-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жамбылдағы жарқын күн

    02.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Жамбылдағы жарқын күн

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан Халқының бірлігі күні Жамбыл ауданында да лайықты атап өтілді. Түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оған тұрғындар көптеп қатысты. Елдің тұтастығы мен ырыс-ынтымағы,  халықтар достығы паш етіліп, ән мен жыр қалықтады. Ақындар мен батырлар елінің тұрғындары шат-шадыман көңіл-күйде орталық көшелерде серуендеп, мерекелік концерт пен ұлттық ойындарды тамашалады.

    Қарасу ауылдық округінің әкімшілік орталығы Сарыбай би ауылындағы Мәдениет үйі күрделі жөндеуден соң қайтадан қолданысқа берілуі осы мерекемен тұспа-тұс келді. Осыған орай мұнда Қазақстан Халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Оған аудандық мекеме, ұйым басшылары, ауыл әкімдері және қоғамдық бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың мүшелері қатысты. Көрермен назарына Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы туралы «Бірлік бесігі» атты бейнефильм ұсынылды. Аудан әкімі Нұрлан Ертас жұртшылықты мерекемен құттықтап, бейбіт өмір мен бауырмалдықтың, өзара сенім мен сыйластықтың жарқын көрінісіндей болған атаулы күннің маңызын атап өтті. Тарихи оқиғаларды еске салып, ортақ құндылықтарды қадірлеуге шақырды. Бүгінгі бейбіт өмір мен тұрақтылық барша отандастарымыздың ортақ жетістігі. Ел басына күн туған шақта ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бір атаның баласындай болу бұлжымас өмір салтына айналуы тиіс. Ауданда 30-дан астам этнос өкілі бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Отандастар өткен тарихымызды, бүгінгі жетістігімізді және ортақ болашағымызды ешқашан естен шығармауы қажеттігін айтты.

    Салтанатты жиында бірқатар азаматқа «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалі, аудан әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамоталары тапсырылды. Марапатталғандар арасында ақсақалдар мен аналар кеңестерінің төрағалары, түрік, ұйғыр, орыс, татар-башқұрт этомәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен мүшелері бар. Сондай-ақ бірнеше көпбалалы анаға әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған тұрғын үйлердің кілті табысталды.

    Аудан орталығындағы Мәдениет үйінің алдындағы алаңда этномәдени орталықтар көрме ұйымдастырып, келушілерді ұлттық құндылықтарымен таныстырды. Сондай-ақ көпшілік назарына суретшілер туындылары қойылып, ұлттық ойындардан жарыс өтті. Сахнада аудан орталығындағы мектептердің өнерлі оқушыларының концерттік бағдарламасы тамашаланды. Соңынан «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әртістері ән мен жырдан шашу шашты.

    Ал шалғайдағы Дегерес ауылындағы атшабар алаңында бұл күні бәйге өтті. Оны осы елдімекендегі Оспанхан Әубәкіров атындағы орта мектебінің түлектері ұйымдастырды. Облыстық «Бәйге» федерациясы белгілеген тәртіппен өткізілген ат жарысына 50-ге жуық шабандоз қатысып, алыс-жақыннан атбегілер баптап әкелген небір жүйріктер жарыс жолында сыналды. Қорытындысында бабы мен бағы қатар шапқандардың мерейі үстем болып, жүлдеге тағайындалған бағалы сыйлықтарды ұтып алды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Сақтықта қорлық жоқ!

    Сақтықта қорлық жоқ!

    3 months ago
    Монополияға қарсы заң бұзушылықтар жойылып, бақылау күшейді

    Монополияға қарсы заң бұзушылықтар жойылып, бақылау күшейді

    5 months ago
    Павлодар мұнай зауытында сұйытылған газды тазартудың жаңа кешені іске қосылды

    Павлодар мұнай зауытында сұйытылған газды тазартудың жаңа кешені іске қосылды

    3 months ago
    Алматы облысында «Ұстаздар күні» мерекесі аталып өтілді

    Алматы облысында «Ұстаздар күні» мерекесі аталып өтілді

    7 months ago
    ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

    ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.