-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Түлектер тағылымы

    16.05.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Түлектер тағылымы
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында орналасқан Абай атындағы қазақ орта мектебінің түлектері жылда алтын ұя мектебінде кездесуді дәстүрге айналдырған. Сол дәстүрмен биыл алтыншы жыл қатарынан білім ордасында кездесу ұйымдастырылып, шағын футболдан турнир өтті.

    Білім нәрімен сусындатып, тәрбие негізін бойға сіңіріп, үлкен өмірге қанат қақтыратын білім ордасы – мектеп әр адамның жүрегінде ерекше орынға ие. Балалықтың әдемі естеліктері, адал достықтың негізі, пәк сезімнің бастауы да мектеп қабырғасында қаз-қалпында сақталып тұрғандай. Сол бір алаңсыз кездің куәсі болу үшін онда қайта оралып бара бергің келетіні де жасырын емес. Абай атындағы қазақ орта мектебінің түлектері осынау керемет күйдің қадірін жақсы біледі.

    Білім ошағынан әр жылдары түлеп ұшқан сыныптас құрбы-құрдастар жиналып, зейнеттегі ұстаздарын ортаға алып, кешегі күннің әсерлі естеліктерімен бөліседі, концерттік бағдарлама, спорттық жарыстар ұйымдастырады. Сонымен қатар түлектердің қаржылай демеушілігімен химия, тарих, ағылшын тілі, орыс тілі, математика, АӘД, бастауыш сынып кабинеттері қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Мектеп музейі, ардагер-ұстаздардың құрметіне ашылған 11 кабинет те түлектер мен ұстаздардың атсалысуымен жабдықталған.

    Мұндай кездесулер бүгінде мектеп қабырғасында білім алып жатқан оқушыларға рухани тәрбие беріп, балалардың бойына адамгершілік, үлкенге құрмет, қамқорлық сынды адами асыл қасиеттерді дарытып, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың нығая түсуіне себеп болары сөзсіз.

    Биылғы кездесуді 1990 жылы бітірген қыз-жігіттер ұйымдастырып, 500-дей түлек қатысты.  1991-1995 және 2000-2010 жылдары мектеп тәмамдағандар мен былтыр ғана студент атанған шәкірттерден 24 команда жиналып, мини футболдан өткен жарыста әдемі ойын көрсетті.

    Әрине, бұл турнирде бәрі жеңімпаз болды. Алтын ұя мектебінің абыройын асқақтатып, ортақ мүддеге біркісідей жұмылған Абай атындағы қазақ орта мектебінің кешегі оқушылары – бүгінгі шәкірттерге зор мақтанышпен үлгі тұтар аға буын.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Шебердің қолы ортақ

    Шебердің қолы ортақ

    5 months ago
    Саяжайда жаңа көпір салынады

    Саяжайда жаңа көпір салынады

    2 years ago
    Жас ұрпақ жадында

    Жас ұрпақ жадында

    2 weeks ago
    Пластикалық затқа сұраныс көп

    Пластикалық затқа сұраныс көп

    2 weeks ago
    Қапшағайда 8 адам мінген қайық суға батып кете жаздады

    Қапшағайда 8 адам мінген қайық суға батып кете жаздады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.