-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қаракемерден шыққан қос батыр

    08.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Қаракемерден шыққан қос батыр
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылынан шыққан қазақтың қос батыры – Қашаған Жаманқараев пен Рақымжан Тоқатаевтың ерлігі мен еліне сіңірген есіл еңбектерін бүгінде аудан жұрты мақтанышпен айтады.

    Бар-жоғы 22 жасында Рақымжан Тоқатаев КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болып, III дәрежелі «Даңқ орденімен» марапатталған. Батырдың бұл ерлігін 1945 жылы «Сталинское знамя» атты майдан газетi:  «Н… елдiмекенi маңайында болған оқиға бiздiң бөлiмге, тiптi, бүкiл әскери құрамға танымал болды. Сержант, 76 мм. зеңбiректiң көздеушісi, Рақымжан Тоқатаев танкке қарсы жауынгерлiк ерлiк көрсетiп, бiр ұрыста 13 немiс танкiсi мен броньды техникасын жойды» деп жазып, тарихқа таңбалады.

    Рақымжан Тоқатаев – 1923 жылы 5 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. Қаракемердегі жедел дайындайтын мұғалімдер курсын тәмамдап, сондағы жетіжылдық мектепте математика, физика пәндерінен сабақ беріп, еңбек жолын ұстаз болып бастайды. 1941 жылы тамызда әскерге алынып, Алматының Малая станицасындағы бекiнiсте болған Рақымжанды артиллерия училищесiне алмай, жасақталған атты әскер полкiне жiбередi. Кейiн Тастақта бөлiмше командирлерi курсына оқуға барған. Одан Ташкент маңындағы Шыршық қаласында артиллерия училищесiнде көздеушi мамандығын оқиды. Сол жерден 1943 жылы мамыр айында соғысқа аттанды. 4-Украина майданының Қызыл тулы Станиславск артиллериялық 1672 атқыштар полкында көздеушi болады. Алғашқы ұрыс Днепрде, 1-Украин майданында басталды. Одан кейiн Киев, сосын Житомир, Фастово, Винницк, Бердичев және тағы да басқа қалаларды азат етуге қатысқан. Бұдан басқа Батыс Украинаны, Иваново-Франково, Мукачев, Ужгород жерлерiн жаудан босатуға атсалысып, әрi қарай Венгрия мен Чехословакияны фашист басқыншыларынан азат ету жорықтарына қатысты. «Прага қаласын азат етуде Жеңiске жеткендiгiмiз туралы хабарды естiгенде қуанышымызда шек болмаған едi. Бiрiмiздi-бiрiмiз танысақ та, танымасақ та құттықтап жаттық. Бұл соғыс мәңгiлiк болып кеткендей көрiнiп едi. Мен Жеңiс күнiн сол 1945 жылы мамырдың 9-ында Чехословакияның Оламауц қаласында қарсы алдым. Ол жерден менi мұғалiм болғандығымнан елге қайтарды» деген батырдың естелігі қалған.

    Қан майданды көрген, Жеңіс күнінің бір табан жақындай түсуіне өлшеусіз үлес қосқан батыр бейбіт күнде де елі мен жеріне еңбек етуді өз парызы санады. Соғыстан кейiн Абай атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетiн тәмамдап, білім саласындағы қызметіне қайта оралып, көп жылдар еңбек етеді. Ұстаздық жолында талай білімді шәкірт тәрбиелеп, мектеп директоры қызметіне дейін көтеріледі. 2011 жылы 88 жасында дүниеден озды. Рақымжан Тоқатаев жұмыс істеген бұл білім ордасы бүгінде хас батырдың есімімен аталады. Сондай-ақ аудандағы бірнеше көшеге де Рақымжан Тоқатаев есімі берілген.

    Қаракемерден шыққан Кеңес одағының Батыры атағына ие қайсар қазақтың бірі – Қашаған Жаманқараев. 1910 жылы 8 мамырда дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған Қашаған шешесі Салиха мен ағасы Мұхамеджанның тәрбиесінде өскен. Білімді, алғыр бозбала ұжымшарда есепші болады. Кейін ұжымшар басқармасының хатшысы, аудандық соттың хатшысы қызметтерін атқарған. Отан алдындағы парызын биік қойған ержүрек жан өз еркімен сұранып, майданға аттанған. «Бізді Жамбыл облысынан шыққан пойызға отырғызып, Гороховетск стансасына келгенде учаскелерге бөлді. Мені 1107 артиллериялық бригадаға жіберді» дейді Қашаған ата естелігінде.

    Украина майданындағы 13-армиясы 1-гвардиялық артиллериялық зеңбірек дивизиясының командирі, гвардия аға сержанты Қашаған Жаманқараевтың жауынгерлік даңқ пен ерлік жолы Днепр өзені, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көрінді. «Романовка селосы маңында жау қорғанысын бұзып өту ұрыстарында Қ.Жаманқараев ерлік пен қаһармандық үлгісін көрсетті. 1943 жылы 26 тамызда жаудың 6 танкісі жаяу әскеріміздің ілгерілеуіне тосқауыл болып тұрды. Жаманғараев жолдас өз бастамасымен  ашық атыс позициясына ауысып, екі танкті тікелей атыспен қиратты, осылайша қалғандары қашуға мәжбүр болды. Бұл ісімен Лапковский Хутор елдімекенін жылдам басып алған жаяу әскеріміздің сәтті ілгерілеуін қамтамасыз етті» дейді мұрағат материалдарында. Батыр бұл ерлігін бір жылда екінші рет тағы қайталап, 1943 жылдың қазан айында Украинаның  Киев  облысындағы Днепрдің оң  жағалауындағы алынған  плацдармды жаудан қорғау барысында тағы екі танкті отқа орап, бір взвод  фашистің көзін жояды. Осы ерлігі үшін гвардия аға сержанты Қашаған Жаманқараевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

    Соғыстан кейін Еңбекшіқазақ аудандық атқару комитеті әскери бөлімінің инспекторы болады. Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебін тәмамдаған. Орман шаруашылығы министрлігіне қарасты Алматы облысаралық басқарма бастығының орынбасары, Дене шынықтыру және спорт комитетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Зейнет жасына шыққанда Есік көліндегі авариялық-құтқару стансасының бастығы, Қаракемер ауылының өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметтерінде болған. 2001 жылы 22 қыркүйекте дүниеден өтіп, туған ауылында жерленген.

    Кеңес Одағының қос Батыры Қашаған Жаманғараев пен Рақымжан Тоқатаевтың бюсті хас батырлардың ерлігін паш етіп, Қаракемер ауылының орталығында қасқайып тұр.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Бастамаға  қолдау көрсетті

    Бастамаға қолдау көрсетті

    7 months ago
    Балқаш пен Жамбыл аудандарында сайлау өтіп жатыр

    Балқаш пен Жамбыл аудандарында сайлау өтіп жатыр

    2 years ago
    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    1 year ago
    Еңбек құқығы ерекше қорғалады

    Еңбек құқығы ерекше қорғалады

    4 months ago
    Бар мейірім – балаға!

    Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>