-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ерлік үні

    01.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қорғаныс
    Ерлік үні
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Биылғы Ант қабылдау рәсімі бүкіл ел болып ұлықтап жатқан Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен қатар келіп отыр. Сол себепті де көктем айында шекарашылар сапына алынған жас сарбаздар үшін бүгінгі шараның маңызы зор.

    ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің оқу базасында өткен рәсімде 500-ге тарта жас сарбаз Отанына адал қызмет етуге салтанатты түрде серт берді. «Сарбаз болдым, мінеки» демекші, осы сәттен бастап, Отан қорғаушылардың қатарына қосылған жас сарбаздардың жас ғұмырларындағы ең бір сәулелі сәтке куә болу үшін алыстан ата-ана, туған-туыстары мен достары келді. Атап айтарлығы, алаңда сап түзеген жас сарбаздар әскерге республикамыздың барлық өңірлерінен алынған.

    Сонымен қатар, шараға «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі Президиумының төрағасы отставкадағы генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков, Шекара қызметінің сардары, әскери ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әскери ғылымдары академиясының академигі, отставкадағы генерал-майор Шынтас Өтепов және Наурызбай ауданының құзырлы органдарының өкілдері қатысты.

    Еліміздің Әнұраны орындалған соң кезек Ант қабылдау рәсіміне берілді. Сарбаздардың біркелкі жүрістері мен қимыл-қозғалыстарына қарап, өздерінің әскери тәртіпке төселіп, темірдей қатал өміріне қалыптасып үлгергенін байқауға болады.

    Сарбаздар департамент бастығы полковник Әлібек Амангелдіұлы Каюпов бастаған лауазымды тұлғалар мен аға буын сардарлардың алдында ант берді.

    Бұдан әрі рәсімнің негізгі бөлімі – нағыз шекарашыға айналған сарбаздарды құттықтауға кезек берілген. Шара қонақтары Отан қалқандарының алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

    Шара үстінде департамент бастығы полковник Әлібек Каюпов көпшілік алдына «Срочник 2.0» бағдарламасын жеңіп алған «Көктем-2024» шақырылымының жеті сарбазына сертификат тапсырып, Отан алдындағы қызметтеріне алғыс білдірді. Айту керек, сертификаттар – сарбаздардың өздері қалаған жоғары оқу орындарына берілетін зор мүмкіндік.

    Шекарашылардың кез келген шарасын департаменттің сайыпқырандарысыз елестету мүмкін емес. Олар жиналған қауымға қоян-қолтық ұрыспен бірге шекара бұзушыны құрықтаудың әдіс-тәсілдерін шебер көрсетті. Сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметі Қызметтік кинологя басқармасының кинологтары ортаға ұлтымыздың брендіне айналып үлгерген тазы, төбетпен шығып, олардың өнерін паш етті. Тағы сарбаздардың ата-ана, бауырлары мен достары алдарынан сап түзеп өткен атбегілер мен олардың қызмет аттарының өнерін тамашалды

    Жиыннан кейін департаменттің жауапты тұлғалары ата-аналармен кездесіп, көпшілікті толғандырған сауалдарға тұщымды жауап берді.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА, 

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    «Аманат» партиясынан Мәжіліске баратын депутаттар тізімі жарияланды

    «Аманат» партиясынан Мәжіліске баратын депутаттар тізімі жарияланды

    2 years ago
    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    2 years ago
    Шалғайдағы ауданның жай-күйі. Әкімнің Райымбек ауданы тұрғындарына есеп беру кездесуі қалай өтті?

    Шалғайдағы ауданның жай-күйі. Әкімнің Райымбек ауданы тұрғындарына есеп беру кездесуі қалай өтті?

    2 years ago
    Дәруменге де дәрігер кеңесі керек

    Дәруменге де дәрігер кеңесі керек

    6 months ago
    Имандылық әліппесін үйренді

    Имандылық әліппесін үйренді

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.