-13 °c
Qonaev
Wednesday, May 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткіші артты

    13.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткіші артты
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Елдегі жалпы ішкі өнім 6 процентке жетті. Бұл  -соңғы төрт айдағы көрсеткіш. Әсіресе, көлік және сауда секторында оң нәтиже байқалады. Ауылшаруашылығы мен байланыс саласында да серпіліс бар. Ел экономикасына елеулі үлес қосқан қай өңір? Ал артта қалған аймақтар енді қалай қатарға қосылады? Толығырақ Аружан Задабек тарқатады.

    Биыл ел экономикасының негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны байқалады. Ұлттық экономика министрлігінің есебі осындай. Мемлекет басшысы саланы дамытуға қатысты біраз тапсырманы қайта-қайта шегелеген. Сол пәрменнің арқасында бірқатар тірлік шешілді.
    Басты жетістік экономиканың негізгі салаларына тиесілі. Алдымен көлік секторына тоқталайық. Мұндағы жетістік – 22%. Жоғары динамика Түркістан, Жамбыл және Абай облысында тіркелді. Ал құрылыста нақты жұмыс көлемінің индексі 16% жетті.

    САПАРБАЙ ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

    Үлкен қалалардағы құрылыс, зауыт құрылысы, жол құрылысы өте жақсы дамып жатыр. Сондықтан құрылыста бізде нәтижелер жақсы. Қазақстан кезінде, совет дәуірі кезінде өте үлкен машина жасау зауыттары болған. Біз сол дәрежеге қайттан келу үшін біраз әрекет жасап жатырмыз. Осы 10 пайыздық өсім Қазақстан үшін аз.

    Экономиканың негізгі тірегінің бірі сауда саласында да жетістік бар. Бірден 7 процент артқан. Нақтырақ, көтерме – 7%, бөлшек сауда 6%-ға дейін өсті. Түркістан облысы жеміс, көкөніс, фармацевтикалық тауарларды сату бойынша көш бастаса, Ақмола облысы астық, тұқым және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында біраз нәтижеге қол жеткізді. Ал Шымкент дизель, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатудан көш бастап тұр.

    РАСУЛ РЫСМАМБЕТОВ, ЭКОНОМИСТ:

    Қазір басты мақсат – 6 процент өсімді сақтап қалу. Оны әрі қарай дамыту керек. Жетістік тек санмен шектелмейді. Сапаның болуы маңызды. Халық өсімнің барын сезіну керек.

    Ал өнеркәсіпте өндіріс индексі 6% жетті. Өсім, әсіресе, тау-кен секторында байқалады. Өзге салаға нақтырақ тоқталсақ,  өңдеу өнеркәсібі 7%,  тамақ 12%, темекі 26%, химиялық өнімдер мен машина жасау 11%  артқан. Ауылшаруашалығына тоқталмай өтуге болмас. Мұндағы өзгеріс – 3,9%.

    ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

    Соңғы екі жылда түрлі жағдайды бастап кештік. Алдымен құрғақшылық қыспаққа алды. Өткен жылғы су тасқыны, тіпті, есеңгіретіп тастады. Соған қарамастан жетістік байқалып отыр. Біз осындай жағдайда да әрекет етуге үйрендік.

    Мемлекет басшысы өзінің әр сөзінде экономиканы дамыту үшін бар күш-жігерді біріктіру керек деп шегелейді. Министрліктің берген бұл мәліметі соңғы төрт айдағы көрсеткіш. Алда оны әрі қарай дамыту деген үлкен іс тұр.

    Ұсынымдар

    Терроризмге кешірім жоқ

    Терроризмге кешірім жоқ

    1 year ago
    Қазақстан халқының 98,9% жаппай ауызсумен қамтылған

    Қазақстан халқының 98,9% жаппай ауызсумен қамтылған

    3 months ago
    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    2 months ago
    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қонаев қаласына арнаған құттықтауы

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қонаев қаласына арнаған құттықтауы

    2 years ago
    Қыс қарсаңында көмірді теміржолмен экспорттауға шектеу қойылмақ

    Қыс қарсаңында көмірді теміржолмен экспорттауға шектеу қойылмақ

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>