-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Бірлік» фестивалі: Қонаевта Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шаралар өтті

    01.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Мереке, Экология
    «Бірлік» фестивалі: Қонаевта Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шаралар өтті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және «Таза Қазақстан» мемлекеттік акциясы аясында Шеңгелді ауылында 10 мың ағаш отырғызылды. Бұл экологиялық бастама – Алматы облысындағы алғашқы орман-климаттық жобаның бір бөлігі. Ол тозған ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіруге және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

    Мерекелік іс-шаралар Қонаев қаласында жалғасын тапты. Қаланың шетінде жаңа жасыл белдеу іргетасы қаланды. Жобаның мақсаты – көміртек мөлшерін азайтып, тұрақты орман экожүйесін қалыптастыру.

    Қала орталығындағы алаңда этномәдени көрме ұйымдастырылды. Қазақ, шешен-ингуш, кәріс, татар-башқұрт, орыс, ұйғыр, түрік және тәжік диаспораларының өкілдері ұлттық тағамдарын, қолөнер бұйымдарын ұсынып, «Ауыл шеберлері» этноаймағында шеберлік сабақтарын өткізді.

    Фестиваль Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған қауымды құттықтады:

    – «Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – достықтың, өзара түсіністік пен келісімнің нышаны. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді халқымыз. Этностар арасындағы ауызбіршілік пен сыйластықтың арқасында еліміз дамып, алға басып келеді. Қазақстанның басты жетістігі – ұлтаралық келісім. Біз оны сақтап, нығайта білуіміз керек», – деді аймақ басшысы.

    Мерекенің маңызды сәттерінің бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыстау болды. Бұл марапатты 17 этномәдени бірлестіктің белсенді мүшесі иеленді.

    Бағдарлама ұлттық киімдер шеруімен және Б.Соқпақбаев атындағы саябақта өткен «Бірлік жүгіруімен» аяқталды. 300-ге жуық адам қатысқан бұл спорттық бастама бірлік идеясының – тек мәдени құндылық емес, өмір салты екенін айқындады.

    Ұсынымдар

    Өмірі еңбекпен өрілген

    Өмірі еңбекпен өрілген

    2 months ago
    Ізгі жандарға құрмет

    Ізгі жандарға құрмет

    2 years ago
    Полиция басшысы азаматтармен кездесті

    Полиция басшысы азаматтармен кездесті

    1 year ago
    Алматы облысының әкімі бірқатар басшылар мен аудан әкімдерін сынады

    Алматы облысының әкімі бірқатар басшылар мен аудан әкімдерін сынады

    2 years ago
    Инвестиция  –  ел игілігі

    Инвестиция – ел игілігі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.