-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды

    17.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматыда ауыл оқушыларының ауқымды білім беру сайысы – IQanat Олимпиадасының финалы басталды. Оның іріктеу кезеңдері бүкіл ел бойынша бір жылдан бері өтіп келді. 50 мыңнан астам сегізінші сынып оқушысы жобаға қатысып, олардың ішінде үздік мың бала финалист атанды!

    Олимпиада аясындағы EQ-тест

    IQanat финалистері эмоциялық интеллект, көшбасшылық және кәсіпке бейімділік бойынша тесттен өтеді. Бұл – іріктеудің жаңа стратегиясы. Көп жағдайда баланың жетістіктерін мектеп пәндері бойынша білімі емес, «soft skills» дағдылары айқындайды. Осылайша, биылдан бастап қорытынды тестілеудің академиялық бөлігі 80%-ды құраса, қалған 20% бөлігі «жұмсақ» дағдыларға тиесілі болады.

    «Біздің міндетіміз – балалардың арасынан ең ақылдыларды емес, ең ынталы, бастамашыл және өз арманына қол жеткізу үшін күресуге дайындарын іріктеу. EQ-тест бізге мұндай балаларды тиімді таңдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, ең маңыздысы – баланы кейін қай бағытта дамыту керектігін айқындап береді. Эмоциялық интеллект икемді дүние, егер бала тәлімгерлер, тьюторлар және қолдау бар дұрыс ортаға тап болса, оның көрсеткіштері жақсарады. Мұндай тәсіл баланың қай тұсы мықты, ал қай жағын дамыту керектігін көрсетіп береді», – деді IQanat академиялық директоры Зухра Шегенова.

    Оқу-жаттығуға толы апта

    Тестілеу финал аптасының бір ғана күнінде өтеді. Уақыттың негізгі бөлігін ұйымдастырушылар балаларды оқытуға және ынталандыруға арнайды. Жасанды интеллект пен медиа сауаттылықтан бастап, кәсіби бағдарлау, бұқара алдында сөйлеу және ойлау дизайнына дейінгі түрлі тақырыпта тренингтер мен дәрістер болады. Балалар танымал бизнесмен, блогерлермен кездесіп, интерактивті ғылыми тәжірибелерге, reading-челлендждерге қатысады, ал ересек балалар Peer-to-Peer жобасы аясында қатысушылардың білімін толықтыруға көмектеседі.

    Айта кетейік, IQanat – Қазақстан кәсіпкерлерінің білім беру жобасы, қазір жоба қоғамдастығында 220 меценат бар, олардың әрбірі өз өңірінің балаларына қамқорлық танытып, олардың дамуына үлесін қосады.

    «Балалардың көпшілігі үшін бұл – өз ауылынан, өз өңірінен тыс үлкен қалаға алғашқы сапары. Олар тұңғыш рет университеттерді, бизнес орталықтарды, үлкен даңғылдарды көреді. Олардың санасында «Неге мен емес?» деген басты сұрақ туады. Неге мен осында оқып, елімізді өзгертуге жұмыс істемеймін? Біз балаларды онлайн форматта да тестілей аламыз, бірақ сегізінші сынып оқушыларын әдейі бүкіл елден жинап, басын қосамыз. Олар өз ауылдарының сыртында үлкен әлем барын көріп, ең бастысы, өз арман-мақсаттарына қол жеткізуге болатынын түсінеді», – деді … облысының қамқоршысы.

    Медеудегі маңызды кеш

    Олимпиада Медеу тау шатқалындағы стадионда қорытындыланып, үздік оқушыларды марапаттау рәсімі өтеді. Оқушылардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында білім алу грантына ие болады. Олардың оқуға қатысты барлық шығыны өтеледі. Оқушылардың екінші бөлігі IQ ADVANCED тереңдетіп оқу бағдарламасына қатысса, үшінші бөлігі IQ-IP үш жылдық бағдарламасына қосылады. Оның аясында балалар жоғары оқу орындарына түсуге онлайн дайындалады.

    IQanat – ақылды әрі жүйелі қайырымдылықтың жарқын үлгісі. Іріктеуден кейінгі 3 жыл бойы балалармен үздік ұстаздар мен менторлардың жұмыс істеуінің арқасында жоба түлектерінің 94 пайызы Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне грант негізінде оқуға түседі. Бүгінде жоба түлектері әлемнің 17 елінде білім алып жатыр.

    Ұсынымдар

    Қонаевтағы үйлер масаға қарсы дәріленді

    Қонаевтағы үйлер масаға қарсы дәріленді

    1 year ago
    Референдум – халық пікірімен санасудың биік көрінісі – сарапшы

    Референдум – халық пікірімен санасудың биік көрінісі – сарапшы

    9 months ago
    Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

    Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

    10 months ago
    Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

    Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

    11 months ago
    Чемпиондармен таңғы жаттығу

    Чемпиондармен таңғы жаттығу

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.