-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қарияларға қуаныш сыйлады

    29.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Қарияларға қуаныш сыйлады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Райымбек ауданының тұрғындары көз көріп, көңіл тоятын тағы бір жайдарман жаңалықтың куәсі болды. Атап айтқанда аудан орталығынан Белсенді ұзақ өмір орталығы ашылды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға дейінгі Ұлттық жобасының даму бағытының негізгі мақсатына – халық денсаулығының жалпы деңгейін арттыру және орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу міндетін қойғаны белгілі. Айтылған сөз халықтың қолдауына ие болып, нақты іс-шараларды жүзеге асыру қолға  алына бастаған еді. Облысымызда алғаш Есік қаласында 2023 жылы тұсауы кесілген Белсенді ұзақ өмір орталығы содан бергі екі жыл ішінде қанатын кеңге жайып, облыстық деңгейден көрініп үлгерді. Қазір мұндай орталық облыстың 3 қаласы мен 9 ауданында ашылып, жұмыс жасауда. Оның қоғамға, сол қоғамның белсенді мүшесі қарттардың денсаулығын жақсартып, ұзақ өмір сүруіне жол ашудағы ықпалы зор.

    Ашылғанына 3 айдың жүзі болған Райымбек ауданындағы Белсенді ұзақ өмір орталығының қызмет алушылары зейнет жасындағы аталар мен әжелер. Олардың саны бүгінде 90-ға жуықтаған. Мұнда екі бағыт – атап айтқанда, ұрпақтар сабақтастығы, денсаулықты жақсарту бойынша спортпен айналысуға, өнермен шұғылдануға, түрлі шараларға қатысуға, бір-бірімен араласып, уақыттарын тиімді өткізуге барынша жағдай жасалған. Орталық арқылы жұмыспен қамтылған 15 маман, педагог-нұсқаушы – иога, цигун, скандинавиялық жаяу жүру, еңбек терапиясы, дене шынықтыру, вокал, тоғызқұмалақ, шахмат, IТ, психология, жадты нығайту сияқты жаттығу түрлері бойынша тегін қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта бұл қызмет түрін отызға жеткізу жоспарлануда. Орталыққа аудандық аналар кеңесінің төрағасы Балжан Омарова басшылық жасайды.

    Аты да, заты да бөлек, ұстанған мақсаты мен алға қойған міндеті ерек мекеменің салтанатты ашылуына облыстық басқарма, аудан басшылары, ауыл тұрғындары, ақсақалды қариялар мен ақ кимешекті әжелер көп жиналды. Көпшілік алдымен орталық мүшелерінің жасаған дене жаттығуларына назар аударды. Ақ жаулықты аналардың қолдарымен тігілген ұлттық нақыштағы үй жиһаздарына ден қойды. Зейнеткер, қылқалам шебері, ұлағатты ұстаз Нұрболат Ысқақовтың таулы өңірдің тыныс-тіршілігіне құрылған көркем туындыларын тамашалады. Салтанатты шарада алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жанарбек Жақсылық жиналған қауымға жылы лебізін жеткізді.

    – Бүгін аудан жұртшылығы үшін ерекше қуанышты күн. Өздеріңіз куә болып отырған жаңа орталықтың ашылу салтанаты өтуде. Бұл орталық – мемлекетіміздің аға буын өкілдеріне деген қамқорлығы мен құрметінің нақты көрінісі. Қадірлі қариялар – елдің тірегі, ақылдың кені, ұрпақ тәрбиесінің негізін қалаушы. Сіздер саналы ғұмырларыңызда ел игілігі үшін тер төгіп, ұрпаққа өнеге көрсеттіңіздер. Сіздердің ендігі өмірлеріңіз мәнді де мағыналы, денсаулықтарыңыз мықты, көңілдеріңіз сергек болуы үшін осынау орталық тұрақты қызмет ететін болады, – деген Жанарбек Жантөреұлы  игілікті іске қолдау білдірген облыс басшылығына алғысын айтты.

    Өз кезегінде сөз алған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова, облыстық Белсенді ұзақ өмір орталығының директоры Жәния Сақташева, ҚХА жанындағы облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева, Сарыбастау ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Мақсат Әшімбаев, кәсіпкер Роза Ерланқызы жаңа орталыққа ыстық ықыластарын арнады.

    Кеген аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нұрлыбай Көпжасар, Кеген аудандық аналар кеңесінің төрағасы, Белсенді ұзақ өмір орталығының консультанты Бақыткүл Көнеева, Нарынқол ауылының ардақты ақсақалы Қанат Ахметов жаңа орталықтың символикалық кілтін Райымбек аудандық Белсенді ұзақ өмір орталығының консультанты Балжан Омароваға салтанатты түрде табыстады.

    Салтанатты шара орталықтағы әжелер ансамблінің өнерімен жалғасты. Әжелер шырқаған «Шалкөде», мың бұрала билеген «Қазақ биі», «Шилі өзен қамыс-ай», Қаныша Оңалбаева, Жаңыл Сарыбаева, Бақыткүл Байболовадай  әжелер орындаған «Бір шәугім шәй», «Ақ бұлақ» әндері, әжелер тобы тарту еткен флешмоб жүректерге жол тапты.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 593 өтінім мақұлданды

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 593 өтінім мақұлданды

    2 years ago
    Ән бесігі – Алатау

    Ән бесігі – Алатау

    6 months ago
    Алматы облысында 38 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырады

    Алматы облысында 38 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырады

    3 months ago
    Алматы облысында жаңа қала пайда болмақ

    Алматы облысында жаңа қала пайда болмақ

    2 years ago
    Жүрегінен ән тамған

    Жүрегінен ән тамған

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>