-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    Қазақстанның барлық өңірінен келген 350 өндіруші өз өнімін Астанадағы «Ulttyq ónim» VIII отандық өндірушілер көрмесінде ұсынды

    16.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    EXPO халықаралық көрме орталығында басталған сегізінші жыл сайын өтетін көрмеде қазақстандық өндірушілер тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, жабдықтар, зергерлік бұйым мен басқа да мыңдаған тауар түрін ұсынды. Экспозицияға қатысқан барлық кәсіпорынға еліміздегі шағын және орта бизнеске қолдау жасайтын негізгі қаржы институты «Даму» қоры қаржылай және басқа да көмек көрсетті.

    «Ulttyq ónim сегізінші көрмесі – отандық кәсіпкерлікті дамытудың ең жақсы дәлелі мен көрінісі. Өндірушілер еліміздің ішкі нарығындағы ұстанымын нығайтып, экспортқа шығуда. Шетелде танымал брендке айналып жатыр. Ал шағын және орта бизнесті мемлекеттің қолдауы тек күшейе бермек. Биыл экономиканың нақты секторын жедел дамытуға бет бұрдық. Мемлекет ақпараттық технология, логистика, туризмге, тамақ өнімін, құрылыс материалын өндіруге, машина жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі сияқты басым салалардағы ШОБ инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады. Бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті көрменің ашылуында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

    Көрмеде ас үй плиталары, желдеткіш, медициналық жабдықтар, трансформаторлар, құрама жем, чемодандар, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, антисептиктер, киім, аяқ киім және басқа да сұранысқа ие тауарлар ұсынылған. Қатысушылардың бірі зарарсыздандыру және жуу құралын өндіруші «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда косметикалық өнімнің 40, тұрмыстық химияның 55, зарарсыздандыру құралының 80-нен астам түрі бар.
    «Біз өнім өндіруде тиімділікке, қауіпсіздік пен тауардың тым қымбат болмауына баса назар аударамыз. Бізден ыдыс жууға арналған сабын, сұйық сабын, әйнек жууға, ас үйге, кір жууға арналған тұрмыстық химияны сатып алуға кеңес береміз. Біз желіні үнемі жаңартып отырамыз. Жаңа өнімдердің арасында үй мен кеңсеге арналған хош иісті диффузорлар бар. Booboo брендімен балаларға арналған өнімдердің сан алуан түрін шығарудамыз. Өнімдеріміз Қазақстандағы сауда желілерінде, маркетплейстерде және таяу шет елдерде кеңінен ұсынылған», — деді «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС өңірлік директоры Ермек Еркінов.

    2024 жылы «Бәйтерек» холдингінің субсидиялау және кепілдік беру құралдары арқылы Үкімет бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруға 336 млрд теңге бөлді. 2,7 мың жобаға 254 млрд теңге жеңілдетілген несие берілсе, жалпы 29,5 мың жоба 1,7 трлн теңгеге мемлекеттің қолдауына ие болды. Бұл шаралар 9,7 мың жұмыс орнын ашуға, 25,4 трлн теңгенің өнімін шығаруға, 1,7 трлн теңге салық түсіміне мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2024 жылы ШОБ секторында жұмыспен қамтылғандар үлесі халықтың 48%-на тиесілі болса, ЖІӨ-ге қосылған үлес шамамен 40%-ды құрайды.

    Ұсынымдар

    Татулығы жарасқан

    Татулығы жарасқан

    12 months ago
    Дән егілді

    Дән егілді

    1 month ago
    Қонаевтағы референдумда 70 жасар қария бата беріп, өз таңдауын жасады

    Қонаевтағы референдумда 70 жасар қария бата беріп, өз таңдауын жасады

    8 months ago
    Дыбысты дабыл қосу алгоритмі қайта қаралып жатыр

    Дыбысты дабыл қосу алгоритмі қайта қаралып жатыр

    1 year ago
    Рұқсат етілмеген орында сауда жасағандарға айыппұл салынды

    Рұқсат етілмеген орында сауда жасағандарға айыппұл салынды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>