-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қауіпсіз еңбек – қауіпсіз өмір

    22.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Қауіпсіз еңбек – қауіпсіз өмір
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1-курс магистранттары мен педпрактика жетекшісінің ұйымдастыруымен Еңбекті қорғау күніне орайластырылып, гибрид форматында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға оқытушылар, студенттер мен әр саладан қонақтар қатысты. Басқосуда Д.Қонаев атындағы Тау-кен институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Евгений Шабельников , ғылыми хатшы Әсия Бояндинова, өндірістік қауіпсіздік бөлімінің басшысы Артем Колотаев, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ азаматтық қорғаныс, еңбекті қорғау басшысы Арман Маймақов, бас маман Амантай Мұхаметкәрімов, шетелдіктерден Гаити университетінің профессоры О. Гамус бастаған ғалымдар, сарапшылар баяндама жасап, іс-шараның өндіріс орындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мамандықтарын таңдаған студенттер мен магистранттар үшін маңыздылығын атап өтті. Е. Шабельников, А. Колотаев сияқты ғалымдар өндірістік қауіпсіздікті жетілдіру мақсатында жасалып жатқан ғылыми жобалары туралы маңызды ақпараттарымен бөлісті.

    Шараны ұйымдастырушы магистранттар Әнуар Серіков, Ақерке Қойлыбаева, Дәулет Мыңжасов, Назгүл Өтепова, Жансая Нұрбекова, Жігер Зиағаділ және Айжан Жұмабекова іс-шараны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіп отырды.

    Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде осы сала бойынша біліммен сусындап жатқан жас мамандардың қауіпсіздік мәселесіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты ойындар әзірленді. Студенттердің білімі сыналып, шыңдалып, бәсекеге төтеп бере білгендер жүлдеге ие болды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар, сертификаттар табыс етілді.

    Шараның тартымдылығы сол – жас ұрпақтың мамандыққа деген қызығушылығын арттырудың ең басты құралы және қызметке ынталандырудың бірден-бір кілті ретінде маңызды ақпараттардың ұсынылуы дер едік. Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері «Ынталандыру – жетістік кепілі» атты ұстанымды қолдайды.

    Дүниежүзілік Еңбек қорғау күні – бұл тек бір күндік іс-шара емес, ол жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін күн сайын дамыту қажеттігін еске салады. Әрбір қызметкердің өмірі мен денсаулығы – ең қымбат құндылық. Қауіпсіз еңбек жағдайын жасау – мемлекет, жұмыс берушілер және жұмысшылардың ортақ жауапкершілігі. Баршамыз «Еңбек қауіпсіздігі – өмір кепілі» деген қағиданы берік ұстанайық!

    Айгүл ҚОЖАХАН,

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры,

    техника ғылымдарының кандидаты

    Ұсынымдар

    Еңбекшіқазақ ауданында 176 км арық пен канал тазаланды

    Еңбекшіқазақ ауданында 176 км арық пен канал тазаланды

    2 years ago
    Қазақстандағы жастар саясаты: жұмыспен қамту, тұрғын үй және қызметте өсу

    Қазақстандағы жастар саясаты: жұмыспен қамту, тұрғын үй және қызметте өсу

    3 months ago
    Энергия тапшылығы сезілуде

    Энергия тапшылығы сезілуде

    8 months ago
    Қарасазда жасын жыр жарқылдады

    Қарасазда жасын жыр жарқылдады

    12 months ago
    Дайындық жұмысы пысықталды

    Дайындық жұмысы пысықталды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.