-13 °c
Qonaev
Wednesday, May 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Татулық тірегі

    19.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Татулық тірегі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Балқаш аудандық Мәдениет үйінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі»  атты фестиваль өтті.

    Мәдени шараға Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Айбол Нүсіпқожаев, Халықаралық қазақ тілі қоғамы облыстық филиалының төрайымы Күлзира Сейтбекқызы, облыстық тіл оқу-әдістемелік орталығының директоры Қуаныш Амантай арнайы қатысты.

    Алыстан ат терлетіп келген қонақтарға мектеп оқушылары Алаш арыстарының ұрпақ болашағы үшін жазып кеткен рухты өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Аудандық балалар өнер мектебінің ансамблі күмбірлете күй шертті, кітапхана мен аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері дайындаған көрме де көпшіліктің көңілінен шықты.

    Аудандық тіл фестивалінде алғашқы болып сөз кезегін алған Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев: «Қазақ тілі – қазақтың жаны! Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз», – деп атап өткендей, еліміз мемлекеттік тілдің жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөліп келеді.

    Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бағытындағы нәтижелі жұмыстардың арқасында халықтың тарихи жады қайта тіріліп, өшкені жанды. Бүгінде қоғамымызда «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген берік сенім, ертеңгі күнге деген жарқын үміт түбегейлі орнықты. Мемлекеттік тілге құрмет артқан сайын тұрақтылық пен бірлік те нығая береді», – деген аудан басшысы өңірде мемлекеттік тіл мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға баса тоқталып, тіл жанашырларының есімдерін атап, шараға жиналған көпшілікті құттықтады.

    Аудан әкімінің құттықтауынан кейін кезек марапаттауға берілді. Аудандық «Балқаш өңірі» газеті редакторының орынбасары Бақтығали Дәуітбаевқа «Үздік тіл майталманы», «Шапағат» медалінің иегері, «Алаш» онлайн мектебінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері, «АМАNАТ» партиясының қалалық кеңес мүшесі, жерлесіміз Алина Канға  «Үздік тіл шебері», Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жазира Тезекбаеваға «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы», Бақанас ауылының жеке кәсіпкері Гүлнұр Ақбергеноваға «Тілге жанашыр үздік кәсіпкер»,  аудандық кітапхананың бағдарламашысы Диана Ирсаеваға «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша ақшалай сый-сияпат және аудан әкімінің арнайы дипломдары табысталды.

    Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Данияр Дүйсенбіұлы мен  «Алаш» онлайн мектебінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Алина Александровна мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөнінде бірқатар мәселені ортаға салды.

    Тіл фестивалінде аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Бақанас театрының» әртістері және Б. Бейсекбаев атындағы мектеп – гимназиясының ұстаздары сахналық қойылым көрсетті. Сонымен қатар  аудан өнерпаздары дәстүрлі және патриоттық әндерді тамылжыта орындап, мерекелік шараның көрігін одан сайын қыздыра түсті. Осылайша қыдыр түнеп, бақ дарыған қасиетті өңірде «Тіл – татулық тірегі»  фестивалі дүркіреп өтті.

    Өз тілшіміз,

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    11 months ago
    Кенесары жұмбағы

    Кенесары жұмбағы

    10 months ago
    Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

    Қызылша – қауіпті дерт

    1 year ago
    Тұма жырдың тұнбасы

    Тұма жырдың тұнбасы

    3 weeks ago
    Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке мәресіне жетті

    Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке мәресіне жетті

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>