-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Құт қонған Тауқаратұрық

    12.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Құт қонған Тауқаратұрық
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары Жеңістің 80 жылдығымен қатар келген Тауқаратұрық ауылының 60 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті.

    Аудан орталығы – Есік қаласыннан шығысқа қарай 39 шақырым жерде, тау етегінде жатқан қазіргі Тауқаратұрық ауылы 1964 жылы «Таусүгір» қой кеңшары болып құрылған. Сол уақыттан 1997 жылға дейін ауыл кеңшардың орталығы болған. Ауыл атауы «тау етегіндегі үлкен тұрақ, қыстақ» деген мағынаны білдіреді.

    Жанынан Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы өтетін Тауқаратұрықтың жері шұрайлы, шөбі шүйгін. Кезінде Шелек ауданындағы алдыңғы қатарлы ең ірі қой кеңшарының бірі болғанын ауыл ақсақалдары мақтанышпен айтады. Кеңшар шаруалары мал санын жылдан-жылға асырып, 53 000 бас қойға, 3000 бас жылқыға жеткізгені – бүгінде құжатта қалған дерек. Сонымен қатар құнарлы топыраққа егін еккен диқандар қамбаны дәнге толтырып, кеңшардың мерейін асырған. Бидай, жүгерімен бірге түрлі дәнді-дақылдар да тау етегінде жатқан ауылдың көркін кіргізіп, жайқалып өскен. Мал шаруашылығы мен егіншілікті қатар дамытып, жер төсін емген диқандар мен төрт түліктің бабын тапқан малшылар Тауқаратұрық ауылын нағыз құт мекен, дәулет ордасына айналдырды. Олардың есіл еңбегі, әрине, ел есінде. Сондай-ақ «Ауыл азаматымен көрікті» демекші, кезінде кеңшарды басқарған Нұрахмет Өтегенов, Сүлеймен Рахымбаев, Тазабеков, Бешен Доғалов сынды мықты басшылар мен ауылдың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан азаматтарды ауылдастары ұмытқан жоқ. Ауылдың 60 жылдық мерейтойына орай ата-бабалардың ерлігі мен батырлығын дәріптеу және тарихи тұлғаларды ұлықтау мақсатында «Даңқ алаңы» мемориалды кешені ашылды. «Ер есімі ел есінде» деп Таусүгір ауылынан соғысқа аттанған азаматтарға құрмет тақтасымен бірге мемориалды кешеннің екінші жағына 1964-1974 жылдары Таусүгір ауылының құрылып, өркендеп-өсуіне өлшеусіз еңбек еткен еңбек ардагерінің есімдері жазылды. Осылайша ауыл тарихы тасқа таңбаланса, бұдан бөлек  мерейтой аясында ауылдың тарихы түгел жазылған кітаптың да тұсаукесері өтті.

    «Осындай тарихы терең ауылда тұрып, оның тағдырына ортақтасып отырғанымыз – үлкен мәртебе, әрі зор жауапкершілік. Қазіргі күні Тауқаратұрық ауылы ел тіршілігінің елеулі ошағына айналды. 2038 тұрғыны бар ауылымыздағы 692 гектар алма бағы – адал еңбек етіп жүрген ағайынның тынымсыз тіршілігі, береке мен ырыстың бастауы болып отыр. Бұл ауыл – тек еңбек пен берекенің ғана емес, бірлік пен рухтың символы. Ауылдың әр тұрғыны – оның тарихына алақанының ыстық табымен өз мөрін басқан тұлға» деген аудан әкімі Талғат Байеділов мерейтойға жиналған жұртты құттықтап, мерейтойдың ұйымдастырылуына және ескерткіштің орнатылуына үлес қосқан ауыл азаматтарына Алғыс хат табыстады.

    Кешегі күнді көзімен көрген ауыл ақсақалдары ауылдың тыныс-тіршілігінен сыр шертіп, туған жердің тарихынан естелік айтты. Аудан өнерпаздары қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынып, ауыл тұрғындары ата-баба рухына арнап ас берді.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Ұсынымдар

    Жайлы мектептер толықтай отандық жиһазбен жабдықталады

    Жайлы мектептер толықтай отандық жиһазбен жабдықталады

    2 years ago
    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Алматы облысының мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

    9 months ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Алматы облысының тауар нарығында монополияға қарсы талдау жүргізілді

    6 months ago
    Алматы облысының әкімі президент қабылдауында болды

    Алматы облысының әкімі президент қабылдауында болды

    2 years ago
    Сан әдісті қолданды

    Сан әдісті қолданды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>