-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тозығы жеткен жол қашан жөнделеді?

    26.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Мәселе
    Көше сәнін кетірген
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Тозығы жеткен асфальт, жырым-жырым болған жол, ойдым-ойдым ойықтар… Бұл – Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы Жансүгіров көшесінің қазіргі көрінісі. Әр шұңқыр көлік жүргізушілері үшін сынға, ал жаяу жүргінші үшін қауіпке айналған. Әсіресе көктемгі жауын-шашында жол көлкіген суға толып, шұңқырлар мүлде көрінбей қалады.

    Іле ауданы әкімдігінің берген ақпараты бойынша, ауданда жалпы ұзындығы 656 шақырым жол бар. Оның 303 шақырымы – облыстық маңызы бар жолдар. Атап айтқанда, Өтеген батыр ауылындағы Жансүгіров және Әубәкіров көшелері, Байсерке ауылындағы Арқабай, А. Тоқпанов ауылындағы Сейдалиева, Жайнақ ауылындағы Кошелеков, Боралдайдағы Аэродромная, Жаужүрек, К.Әзірбаев көшелері және Кенен Әзірбаев ауылындағы Алматинская көшесі – осы облыстық маңызы бар жолдардың қатарында.

    Қазіргі таңда осы облыстық жолдардың сапасына қатысты  тұрғындардың наразылығы жиі байқалуда. Өйткені ауыл халқының басым бөлігі күнделікті осы жолмен қатынайды. Жол қозғалысының тығыздығымен қатар тозуы да тұрғындарға үлкен қиындық туғызып отыр.

    Жол мәселесін шешу мақсатында тұрғындар бірнеше мәрте аудандық әкімдікке шағымданған. Алайда өтініш иелеріне жауап берген Іле ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалғас Сүлейменов жолды жөндеу мәселесінің ауданның құзыретіне кірмейтінін түсіндірді. Оның айтуынша, Жансүгіров көшесі Өтеген батыр ауылында орналасқанына қарамастан, облыстық маңызы бар жолдардың қатарына енеді. Заңға сәйкес, аудан әкімдігі мұндай жолдарға қаржы бөле алмайды әрі жөндеу жұмыстарын тікелей ұйымдастыруға құқығы жоқ.

    «Әр жол өзінің мәртебесіне сай жауапты органның құзыретінде болады. Жансүгіров көшесі – аудандық емес, облыстық маңызы бар жол. Әр жол өзінің маңызы мен мәртебесіне қарай заңмен белгіленген тәртіп бойынша бөлінеді. Сондықтан аудан әкімдігінің бұл жолға қаржы бөлуге де, жөндеу жұмыстарын жүргізуге де құқығы жоқ», – деді Жалғас Мұратұлы.

    Көлік жүргізушілерінің сынағы

    Өтеген батыр ауылында күн сайын шұрық-тесік жолдармен қатынауға мәжбүр тұрғындар үшін қазіргі жағдай – сабыр мен шарасыздықтың сынға түскен кезеңі. «Қолдан келер шара тек күту ғана…» деп күрсінген халықтың сабыры күн сайын сыналып келеді. Бірақ көліктердің бүлініп, жөндеу шығындарының көбеюі жүргізушілерді қажытып-ақ жіберді.

    33 жылдық жүргізушілік өтілі бар ауыл тұрғыны Бақыт Қанатұлы жолдың қазіргі ахуалын ашына жеткізді. Оның айтуынша, жол бойындағы шұңқырлар жүргізушілерді бір-бірінен қашуға мәжбүрлеп, апатты жағдайдың орын алуына себеп болып отыр.

    «Шұңқырдан қашамын деп көліктер соқтығысып жатыр. Жолдың сапасыздығынан күнұзақ кептеліс үзілмейді. Кеше алдымдағы көлік шұңқырға түсіп, дөңгелегі ұшып кетті де, жол ортасында тоқтап қалды. Соның салдарынан ұзақ уақыт кептелісте тұрдық. Бұл жолдың кесірінен әр көлік иесі күн сайын бір бөлшек ауыстыруға мәжбүр», – дейді Бақыт Мұхаметалиев.

    Өз күнкөрісін көлік жүргізу арқылы тауып жүрген тағы бір ауыл тұрғыны Ерболат Мұхаметов те шұрық-тесік жолдардың жеке қалтасына ауыр салмақ түсіріп жатқанын жасырмады. Оның сөзінше, жолдағы ойықтардың салдарынан көлігіне келген залалды жөндеуге 20 мың теңгеден астам қаражат шығындауға тура келген.

    «Өзім көлік айдаумен отбасымды асырап жүрмін. 20 мың теңге – аз ақша емес. Оның үстіне бұл бір реттік шығын емес, күн сайын осы жолмен жүретін болған соң, мұндай жағдай қайта-қайта қайталанып жатыр. Әр жөндеу көлігімді де, қалтамды да қажытып барады», – деді Ерболат Мұхаметов.

    Неге кешеуілдеп жатыр?

    Өтеген батыр ауылындағы Жансүгіров көшесінің жөнделмеуінің басты себебін Іле ауданының жауапты мекемелері конкурс рәсімдерінің сәтсіздігімен түсіндіреді. Ресми мәліметке сүйенсек, облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу мақсатында бірнеше рет конкурс ұйымдастырылған. Алайда төрт рет өткізілген конкурсқа да бірде-бір мердігер компания қатыспаған. Соның салдарынан жөндеу жұмысы осы күнге дейін басталмай отыр. Ал аудан әкімдігінің балансындағы ішкі көшелерде, керісінше, жөндеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Биылғы жоспар бойынша Өтеген батыр ауылындағы жеті көше жаңартылмақ. Дегенмен тұрғындар наразылық білдіріп отырған негізгі мәселе – Жансүгіров көшесінің жағдайы сол күйі шешімін таппаған. Қашан жөнделетіні әзірге белгісіз.

    Қолдан келер амал – күту

    Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қазіргі уақытта Жансүгіров көшесін жөндеуге қатысты жаңа конкурс өткізіліп жатқанын хабарлады. Басқарма өкілдерінің айтуынша, мердігер компания анықталған сәтте жол жөндеу жұмысы бірден басталмақ. Алайда құрылыс басталатын нақты уақыт әлі белгісіз күйінде қалып отыр.

    Бүгінде Өтеген батыр ауылының тұрғындары әр күн сайын шұрық-тесік жолмен жүруге мәжбүр. Әр шұңқырды айналып өтуге тырысып, көліктерінің техникалық ақаусыз жетуін ғана ойлайды. Ойдым-ойдым шұңқыр жолдар жергілікті халық арасында «бомбалаудан кейін қалған іздер» деген атаумен әлеуметтік желіде кең таралып та үлгерді.

    Жансүгіров көшесінің бүгінгі күйі – тек асфальттың тозғанын емес, мемлекеттік деңгейдегі шешімдерді сарылып күткен ауыл тұрғындарының сабыры мен үмітінің үзілуге шақ тұрғанын көрсетеді. Әзірге қолдан келер жалғыз шара – күту ғана.

    Бағдат ШОЙБАС

    Ұсынымдар

    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    1 year ago
    Президент: 5G мерзімінен бұрын енгізілуі тиіс

    Президент: 5G мерзімінен бұрын енгізілуі тиіс

    2 years ago
    Бауыржан Әукен: Үрейдің негізгі себебі – Қытаймен көрші болуымыз

    Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим орнады

    2 years ago
    Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    10 months ago
    Теңге ілуден көшпенділер ойындарына қатысатын спортшылар анықталды

    Теңге ілуден көшпенділер ойындарына қатысатын спортшылар анықталды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.