-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    30.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында суға шомылу маусымына дайындық пен табиғи өрттердің алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз – мәслихатында Алматы облысы ТЖД МӨББ бас маманы, азаматтық қорғау майоры Айғаным Мусекенова және Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Жанат Сариев мәлімдеді.

    Биыл шомылуға рұқсат етілген орындар саны 103-тен 120-ға дейін көбейтілмек. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында 4869 рейд жүргізіліп, 39 850 ақпараттық материал таратылған. 984 ата-анаға жадынамалар жеткізілді. Бұл жұмыстарға еріктілер, полиция және әскери бөлім қызметкерлері де атсалысты.

    Балалар ұшырайтын қайғылы жағдайлардың басты себебі – ата-аналардың салғырттығы. Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда демалған жөн, – деді Жанат Сариев.
    Сонымен қатар, табиғи өрттердің алдын алу бағытында да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. 2025 жылдың маусымына дейін облыс аумағында 2 орман өрті тіркеліп, жалпы ауданы 10,6 гектарды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз. Сондай-ақ 83 рейд жүргізіліп, 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
    Спикерлердің айтуынша, өрттің алдын ерте алу үшін орман шаруашылықтары «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Қазгидромет» және «Қазавиаорманқорғау» мекемелерімен бірлесіп жұмыс жүргізуде.
    Өрт пен судағы қауіпсіздік – әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігі. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы біз өз өмірімізді, отбасымызды және табиғатты қорғай аламыз. Суға мас күйінде түсуге, балаларды қараусыз қалдыруға, рұқсат етілмеген және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды. Орманда от жағуға, әйнек пен жанғыш заттарды қалдыруға және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамауға тыйым салынады, – деп түйіндеді спикерлер.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында АЭС құрылысына қолдау көрсету жұмыстары талқыланды

    Алматы облысында АЭС құрылысына қолдау көрсету жұмыстары талқыланды

    8 months ago
    Өңірдегі өрелі істер

    Өңірдегі өрелі істер

    4 months ago
    Энергетика министрі ХВҚ миссиясы өкілдерімен кездесті

    Энергетика министрі ХВҚ миссиясы өкілдерімен кездесті

    2 weeks ago
    2,5 пайыздық несие: «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі?

    2,5 пайыздық несие: «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі?

    2 months ago
    Тиісті шешім қабылданды

    Тиісті шешім қабылданды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>