-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ұстаз бейнесі ұмытылмайды

    27.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Ұстаз бейнесі ұмытылмайды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім» деп, ұстаздың орнын ерекше айшықтап көрсеткен. Бұл – қазақ халқын әлемдік өркениет пен ғылымға жетелеген Алаш ардақтысының келер ұрпақтың көкірегіне білім сәулесін түсіргісі келген жандарға нұсқаған бағдары іспетті бағалы сөз. Ал сол арыстардың арман-мұратын көкейіне тоқыған  кез-келген жанның  ұлттық рухты жас  ұрпақтың  санасына сіңіруд Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім» е аянбай  еңбек етері ақиқат.

    Аяулы ұстаз Айгүл Мұқаева өзінің саналы ғұмырын жас ұрпақтың жарқын болашағына арнады. Педагогика саласындағы алғашқы  еңбек жолын 1990 жылы Асы ауылдық округіндегі Оқушылар мен жасөспірімдер орталығының әдіскері болып бастады. Әр жылдары ауылдық кеңестің хатшысы, ҚР ҰҒА Адам және жануарлар физиологиясы институты кадрлар бөлімінің аға инспекторы, Еңбекшіқазақ ауданы Б.Майлин атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, аудандық білім бөлімінің жетекші маманы, Х.Абдуллин атындағы орта мектептің директоры ретінде өнімді еңбек етті. Ал 2015 жылдан соңғы демі сарқылғанша Еңбекшіқазақ ауданының Өрікті ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектептің директоры қызметін абыроймен атқарды.

    Айгүл Омарқызы – оқушылармен қарым-қатынаста үйлесімділік құра білген ұстаз. Ол алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге әрдайым дайын жан еді. Өз мамандығын жоғары деңгейде меңгерген, адамгершілігі мол ұстазбен қызметтес болғанын үлкен қуаныш санайтын әріптестері де аз емес.

    – Марқұм Айгүл Б.Майлин атындағы орта мектепке 2001 жылы әдіскер болып қызметке келді. Орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін. Өз ісінің шебері, өте тыңғылықты, жұмысына жан-тәнімен берілген маман иесі болатын. Жауапкершілігі де жоғары еді. 2008 жылы басқа мекемеге ауысып, ол жерде де жемісті қызмет етті. Ал 2015 жылдың соңында  қайта Б.Майлин атындағы орта мектепке басшы болып оралды. Бұл ортада  өткен жылдың  шілде айына дейін белсенді еңбек етті. Басшылық қызметінде ұстаздар қауымын ұйымдастыра отырып, ұжымның бірлігін  арттыруға зор үлес қосты. Ол ұлағатты, білімді, жанашыр, үнемі күліп жүретін, ұжымға ешқашан ренішін көрсетпейтін, қабағын түймейтін, жан-жағындағы адамдарға қолынан келгенше көмек беруді ғана ойлайтын жан еді. Айгүл Омарқызының осындай ерекше қасиеті мен жарқын бейнесі жадымызда мәңгі қалады, – дейді мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Зүлфия Жұмабекқызы.

    Саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты ұстаз еселі еңбегі үшін облыстық  және аудандық деңгейдегі  түрлі марапатқа ие болды. Ол мектеп басқарған жемісті жылдарда Бейімбет Майлин атындағы мұражай, оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында «Табиғат» орталығы  ашылды. Сол бір кезеңде аталмыш білім ордасында ойы озық, үнемі шығармашылық ізденісте жүретін ұстаздар тобы қалыптасты. Олар республикалық және халқыралық білім бәсекелерінде топ жарып, мектеп  мерейін үстем етті.

    Айгүл Омарқызы көзінің тірісінде мерзімді баспасөзді ақпарат таратушы ғана емес, тұтастай елдің рухани-мәдени өркендеуіне үлес қосатын, елдік мұрат-мүддені дәріптейтін, тұлғатану ілімі мен өлкетану құндылығын насихаттайтын, тіл ұстартып, тәрбие беретін бірегей идеологиялық құрал деп білді.  Сондықтан да  түрлі  газет пен журнал беттерінде еліміздің білім беру саласындағы өзекті мәселер жайында ой толғап отырды. Бұл орайда  жаңа түлеген  облыстың төл басылымы  –   «Алатау арайы»  газетін  қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал ететін қуатты медиа-ресурс, билік пен халық арасындағы алтын көпір ретінде бағалап, айырықша қолдау көрсеткенін атап өткіміз келеді. Айгүл Омарқызы  сөз жоқ, ұстаздықты ұлттың барша арманы мен мұратын ар қылған ізгілік пен өнегенің жолы деп ұқты. Аяулы ұстаздың білім саласына сіңірген өнегелі ісі оның әріптестері мен шәкірттерінің жадында жаңғыра бермек. Өйткені өзі өмірден өтсе де, ұрпақ болашағына, тәрбие мен білім кеңістігіне қосқан елеулі үлесі ел есінен кетпейді.

    Ерзат АСЫЛ

    Еңбекшіқазақ  ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды

    2 months ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    2 years ago
    ЭНЕРГЕТИКА – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

    ЭНЕРГЕТИКА – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

    3 months ago
    Боз кілемде белдесті

    Жас балуандар бәсекесі

    5 months ago
    Алматы облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

    Алматы облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.