-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас ұрпақ жадында

    16.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Жас ұрпақ жадында
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Екінші дүниежүзілік соғыстың жаһанды жалмаған жалынының елімізде шарпымаған елдімекені, қасірет әкелмеген отбасы жоқ десек, артық айтқандық болмас. Ел басына күн туған шақта қазіргі Қонаев қаласына қарасты Қосқұдық ауылының азаматтары да қолына қару алып қан майданға аттанды. Олардың есімдері ешқашан ұмытылмайды.

    Жеңістің 80 жылдығына орай  ауыл орталығындағы сұрапыл соғыстан аман-сау оралған майдангерлердің, туған жердің топырағы бұйырмаған боздақтардың және Жеңіс үшін аянбай еңбек еткен тыл ардагерлерінің есімдері  қашалып жазылған ескерткіш жанында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты салтанатты жиын өтті. Шараның ашылу рәсімінде еліміздің Мемлекеттік Гимні шырқалып, №9 орта мектептің 11-сынып оқушысы Меруерт Әбішева Тутұғырдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жоғары көтерген соң, №9 орта мектеп директоры Гүлмира Елюбаева сөз алып,  жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Гүлмира Аманбайқызы зұлмат жылдардың жаңғырығы дәуір көшімен ілесіп жүре беретінін,  жас ұрпақтың баянды болашағы үшін жанқиярлықпен шайқасқан ата-апалардың есімдері қашан да халық жадында мәңгі сақталатынын, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын тілге тиек етті. Одан кейін сөз Қосқұдық ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Қонаев қаласының Құрметті азаматы, Білім беру ісінің үздігі Бейсетай Қашақбаевқа берілді.

    –  Жеңістің рухы  ел бірлігінің, татулық пен тұрақтылықтың символы саналады. Бүгінгідей бейбіт заманда ғұмыр кешуімізге себепкер болған майдангерлердің  көзін көрдік. Олардың естелігін, ақыл-кеңесін тыңдап өстік. Өзімнің  әкем де соғыс ардагері болған.   Жас ұрпақ бұл мерекенің тарихи маңызын жете түсініп, бейбітшілікті сақтау жолында жауапкершілік танытуы тиіс. Майдан даласында ерлікпен қаза тапқан боздақтардың, туған жерге  аман-сау оралып, ауылдың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың парызы,  –  деді ақсақалдар алқасының төрағасы.

    Келесі кезекте ауылдағы өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы  Келтай Шаяхметов және аталарының аруағына арналған туған жеріндегі ізгі шараға басқа өңірлерден арнайы келген қонақтар сөз алып, өскелең ұрпақты бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға шақырды.

    Салтанатты шарадан кейін «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген аталы сөзді басшылыққа алған соғыстан қайтқан солдаттар мен мәңгілік алауға айналған боздақтардың және тыл ардагерлерінің бүгінгі ұрпақтары ауыл мешітінің жанындағы қатымханада бас қосып, ата-баба ерлігіне тағзым етіп, аруағына Құран бағыштады.

    Дастарқан басында сөз алған ауыл жұртшылығы Отан қорғау жолында арын байрақ, намысын найза етіп жан аямай шайқасқан қосқұдықтықтардың ерен ерліктері жайында сөз қозғады. Сонымен қатар  өскелең ұрпаққа үлгі болар игі іс тындыруға мұрындық болған Бейсетай Тәнекеұлының бастамасын  ауызбіршілікпен қолдап, сауапты амалға бір кісідей атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

    Айжарық Көптілеуов

    Қосқұдық ауылы

    Қонаев қаласы,

    Ұсынымдар

    Ауылдар көркейе түсті

    Ауылдар көркейе түсті

    1 year ago
    Абзал жандар ардақталды

    Абзал жандар ардақталды

    1 year ago
    Аласармас азамат

    Аласармас азамат

    2 years ago
    БЕКЗАТ БОЛМЫС

    БЕКЗАТ БОЛМЫС

    7 months ago
    АҚЫН ЖЫРЫ МӘҢГІЛІК

    АҚЫН ЖЫРЫ МӘҢГІЛІК

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>