-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәуелсіздік ерлері

    06.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Қорғаныс
    Тәуелсіздік ерлері
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Қазақстан әскері құрылғаннан бастап бүгінге дейін қарқынды даму жолынан өтті. Қазіргі әлемдегі күрделі геосаяси жағдайлар ел әскерін одан әрі дамыту ісінде жаңа талаптар мен қауіп-қатерлер мейлінше ескерілу керектігін аңғартты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отан қорғаушылардың әлеуетін арттырып, олардың заманауи ұрыс тәсілдерін меңгеру қажеттігін жиі айтып келеді. Расында әскери күштеріміз – егемен еліміздің қорғаны. Сол үшін де әскери борышқа адалдық танытқан әрбір жауынгедің сап түзеген сәтіндегі сансыз ерлігі мен өнегелі ісін дәріптеудің маңызы зор. Еліміздің бірлігі мен тыныштығын, ішкі тәртібін сақтау және оны күзету маңызды міндеттердің бірі. Осы тұста Ұлттық ұлан әскерлерінің қызметі орасан.

    Облыс аумағындағы  6654 әскери бөлім 1962 жылы шаңырақ  көтерген. Басында оқу дивизионы болып құрылған бөлім 1993 жылы полк мәртебесін алды. Ал 2017 жылы Ұлттық ұланның оқу бригадасы дәрежесіне көтерілді. Осы уақытқа дейін аталмыш бөлім бактериологиялық, радиациялық, химиялық арнайы бөлімдердің командирлерін және түзеу мекемелеріне қажетті мамандарды даярлап келген. Өткен жылдың соңында  Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылындағы  аталған  Ұлттық ұланның оқу бригадасы Алатау қаласының Жетіген кентіндегі 5574 әсери бөлімінің базасына көшіп келді.

    Бүгінде 6654 әскери бөлімде бөлімше командирлері мен сержанттар, байланыс мамандары, аспаз, брондалған техниканың механик-жүргізушісі, атқыш, радиохимиялық, ядролық қорғаныс бөлімшесінің командирлері, автомобильдік, түзету мекемелерін күзететін бөлімшелердің командирлері, қала тыныштығын күзететін, ішкі істер қызметіне көмекші патрульдеу бөлімшелерінің сержанттары сынды 20-ға жуық мамандық оқытылады. «Әскерден ең бірінші темірдей төзім талап етіледі, ерлік – екінші орындағы нәрсе», – деп Наполеон Бонапарт айтқандай, аталған бөлімде әскерилердің кәсіби біліктілігі мен төзімділігі қатар шыңдалады. Сонымен қоса, 6654 әскери бөлімінде Қазақстандағы Ұлттық ұланға қызметтік иттер дайындайтын кинология орталығы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, 6654 әскери бөлім Ұлттық ұланның жас мамандарын дайындайтын еліміздегі бірегей орталық. Олар  еліміздің  кез-келген өңірінде төтенше жағдай орын алса, бірінші алғы шепке аттанады.

    Әскери бөлім қызыметкерлерінің сөзінше, 2023 жылдан бастап  ондағы офицерлер мен келісімшарттағы  қызметшілердің жалақысы кезең-кезеңімен  өсіріле бастапты. Сонымен қоса, 20 жыл әскери қызметте болған жандарға баспана алуға барынша қолдау көрсетіледі. Жаңа базаға қоныс аударған 6654 әскери бөлім бүгінде өздері тұрған аумақты жасылдандыруға күш салып, күзде елімізде өтетін Орта Азия елдерінің бітімгершілік оқу-жаттығуына қызу дайындалу үстінде.

    Аталған әскери бөлім жас ұрпақтың бойына патриоттық рух дәнін сеуіп, адамгершілік мұраты биік азамат етіп тәрбиелеу бағытында мектептерде ашылған «Жас сарбаз» ұйымының кеңінен қанат жаюына зор үлес қосып келеді. Бүгінде  6654 әскери бөлім мен  мектептер арасындағы ортақ келісім негізінде әскери-патриоттық орталықтар құрылған. Ұлттық ұлан сарбаздары алда  отансүйгіштікке баулитын орталықтар санын көбейтуге  күш салмақ.

    Кез келген елдегі прогресс қорғаныстың қуаты мен әскердің әлеуетімен өлшенетіні ақиқат. Бұл тегін емес.  Себебі стратегиялық маңызға ие саланың қашанда сақ әрі дәуірге сай болуы – бүгінгідей алмағайып заманда баршаның көкейін тескен кесек  мәселе. Қазір әлем елдерінің қорғану тәсілдері мен соғыстың алдын-алу шарттары мүлдем  өзгерген. Әуелі, әскердің қарақұрым көптігі емес, жаужүрек жауынгердің озық техниканы меңгеруі мен кәсіби біліктілікті арттыруы – басты  міндет. Білікті сарбаздар қашанда ел қорғанысының тірегі саналмақ.

    Ерзат АСЫЛ

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК РУХЫ

    3 days ago
    Газет – халықтың үні

    Ардагерлерге газет қажет пе?

    3 months ago
    Әсемдік әлемі

    Әсемдік әлемі

    4 months ago
    Еңбекшіқазақ ауданында 14 жоба грант алды

    Еңбекшіқазақ ауданында 14 жоба грант алды

    1 year ago
    Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?

    Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>