-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өз елінде өгейдің күйін кешкен

    17.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мемлекеттік тіл, Руханият, Саясат
    Тіл тұғыры  отбасынан басталады
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Өз елімде жүріп, өз тілімде сөйлеуге именетін халге жеттім. Өзге тілді толық түсінбеген соң жан-жағымның бәрі жат бола бастады. Рас, орыс тілін білмегенім үшін еленбей қалатын сияқтанып, шетқақпай көрген сәттерім көбейді. Тілшілік қызметімде күллі қазақтың жағдайы баяндалатын жиыннан келіп, қолыма қалам ұстаудың орнына, алдымен Google-аударманы іздейтін болдым. Неге бұлай? Неге өз елімде өз тілімде сөйлеп, өз тілімде түсіндіре алмаймын? Неге өз ойымды ана тілімде еркін жеткізуге мүмкіндік жоқ? Бұл мақалада мен осы сұрақтарға жауап іздедім. Ресми жиындардың орысша өтуі, баяндамалардың орыс тілінде жазылуы, тіпті қаракөз бауырларымыздың өз тілін жатсынуы мені әбден мезі етті. Қазақы қадіріміз бен құндылығымыз артып барады деп бөркімізді аспанға атқанымызбен күннен-күнге туған тілден алыстап, рухани жұтаңдануға бет бұрған секілдіміз.

    Қазіргі таңда екінің бірінің ойы орысша өріліп, тілінің шұбарлығы көрініп тұрады. Міне, ана тіліміз туралы толғанғанда жан ауыртып, жүрек сыздатар ауырлық та осы. Алғашқы сатыдан түспеуі тиіс тіліміз ауызекі тілдесуде ғана қолданылып, маңызды жайттарда ысырылып қалуы жүрекке зіл батпан жүк салуда. Егеменді ел атанғанымызға отыз жылдан асса да мерейінен көрі мұңы басым болып тұрған мемлекеттік тіліміз өз үйімізде өзімізге өгей болып бара жатқандай. Менің бұлай шырылдап, тіл қайғысын ыңылдап айтуыма бүгінде ел көлемінде өтіп жатқан талай ресми жиындар мен кеңестер, семинарлар мен форумдар басты себеп. Қазақ тілінде өтетін шараны естіп, болмаса жиын барысында құлағымызға бірер мемлекеттік тілдегі сөз тисе қуанатын болдық. Орысша ойлап, өзге тілде сөйлеген көпшіліктің ішінен қазақ тілін қолданғандарды байқағанда басқа елде жүргендей, басқа мемлекеттен бауырыңды тапқандай шаттанатынымыздың несін жасырайын. Баяндамаларын орысша жазып, орысша сөйлеп, сол тілде елдің тағдырын шешіп жүргендерге жасайтын шараң да болмайды екен. Шара қылмақ түгілі, өткен шарадан не түсініп, нені жазамын деген ой-ақ санаңды билеп, өз-өзіңнен сүмірейіп қалатының тағы бар. Ал қазақ тіліндегі нұсқасы болса Google-аудармашының еншісінде. Қазақ тілі – өз еліне екінші реткі, қосалқы тіл ретінде ғана қатысып отырғандай. Менің ойымша бұл – тілге емес, тұтас ұлтқа жасалған қиянат.

    Өкініштісі бұл тек шенеуніктерге ғана тән құбылыс емес. Қазақтың өз қаракөздері, өз балалары да бүгінде бір-бірімен орысша сөйлеседі. Үйде де, түзде де бір-бірімен орыс тілінде тілдескенді «заманауи», «интеллигент» болудың белгісі санайтындардың сапы көбейген. Осыдан да болар, ата-аналар да ұшуға дайын балапандарының қанатын орысша оймен қомдайды. Үйде баласының теледидар, ұялы телефоннен не көріп отырғанын білмейтін ата-ана, заманауи болсын деп жаны қазақ, рухы таза балғындарын балабақшада қазақ тобынан гөрі орыс тобына беруді жөн көреді. Ал мектеп қабырғасындағы бүгінгі жастар тіпті  қазақ тілін қолданыстан алып тастаған десек болады. Туған тілінде тілдесіп жүрген балаларды көрмегелі қашан?! Бұның бәрі тек тілдің емес, сананың жұтаңдануынан. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді қазақ. Егер бала өз өмір жолында өз тілін толық танымай, өзге тілдің үстемдігін біліп өссе, одан қандай болашақ күтпекпіз?! Өскенде министр болсын деген балғындарымыздың, жетілгенде мінберден өзге тілді құп көріп, басқа тілді құт көріп жоғарыдағыдай халге апаратынына куә болармыз. Күллі қазақтың жағдайы сараланып, ұлт үшін атқарылар қызметтер талқыланатын түрлі жиын-шараларды орысша өткізіп, ұлт тәрбиесін өзге тілге жүктеп, тіліміздің уызынан айырылып қалмасақ болды. Қазіргілер соны білмейді дейсіз бе? Біледі, әрине. Ата-заңымызда да ана тіліміздің айбыны тайға  таңба басқандай көрсетілген. Ендеше, заңның міндеттері неге орындалмайды?! «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп конституцияда ашық та анық жазылған. «Тіл туралы» Заңымыз, бағдарламаларымыз бар, тіпті науқандар да жетерлік. Бірақ заң сөреде қалып, өмірде іске аспай жатса, ол – заң емес, жай ғана декорация. Биліктегі жиындарда, халыққа есеп беру кездесулерінде, ақпарат құралдарының хабар таратуында, жарнамаларда қазақ тілін көлеңкеде қалдырып, орыс тілін алға шығарып жүргендерді заңға да, санаға да, елдік ұстанымға да қарсы деп топшылаймын.

    Бір ұлт екі тілде сөйлеуге үйренсе, рухани жіктелу басталады. Тіл – тек қатынас құралы емес, ол – болмыстың, діл мен діннің, дәстүр мен тарихтың айнасы. Тілді жоғалту – ұлттық мінезден айырылу, ұлттық мүддеден безіну. Тілінен айрылған ұлт – үнсіз ұлт, үнсіз ұлт – құлдыққа дайын ұлт. Ал ендеше, ендігі кезекте не істемек керек?! Ең алдымен, мемлекеттік деңгейдегі барлық ресми жиын, кеңес, жиналыс тек қазақ тілінде өтуі тиіс. Бұл талапты заңмен емес, сана мен сеніммен бекіту қажет. Барлық құжат, баяндама, тұжырымдамалар тек қазақ тілінде дайындалып, қажет болса өзге тілге аударылуы тиіс – керісінше емес. Білім мен тәрбие беру жүйесінде қазақ тілі басым болуға міндетті. Мемлекеттік қызметкерден бастап кез келген ресми тұлға қазақ тілін еркін меңгеріп, күнделікті жұмыс тіліне айналдырмаса, тіл саясатының шынайылығы күмәнді бола бермек.

    Менің ойымша мемлекет өзіне-өзі иелік етуі үшін ең алдымен тіл үстемдігін арттыру керек. Себебі тіл – тағдыр. Ол – халықтың жүрек соғысы, жан дауысы. Тіліне құрметсіз ел – тарихына да, ертеңіне де немқұрайлы қарайтыны анық. Ал біз болашаққа үмітпен қарағымыз келсе, бүгін тілімізге тірек болайық. Ана тілімізді төрге оздырсақ қана еш жерде, ешкімнің алдында  төмендемейтініміз анық.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Сұранысқа ие Sarbi немесе сапалы аяқ киім тігу кәсібі қалай басталды?

    Сұранысқа ие Sarbi немесе сапалы аяқ киім тігу кәсібі қалай басталды?

    2 years ago
    Алматы облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Ашықтыққа негізделген

    6 months ago
    Премьер-министр Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жоспарымен танысты

    Премьер-министр Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жоспарымен танысты

    1 year ago
    Қайраткердің әділет тақтасы

    Қайраткердің әділет тақтасы

    1 year ago
    Білім мен ғылымның «қара шаңырағы» ҚазҰУ құрылғанына 90 жыл

    Білім мен ғылымның «қара шаңырағы» ҚазҰУ құрылғанына 90 жыл

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.