-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 700 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ТЕКСЕРУ ЖАСАЛМАҚ

    26.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым
    БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 700 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ТЕКСЕРУ ЖАСАЛМАҚ
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Биыл Алматы облысында 700 шақырымнан астам жол диагностикадан өтеді. Оның 500 шақырымнан астамы күтіп ұстау санатына жатса, 100 шақырымнан көбі кепілдікте тұрған жол. Бұл аймақтық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі шаралардың бір бөлігі. Жұмыс жыл сайын кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Айта кету керек, табиғи факторлар мен ауа райының қолайсыз жағдайлары жолдардың тозуына әкеп соғады. Сонымен қатар, жол құрылысына пайдаланылатын материалдардың сапасына да ерекше назар аударылуда. Сараптамалық деректерге сүйенсек, 2023 жылы қолданылған құрылыс материалдарының 41 пайызы стандартқа сәйкес келмесе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 27 пайызға дейін төмендеген. Яғни, жол сапасына деген талаптың күшейгенін және саладағы бақылау тетіктерінің тиімділігі артқан.

    «Көктемде қар ерігеннен кейін ғана жолдың нақты жағдайын анық байқауға болады. Алдымен күтіп ұстауға жататын жолдарды тексереміз. Қай жерлерде ақаулар бар екенін тіркеп, ай сайын Көлік комитетіне тиісті ақпарат ұсынамыз», – дейді «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Қанат Хамитжанов.

    Жалпы, Алматы облысында жол сапасын жақсартуға арналған бірқатар ауқымды жобалар қолға алынған. Атап айтқанда: 13 республикалық маңыздағы жоба, 13 облыстық деңгейдегі жоба және 126 көше жолын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Ұзынағаш-Отар бағыты мен Құлжа тас жолында құрылыс жұмыстары басталған. Сонымен қатар, Іле және Қарасай аудандарындағы облыстық жолдарға да жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

    «Бірден мінсіз деп айту қиын, алайда көрсеткіштің төмендеуі – дұрыс бағыттағы өзгерістердің белгісі. Әр материал арнайы QR-код арқылы таңбаланады. Біз оны планшет арқылы жүйеге енгізіп, зертханаға тапсырамыз. Мұның бәрі ашықтық пен нақты бақылауға мүмкіндік береді», – дейді Қанат Хамитжанов.

    Айта кетейік, жолдардың сапалы әрі ұзақ мерзімді болуы – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың күнделікті тұрмысына және қауіпсіз қозғалысына тікелей әсер етеді. Сол себепті қалааралық, ауданаралық жолдардың сапасын арттыру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында.

    Ұсынымдар

    Шәмшінұр Нұрақызы,  «Алатау жарық компаниясының» Жамбыл аудандық бөлімшесінің электр маманы: Электр энергиясы – тіршілік күретамыры

    Шәмшінұр Нұрақызы, «Алатау жарық компаниясының» Жамбыл аудандық бөлімшесінің электр маманы: Электр энергиясы – тіршілік күретамыры

    2 months ago
    Әлеуметтік кодекстің мәні

    Алматы облысында 87 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

    10 months ago
    Шарын тұрғындарына газ қосылды: Ұйғыр ауданында газбен қамту желісі кеңейіп жатыр

    Шарын тұрғындарына газ қосылды: Ұйғыр ауданында газбен қамту желісі кеңейіп жатыр

    1 week ago
    «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы өтті

    «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы өтті

    11 months ago
    Медициналық ұйымдар қаржыландырылды

    Медициналық ұйымдар қаржыландырылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>