-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Болашақтың қаласы

    26.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография
    Жасыл қала: Қонаевта 70 мың гүл егілді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде Қонаев қаласының тұрғындарының саны азая түскені туралы ақпарат тарады. Ол мәліметке жүгінсек, соңғы бір жылда облыс орталығы халқының саны 8,2 пайызға азайып, демек, 65900 адамға кеміген. Алайда, ақпарат таратушы  Data Hub тілшілері бұл құбылыстың нақты себебін түсіндіре алмаған. Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі мәлімдеме жасады.

    «Баршаға мәлім, 2024 жылдың 9 қаңтарында Алатау қаласы құрылды. Оған Қонаев қаласы аумағындағы Заречный, Арна ауылдары толығымен енгізілді. Сәйкесінше, қала халқының саны азайды. 2023 жылы Қонаев тұрғындарының саны 70512 болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 65024-ке төмендеген. Алайда, халық саны қайта өсіп келе жатыр, қазіргі көрсеткіш 65934-ті құрап отыр. Осы себептен, халық арасында «Облыс орталығы өмір сүруге қолайсыз қала» деген жаңсақ пікір тудырмауларыңызды сұраймыз», – деп жазды әкімдік.

    Жалпы облыс орталығы мәртебесін алғалы Қонаев қаласына Талдықорғаннан қоныс аударған қызметкерлер баршылық. Сонымен қатар облыстық деңгейдегі департамент, басқармалардың осында ауысуына, жаңадан жұмыс орындарының ашылуына, құрылыстың қарқынды жүруіне орай Алматыдан да қатынап, жұмыс істеп жатқандардың қатары көп. Мұның өзі жаңа келбетке еніп, жаңара түскен Қонаев қаласының болашағы зор екенін көрсетеді. Алдағы уақытта Алматы қаласындағы бірқатар оқу орындарын Қонаевқа көшіріп, филиалдарын ашу да жоспарда бар. Мұнымен қоса, қала қарқынды дамып, туристік нысан болып табылатын Қапшағай су қоймасының жағалауы жасалып, жаңа келбетке енуде. Демек, демалушылар үшін бүгінгі таңда барлық жағдай жасалуда. Осы тұрғыдан алғанда да шаһардың даму әлеуеті зор.

    Қонаев қаласының бүгінгі беталысы қандай? Облыс орталығы мәртебесін алғалы өзгерістер орын алуда ма? Бұл турасында тұрғындардан сұрап көрген едік.

    Сергей Горяной, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы:

    «Қонаев қаласы облыс орталығы атанғалы бойына қан жүгіріп, жан біткендей. Күнде түрлі мәдени, спорттық шаралар өтіп жатады. Оның ішінде жазғы және қыстық дрифт шоу, Оушенмэн, марафон, жарыстар бар. Осының өзі-ақ қала тіршілігіне ерекше өзгеріс енгенін көрсетеді. Тұрғындардың демалуына қолайлы орта жасалып, денешынықтырушылардың саны артқан. Оның дәлелі – Кроссфит алаңы мен жаңа жағажайлар. Шомылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Инвестициялық жобалар да жүзеге асуда. Тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алды. Тізбектеп айта берсек, көп әрине. Халық саны азайды деп айта салу – оңай. Ел ішінде не болып жатқанына аса мән беру қажет», – деді ол.

    Бұл орайда «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділет Айтқазы да өз ойын білдірді.

    «Қонаев қаласының тұрғындары әрқашан бірлесе қызмет етеді. Оны азаматтық ұстанымдарынан аңғаруға болады. Қаладағы мәселелерді көтеріп, оның шешілуіне бір кісідей атсалысады. Халық саны маңызды шығар, алайда, оның күнделікті тіршілігі одан да маңыздырақ. Бас жоспар бойынша тұрғындар саны 200 мың болады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде 65 мыңнан асып тұрсақ, бұл межеге тез арада жетеміз. Жоспарда анықталғандай, «Жаңа Іле» аумағы игеріліп, Академиялық қалашық салынса, қоныстанушылардың саны артып, шаһар дамиды. Қазірдің өзінде даму қарқыны жаман емес. Бір сөзбен айтсақ, Қонаев – болашақтың қаласы», – деді ол.

    Міне, байқап отырғандарыңыздай, Қонаев қаласында қайнаған тіршілік орын алуда. Шаһар тұрғындарының алдағы күннен үміті зор. Өйткені, Қапшағай көлінің жағалауындағы әсем қала күн санап көріктене түсуде.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    Баскетбол чемпионатының жартылай финалы аяқталды

    Баскетбол чемпионатының жартылай финалы аяқталды

    7 months ago
    Мереке кәдесі

    Мереке кәдесі

    3 months ago
    Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты қалай болдырмау керек?

    Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты қалай болдырмау керек?

    1 year ago
    Жүзге таяған соғыс ардагері дауыс берген күн

    Жүзге таяған соғыс ардагері дауыс берген күн

    2 years ago
    Бала қауіпсіздігі – басты назарда болуы тиіс

    Бала қауіпсіздігі – басты назарда болуы тиіс

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.