Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай қойылатын ескерткіштің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты: Композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевке ескерткіштің неғұрлым мәнерлі мүсіндік-көркемдік шешімдерін анықтау. Орнатылатын ескерткіштің тарихи бейнесін ашып, мүсіндік-көркемдік шешімін табу.
Байқау өтініштерін қабылдау 2025 жылдың 14 мамырынан басталып, 16 маусымында аяқталады. Конкурстық жоба ұсыныстарының құрамы мен талаптарын Қонаев қаласы, 1-ықшамаудан, №45 «Г» ғимаратындағы Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, №23 бөлмеден алуға немесе 8 775 6860610 телефоны арқылы білуге болады.
Композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі
Нұрғиса Тілендиевтің 100 мерейтойына орай қойылатын ескерткіштің үздік жобасына ашық конкурс өткізудің
БАҒДАРЛАМАСЫ мен ШАРТТАРЫ
І.Конкурстың мақсаты
Композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай қойылатын ескерткіштің мүсіндік-көркемдік шешімін табу.
І.Конкурстың бағдарламасы
Ескерткіш жоғары көркемдік деңгейде, айналадағы сәулет және жергілікті көрініспен үйлесіп, жоғары идеялық мазмұндылығын ашуы тиіс. Жобада ұзақ мерзімге төзімді материалдар (мрамор, гранит, тағы басқалары) қарастырылуы керек.
ІІІ.Конкурстың шарттары.
Конкурсқа жеке авторлар және авторлық коллективтер қатыса алады. Конкурстың мерзімі – 2025 жылғы 14 мамыр мен 16 маусым аралығы. Жобалар 2025 жылғы 16 маусымда, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 17:00-ге дейін мына мекенжайға: 040800, Қонаев қаласы, 1-ықшамаудан, № 45 «Г» ғимараты, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына (23-бөлме) тапсырылады.
Басқа қалада тұратын авторлар жобаларын көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, пошталық түбіртектің нөмірін алдын ала хабарлай отырып, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мекенжайына жіберуі керек.
Конкурс жобалары алты таңбалы санмен белгіленген ұранмен ұсынылады. Ұран байқауға ұсынылған жоба материалдарының, сондай-ақ конверттің оң жақ бұрышына жазылады (биіктігі – 1 см). Желімделген ұрандық конвертте авторлардың аты-жөні, тегі көрсетілген ақпараттық парақ салынады.
Түсініктеме жазба ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған №14 өлшемді «Times New Roman» шрифтімен, бірінші жол аралығымен басылған, 2 парақтан аспайтын мәтіннен тұратын және 2 дана болуы керек.
Конкурстың қорытындысы бойынша конкурстық жобаларды қабылдау және іріктеу жөніндегі комиссия 2025 жылғы 25 маусымға дейін шешім қабылдайды.
Конкурс шарттары сақталмаған жобалар байқауға жіберілмейді және комиссияда қаралмайды.
ІV.Конкурстық жоба ұсыныстарының құрамы және ұсынылатын
материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
1.Ескерткіш орнатудың схемалық жоспар масштабы – 1:200.
2.Ескерткіштің нұсқасы масштабы – 1:10.
3.Ескерткіштің қасбеттері масштабы – 1:10.
4.Түсініктеме жазба.
Барлық графикалық жұмыстар 60х80 см планшетте беріледі.
Графикалық орындау әдістері: макеттің түсі, техникасы, материалы және мүсін автордың өз қалауы бойынша орындалады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 775 686 0610 телефоны арқылы білуге болады.