-13 °c
Qonaev
Thursday, June 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балқаштың батырына тағзым

    23.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Балқаштың батырына тағзым
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін жан аямай, майдан даласында қасық қаны қалғанша шайқасып, осы жолда шейіт болған қаншама есіл ерлер жат жердің топырағын жастанды. Қанды қырғында ерлікпен көз жұмған боздақтардың бірі – Балқаштың перзенті, Ресей батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы Бақтыораз Бейсекбаев.

    Батыр ерлігін жастардың санасына сіңіру мақсатында Балқаш аудандық Мәдениет үйінде «Халық қаһарманы  – Бақтыораз» атты отаншылдық рухты дәріптейтін облыстық конференция өтті. Шараға арнайы шақырылған қонақтар Мәдениет үйіне кірген сәтте аудандық балалар өнер мектебінің ұлт аспаптар ансамблі күмбірлете күй шертсе, аудандық кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Кеште Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов Жеңіс қарсаңында атқарылған іс-шараларға кеңінен тоқталып, Бақтыораз Шәмпекұлының ерлік жолы – бүгінгі ұрпаққа өнеге екенін атап өтті.

    Бұдан кейін аудандық кітапхана өткізген эссе байқауының үздік мақалалары топтастырылған «Балқаштың батыр ұланы» атты кітаптың тұсауы кесіліп, жүлдегерлерге Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

    Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Алматы облысының Құрметті азаматы, жерлесіміз Әли Әпекұлы мен облыстық кітапхананың директоры Ғалия Тоқабаева батырдың қан майданда көрсеткен ерлігіне тоқталып, ұйымдастырылған іс-шараға жоғары баға беріп, ризашылығын білдірді. Бақтыораз Бейсекбаевтың ұрпақтары атынан сөз алған Жанымкүл Шәмпекова өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.

    Жерлесімізді еске алуға арналған іс-шара барысында аудандық Мәдениет үйі жанынан құрылған «Бақанас» театрының әртістері ағасы Бейсекбайдың Бақтыораз бауырын соғысқа шығарып салған сәтін сахналап,  аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап еске алу шарасының мазмұнын арттыра түсті.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Талай адамның өмірін ұзартты

    Талай адамның өмірін ұзартты

    5 months ago
    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне дайындық жұмыстары жалғасуда

    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне дайындық жұмыстары жалғасуда

    2 months ago
    Екпе салдыру – ұжымдық денсаулық кепілі

    Екпе салдыру – ұжымдық денсаулық кепілі

    2 years ago
    Бастамаға  қолдау көрсетті

    Бастамаға қолдау көрсетті

    9 months ago
    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.