-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жүрегі қазақ деп соққан

    01.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мереке
    Жүрегі қазақ деп соққан
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

             Корей ұлты өкілдерін Қиыр Шығыстан Орталық Азияға депортациялау 1937 жылы басталды. Сол жылы жапон әскерлері Қытайға басып кірген еді, ал Корея – Жапонияның бір бөлігі  саналатын. Қазір Қазақстанда 100 мыңға жуық этникалық корей тұрады. Қуғын-сүргін жылдары күштеп көшіруге ұшыраған корей диаспорасы өкілдерінің бірі – Надежда Им.

    Қазіргі кезде Талғар қаласындағы Оқушылар шығармашылық үйінің директоры қызметін атқаратын Надежда Анатольевна құжат бойынша ұлты корей болғанымен, болмыс-бітімі жағынан өзін қазақ қызы санайды.

    – Менің әкем Талдықорғанда, қазақ жерінде туып-өскен, ал ата-бабаларым бұл жерге 1937 жылы жаппай қуғын-сүргін жылдары қоныс аударылған. Анатолий Васильевич Им – әскери қызметші, бастапқыда Ташкент облысының Шыршық қаласында әскери қызметте болған. 1968 жылы оны Талғардағы әскери бөлімге жіберіп, 45 жыл осында әскери қызмет атқарды. Осы жерде қоныстанып, анам – Роза Сергевна Юнға үйленіп, отбасын құрады. Ол өндірістік автокөлік бірлестігінде аға диспетчер болып жұмыс істеді. Анам жақсы адам еді, әлі күнге көптеген такси жүргізушілері оның адал да үлкен жауапкершілікпен атқарған қарапайым еңбегін үнемі жылы сөздерімен еске алады. Үлкен өкінішке қарай, такси қызметін көрсету саласында ұзақ жылдар үлгілі еңбек еткен анашым 2021 жылы дүниеден өтті, – деп қамыға еске алды Надежда Анатольевна.

    Оның ата-анасы өмір бойы сүйіспеншілік пен өзара құрметке ие болды. Қызын да осылай тәрбиелеп, оқу-білімге баулыды. Надежда Талғар қаласындағы № 4 орта мектепті бітіріп, Есік педагогикалық училищесіне бейнелеу өнері және сызу бөліміне түсті. Одан кейін Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтында бастауыш білім беру әдістемесі мамандығы бойынша оқыды. Онымен де шектелмей, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында құқықтану мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

    – Еңбек жолымды «Артек» халықаралық лагерінде бастадым, кейін Талғар қаласындағы Пионерлер және оқушылар үйінде «Жасөспірім» үйірмесінің жетекшісі болып жалғастырдым. Жұмыстағы жауапкершілігімді, жан-жақты білімім мен қарым-қабілетімді байқаған болуы керек, аудан басшылығы маған жастармен жұмыс істеуді ұсынды. Осылай, 1999 жылдан бері Оқушылар шығармашылық үйінің директоры қызметін атқарып келе жатырмын, – деді ол өзі жайлы.

    Осы жерде 2001 жылға дейін Оқушылар үйінің өз ғимараты болмағанын айта кеткен жөн. Білікті басшының тынымсыз қарекетінің арқасында ауданның білім бөлімі бұл мекемеге қаланың оқу-өндірістік комбинатының ғимаратын беру жөнінде шешім қабылдады. Қазір мұнда 23 үйірме жұмыс істеп, 1077 бала өздері қалаған өнерді үйренуге мол мүмкіндік алып отыр. Олардың қатысуынсыз қалада бірде-бір мәдени-бұқаралық шара өтпейді деуге болады.

    – Мен көптеген этнос өкілдері бір атаның баласындай тату-тәтті, бейбіт те берекелі ғұмыр кешіп жатқан Қазақстанда өмір сүріп жатқанымды мақтаныш тұтамын. Шығу тегім корейлік болғанымен, осы елде туып-өскендіктен өзімді нағыз қазақтың қызы санаймын. Менің жеке тұлға ретінде қалыптасып, шығармашылық әлеуетімді жүзеге асыруға мүмкіндік берген туған еліме, тағдырыма дән ризамын. Бәрі де бірлік пен ынтымаққа байланысты. Бірлік бар жерде – береке, ынтымақ бар жерде – ырыс бар. Лайым, береке-бірлігіміз, ырыс-ынтымағымыз арта берсін, – деп ақ тілегін жеткізді  Надежда Анатольевна.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Ат үстіндегі сайыс

    Ат үстіндегі сайыс

    8 months ago
    Талғар ауданында үйді өртеу қылмысы бойынша тиісті сараптамалар жүргізілуде

    Талғар ауданында үйді өртеу қылмысы бойынша тиісті сараптамалар жүргізілуде

    8 months ago
    «Алтын адам» мәреге жетті

    «Алтын адам» мәреге жетті

    1 year ago
    Облыс тоғызқұмалақшылары әлем біріншілігінде топ жарды

    Тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирі өтеді

    11 months ago
    Алматы облысында 38 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырады

    Алматы облысында 38 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырады

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.