-13 °c
Qonaev
Sunday, May 11, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

    05.05.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Экспорттық әлеуетті кеңейту және қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында Азиядағы ең ірі B2C алаңдарының бірі саналатын Қытайдың JD.com платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

    Бүгінгі таңда ұлттық павильонда азық-түлік, косметика, бал және басқа да сұранысқа ие тауар санаттарын қоса алғанда, 15 қазақстандық тауар өндірушінің 44 өнім түрі ұсынылған.

    Павильон іске қосылған сәттен бастап сатылған өнімнің жалпы көлемі 2,4 млн юаньды құрады, оның 1,18 млн юаньнан астамы — 2024 жылға тиесілі.

    Қазақстандық өнімдер онлайн сату алаңынан бөлек, Қытайдағы офлайн-көрмелерде және B2B-презентацияларда тұрақты түрде ұсынылады. Бұл сауда байланыстарын нығайтуға, брендтердің танымалдылығын арттыруға және экспорттық географияны кеңейтуге ықпал етеді.

    Негізгі бағыттардың бірі – ҚХР нарығында тез танымал болып келе жатқан электрондық сауданың жаңа форматы — стриминг-сатуды дамыту.

    Мәселен, өткен жылдың қараша айында Қытайдың халықаралық импорттық көрмесі (CIIE 2024) аясында, Jiangsu Soho Holding Group Co Ltd,серіктестерінің қолдауымен Douyin (TikTok аналогы) платформасы арқылы стриминг жүргізілді. Онда Қазақстанның ұлттық стриминг-павильонының ресми ашылуы өтті.

    Тікелей эфирде қытайлық тұтынушылар өнімдермен нақты уақыт режимінде танысуға, сұрақтар қоюға және сатып алуды дереу рәсімдеуге мүмкіндік алды. Трансляция қорытындысы бойынша сату көлемі 450 мың юаньды құрады, бұл осы ілгерілету арнасының жоғары тиімділігін және тұтынушылардың Қазақстаннан келетін тауарларға деген қызығушылығын растады.

    “Біздің міндетіміз — қазақстандық өнімнің жетекші цифрлық сауда алаңдарында жүйелі түрде болуын қамтамасыз ету. Біз экспортты JD.com, Alibaba.com, Europages, Noon және TikTok дүкені платформалары арқылы белсенді түрде дамытамыз. Бұл отандық компанияларға жаңа нарықтарға шығуға, экспорттық кірісті ұлғайтуға және жаһандық сауда тізбектеріне кірігуге мүмкіндік береді”, – деп атап өтті QazTrade АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров.

    QazTrade аналитикалық деректеріне сәйкес, 2024 жылы әлемде онлайн-сатып алушылар саны 2,71 млрд адамға жетті, ал электрондық сауда нарығының жаһандық көлемі 6,3 трлн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,76% – ға артық.

    Қазақстан Республикасында өткен жылдың қорытындысы бойынша электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, бұл бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 14,5% – на тең.

    2029 жылға дейінгі болжамдар жаһандық онлайн-нарықтың одан әрі өсуін көрсетеді: пайдаланушылар саны 3,6 млрд адамға жетеді деп күтілуде, бұл ретте Қытай e-commerce әлемдік нарығындағы жетекші үлесті сақтайды. Бұл дәл Қытай бағытында қазақстандық қатысуды одан әрі нығайтудың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

    Ұсынымдар

    АЛҒАШҚЫ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

    САПАЛЫ БІЛІМ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

    4 months ago
    Прокуратура сайлауалды тыныштық күніндегі заң талаптарын айтты

    Прокуратура сайлауалды тыныштық күніндегі заң талаптарын айтты

    2 years ago
    100-ден астам ағаш отырғызылды

    100-ден астам ағаш отырғызылды

    1 year ago
    Қонаевта масаға қарсы шаралардың екінші кезеңі өтіп жатыр

    Қонаевта масаға қарсы шаралардың екінші кезеңі өтіп жатыр

    2 years ago
    Қонаевта жазасын өтеушілер жасаған бұйымдар көрмесі өтіп жатыр

    Қонаевта жазасын өтеушілер жасаған бұйымдар көрмесі өтіп жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.