-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есеп жарияланып отырады

    21.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Үкімет
    Су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есеп жарияланып отырады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

    Су саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстандағы су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есепті жыл сайын өзінің ресми сайтында жариялап отырады. Бұл талап биыл сәуір айында Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Су кодексінде көзделген.

    Ұлттық есеп – бұл елдегі су қорының жай-күйі, оны қорғау және пайдалану бойынша өткен күнтізбелік жылға арналған талдау есебі.

    Онда негізгі өзендердің су мөлшері, су ресурстарының су шаруашылық бассейндері, өңірлер және экономика салалары бойынша пайдаланылуы жөнінде талдау, су шаруашылығы мен гидротехникалық құрылыстардың, оның ішінде мемлекетаралық құрылыстардың саны мен жағдайы туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ құжатта су қорын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар, инвестициялық жобаларды іске асыру және заманауи технологияларды енгізу туралы ақпараттар баяндалған.

    «Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар есеп беру үшін ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұсынуға міндетті. Ұлттық есептің өзі 1 мамырдан кешіктірілмей жарияланады. Бұл Қазақстандағы су ресурстарын басқару мен пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс. Су кодексінің өзі биыл 10 маусымда күшіне енеді. Сондықтан біз бұл есепті 2026 жылдан бастап жариялай бастаймыз», – деді Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.

    Ұсынымдар

    Алматыны іргелес аудандармен жалғайтын ЖРТ салу меморандумына қол қойылды

    Алматыны іргелес аудандармен жалғайтын ЖРТ салу меморандумына қол қойылды

    2 years ago
    Қонаевта — “Төрлет, әз-Наурыз” мерекелік думаны

    Қонаевта — “Төрлет, әз-Наурыз” мерекелік думаны

    1 year ago
    Жаңашылдыққа жол ашады

    Жаңашылдыққа жол ашады

    4 months ago
    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    6 months ago
    Арнаулы кәсіптік жәрдемақыны қандай жағдайда алуға болады?

    Арнаулы кәсіптік жәрдемақыны қандай жағдайда алуға болады?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.