Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

    Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

    2 years ago
    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>