-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бір мезетте екі орталық ашылды

    23.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Бір мезетте екі орталық ашылды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Кегенде бір мезетте екі орталық ашылды. Бірі – Отбасын қолдау орталығы болса, екіншісі – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы. Қос мекеменің жұмысы қоғамдағы отбасы институтын нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

    Салтанатты шараға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова, облыстық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Жәния Сақташева, облыстық қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзақова, облыстық аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Жошыбаева, ұлағатты ұстаз, ғалым Сағатбек Медеубекұлы, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

    – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында өңірде халыққа қызмет ететін екі бірдей орталық ашылып отыр. Облыс әкімінің қолдауымен осынау игі жұмысты ұйымдастыруға атсалысқан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына алғыс білдіреміз. Арнайы мамандар әр отбасы бақытты өмір сүру үшін қызмет ететін болады. Ашылып отырған қос мекеме құтты болсын! – деген аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы қуанышты сәтпен құттықтай келе, аудандық Отбасын қолдау орталығына су жаңа автокөліктің кілтін табыс етті.

    Кеген аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Сабыр Досымбеков бастаған қонақтар жаңа орталықтардың лентасын қиды. Аудан ақсақалдары ақ батасын беріп, мемлекеттік қолдауға ризашылықтарын білдірді.

    Қамыққанға көңіл бөліп, бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуде Отбасын қолдау орталығының маңызы зор. Енді бұл мекемеге кез-келген отбасы келіп, құқықтық психологиялық бағытта көмек ала алады. Медиатор, психолог, заңгерді іздеген жандардың да осы жерде мамандардың тегін кеңесіне жүгінуге толық мүмкіндігі бар.

    – Негізгі мақсатымыз – жағдайы нашар, өмірлік қиындықтарға тап болған отбасыларға көмек көрсету. Осы бойынша жұмыстар атқарудамыз. Орталықта штат бойынша 10 маман – директор, құрылымдық бөлімнің басшысы, психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкерлер бар, – деді аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Біләл Мәсімбаев.

    Алдағы уақытта жаңа мекеме түрлі тренингтер мен семинарлар, ата-аналарға арналған  шеберлік сағаттар ұйымдастырып, отбасы институтын нығайту жолында еңбек етпек.

    Ал Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы егде жастағы азаматтардың өмір сапасын жақсартуға арналған. Бұл орталық үш бағытта жұмыс істейді. Белсенді өмір сүру, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс. Арасында ағылшын, цифрлық сауаттылық курстары және мотивациялық тренингтер де бар. Қарияларға медициналық, психологиялық, құқықтық, ағартушылық және өзге де көмек көрсетіледі. Олардың алаңсыз тынығып, салауатты өмір салтымен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда аталған мекеме аудандағы Жастар ресурстық оралығы ғимаратында орналасқан.

    «Облыстағы 9 аудан мен 2 қалада Отбасын қолдау орталығы мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Қазіргі таңда ғимарат тапшы, 2026-2027 жылдарға қарай осы мәселені түбегейлі шешуге күш саламыз, – деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова.

    Ауданда жаңадан ашылған қос мекеме қызметкерлерінің көмекке мұқтаж отбасыларды қолдап, қазыналы қарттардың денсаулығын нығайту жолындағы қызметіне сәттілік тілейміз!

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Ұшуды армандайтындар үшін…

    Ұшуды армандайтындар үшін…

    2 weeks ago
    Өткен күн ұмытылмасын

    Өткен күн ұмытылмасын

    6 months ago
    АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы

    АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы

    8 months ago
    Қонаев қаласында құқық қорғау органдары жаттығу өткізіп жатыр

    Қонаев қаласында құқық қорғау органдары жаттығу өткізіп жатыр

    2 years ago
    Жыл басынан бері 143,2 мың адам жұмысқа орналасты

    Жыл басынан бері 143,2 мың адам жұмысқа орналасты

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>