-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қастерлі есімді қастерлей білейік

    24.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Туризм және саяхат
    Қастерлі есімді қастерлей білейік

    Фото: kaztengrinews.kz

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Қазақ халқы – жер-су аттарын қоюдағы шеберлігімен танымал. Десек те, еліміздің қай өңірінен де қайталанған атауларды көптеп кездестіруге болады. Ел аумағы үлкен болғандықтан, оны қалыпты жағдай деп есептейміз. Содан кейінгі бір ойлантатын және бүгінгі әңгімемізге арқау еткелі отырған жайт – жаңадан атау берілген немесе бұрыннан аталып келе жатқан жерді түрлі мақсатта пайдалануға, қолданысқа берерде сол атауларға көлеңке түсірмейтін, ұлттық, халықтық тәрбиеге нұқсан келтірмейтіндей болуын қадағалап, бақылауда ұстау. Бейтарап атау берілген жер болса, құдайдың жөні, ал ел идеал тұтқан тұлғалардың есімдері берілген жерде өрескел әрі оғаш іс-шара, әрекеттерді болдырмау жағына баса көңіл бөліп отырған жөн болар.

    Әлқисса, мұнша кіріспені не үшін жазып отырмыз?! Бұрынғы Қапшағай есімді қалаға облыс орталығы мәртебесі берілгеннен кейін көп өтпей-ақ облыс орталығына еліміздің біртуар тұлғасы, осы қаланың іргетасының қаланып, қаламен аттас үлкен су қоймасының пайда болуына тікелей бастамашы болған мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс халықтық қолдауға ие болып, қаламыз Қонаев есімін иеленді. Жә, деп қоялық. Енді облыс орталығы болған соң саналуан көркемдеу, безендіру шаралары өткізіліп, түрлі ғимараттар салынып яки өңделіп, басқа да келген жұрт тамсанар дүниелер жасалуы – заңдылық. Әрине, ондай дүниелерге «Айдалада – ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау» етпей, ат қойып, айдар тағылуы да – заңдылық. Бұл да мақұлдарлық іс. Түптеп келгенде, сөз басында да айттық. Жалпақ ел аумағында аттас ауылдардың, елдімекендердің кездесуін мақұл дейік, ал бір облыста бір атауды анда да, мында да тықпалай бергеннен не ұтамыз? Кәмпитті де жей берсең, жүрек лобли бастайды. Қастерлі есімді қастерлей білсек қайтеді?!

    Дүниенің ғылымдағы, өнердегі яки саясаттағы болсын, танымал тұлғалары қазақ тілінің әнге бергісіз әуезділігі, мазмұндылығы, мағыналылығы, тілдік қорының байлығы жөнінде талай-талай түйінді тұжырымдар айтып, жазып кеткен. Ондай болса, жоғарыда айтылып отырған дүниелерге – ғимараты бар, жағажайы бар – өзіндік сипаты мен мән-мағынасына сай атаулар берсе, «Менің атымды неге қоймадыңдар?» деп Димаш ақсақал қабақ шыта қоймас еді ғой. Дейміз ғой, баяғы. Керісінше, көзі тірі болса, «Әр нәрсеге менің есім-сойымды тықпалап, жауыр атқа айналдыруға ұялсаңдар етті, түге?!» демесе, арғы қолыңызды бері әкеліңіз!

    Айтпағымыз, қаланың іргесіндегі, теңіз жағалауын мемлекет меншігіне бекітіп, кірерден басқасын тегін етіп, халық демалар әдемі жағажай құрылды. Түрлі қажетті ғимараттар салынып, жағажайға тән сипат беріліп, қажетті құрылымдар орнатылды. Атауы – ҚОНАЕВ. Бұл жағалауға келгендер, әрине, бірінші кезекте, суға шомылу үшін келеді. Жартылай жалаңаш болатынын айтып жату артық. Арасында кейбіреулерінің «отты сумен» қызара-бөртіп алатынын да өтірік деуге бола қоймас. Солар естелік ретінде суретке түседі. Димаш ақсақалдың тегі жазылған жазудың фонында. Аруақтың қаншалықты ырза екенін ешкім айта алмайды, алайда аруақ сыйлаған халықтың ұрпағына ұнай қоймасы хақ. Осы жағалауға тұлғаның есім-сойын тықпаламай, Қапшағай деп көлдің атауын қоя салса болмай ма? Ал Димаш атамызбен суретке түсем десе, аталған жағалаудан сәл беріректе еңселі ескерткіші тұр. Қалағанынша түссін суретке!

    Жәй, «Көрмейін десем, көзім» бар деген ғой. Осындай жайттарға сергек көзбен қарасақ, ағайын!

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Қонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

    Қонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

    2 years ago
    Энергетика вице-министр облыс тұрғындарымен кездесті

    Ас беріліп, Құран бағышталды

    1 year ago
    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    ОСК: Сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс берді

    2 years ago
    Іле ауданы, Боралдай кентіндегі “Алмат” қазандығы: Жаңа кезеңнің бастауы

    Іле ауданы, Боралдай кентіндегі “Алмат” қазандығы: Жаңа кезеңнің бастауы

    7 months ago
    Аласармас азамат

    Аласармас азамат

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>