-13 °c
Qonaev
Wednesday, May 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақстанда жеке тұлғалардың смартфондарын сәйкестендіру мерзімі 25 маусымға дейін ұзартылды

    20.05.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қазақстанда жеке тұлғалардың смартфондарын сәйкестендіру мерзімі 25 маусымға дейін ұзартылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    2025 жылғы 25 наурызда ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Тиісінше, 25 наурызға дейін елге әкелінген және азаматтар қолданып жүрген барлық смартфондар қосымша сәйкестендіруді қажет етпейді. Олар сәйкестендірілген болып саналады және автоматты түрде «ақ» тізімге енді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді.

    25 мамырдан бастап заңды тұлғалар, оның ішінде импорттаушылар, брендтердің ресми өкілдері, сондай-ақ уәкілетті сервистік орталықтар үшін абоненттік құрылғыларды әкелу және/немесе жөндеу туралы мәліметтерді міндетті түрде верификациялау енгізіледі. Жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары үшін құрылғыларды сәйкестендіру мүмкіндігі 25 маусымға дейін қарастырылған.

    «Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, телефонды сәуір немесе ақпан айларында сатып алсаңыз, бірақ оны қосуға үлгермесеңіз, онда бұл телефонды (әрбір жеке тұлға 2 құрылғыдан) порталға кіріп, оны тегін сәйкестендіре аласыз. 25 маусымға дейін жеке тұлғалар үшін Бұйрықты қолдану мерзімі ұзартылды», – деді ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникацияла комитетінің төрағасы.

    Бұл ретте ведомство өкілі 25 маусымға дейін телефонды сәйкестендірмеудің салдары туралы айтып берді.

    «Ережеге сәйкес, егер сим-карта салынған телефон сәйкестендірілмесе, онда телефонның верификациядан өтпегені туралы смс келеді және ол «сұр» тізімге түседі. Тиісінше, оны 30 күннің ішінде «ақ» тізімге ауыстыру мүмкіндігі болады. Егер оны мемлекеттік шекара арқылы өзіңіз әкелген болсаңыз, онда шекарадан өткеніңізді көрсете отырып, оны сәйкестендіруге болады. Немесе осы техниканы сатқан жерге хабарласып, оны қайтарып беріңіз. Сондай-ақ 30 күн бойы телефонды пайдалана аласыз, ешқандай қызметтер шектелмейді, бірақ телефоныңыз «сұр» тізімде деген смс келіп тұрады», – деді Дамир Сейсембеков.

    ЦДИАӨМ өкілінің айтуынша, 30 күннен кейін телефон қара тізімге енгізіледі, бұғатталмайды, бірақ ұялы байланыс желілерінде жұмыс істемейді.

    Верификация kz-imei.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

    Ұсынымдар

    Жүзден жүйрік шықты

    Жүзден жүйрік шықты

    1 month ago
    Тұма жырдың тұнбасы

    Тұма жырдың тұнбасы

    3 weeks ago
    Құс фабрикасының қарқыны жоғары

    Құс фабрикасының қарқыны жоғары

    7 months ago
    Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет

    Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет

    8 months ago
    Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді

    Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>