-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Агроөнеркәсіпті дамыту маңызды

    09.06.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Агроөнеркәсіпті дамыту маңызды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдігімен бірлесіп, аймақтағы негізгі агроөнеркәсіптік нысандарға баспасөз турын ұйымдастырды. Сапар аясында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов  БАҚ өкілдерімен бірге  аймақтағы ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамытуға бағытталған  жетекші  кәсіпорындардың  өндіріс  барысымен  танысты.

    Бүгінде Іле ауданындағы «Береке» индустриялық аймағында «FRUIT ART» ЖШС экспорттық жеміс-жидек кластерінің толық өндірістік циклі жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын ішінде сыйымдылығы 15 мың тоннаға дейін жететін жеміс сақтау қоймасы бар. Қоймадағы ауа жемістер бұзылмас үшін бақылауға алынған. Мұнда тәулігіне 200 тонна шикізатты өңдеуге қабілетті кешен жасақталған. Жеміс-жидекті мұздатып кептіру зауыты, сондай-ақ, жылыжай бар. Жылыжайда жыл бойына 1800 тоннаға дейін құлпынай өсіріледі әрі 900 тонна салат өнімдерін дайындауға болады.

    Өнімдерді өндіру және өңдеу жұмысы Еуропа мен АҚШ-тың инновациялық технологиялары арқылы жүзеге асырылады. Зауыт аясында 420 тұрақты және 7000 маусымдық жұмыс орны құрылған. Аталған зауыт еліміздің алмаға деген импорттық сұранысын 5 пайызға азайтып отыр. Сонымен бірге, басқа да жеміс-жидектерден 100 пайызға импортқа тәуелділік көрсеткішін төмендетті. Жеміс-жидек зауыты ішкі және халықаралық нарыққа өнім жеткізуді жүйелі түрде жолға қойған. Зауыттың Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына жақын жерде орналасуы логистикалық мәселелерді айтарлықтай жеңілдетеді әрі негізгі магистральдарға оңай шығуды қамтамасыз етеді. Дегенмен еліміздің агроөнеркәсіптік кешендерінің дамуына өзіндік үлес қосып келе  жатқан кәіпорын иелері кейбір түйткілдердің бар екенін де жасырмады. Өйткені «FRUIT ART» ЖШС кешенді ұлағайтуға қажетті инвестицияның бір бөлігін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дан несиеге алған. Қазір қарыз қаражаты толығымен игерілген. Енді кәсіпорын инвестициялық мақсатта алынған  несиенің  пайыздық мөлшерлемелерін  субсидиялауға қол жеткізе алмай отыр. Егер  пайыздық мөлшерлемені  субсидиялуға мүмкіндік берілмесе кәсіпорын  қаржылық  қиындыққа тап болмақ.

    Іле  ауданына ірге тепкен  «Шин-Лайн» ЖШС  60  мың тоннаға жуық  дайын өнім өндіріп, балмұздақтың 160  түрін шығарады. Кәсіпорын  әлемнің 12 еліне өнімін  экспорттайды, сонымен бірге  қауіпсіз және сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі технологияларды пайдаланатын заманауи өндірістік алаңдарға ие.

    Компания президенті Андрей Шиннің айтуынша, жаңа өндірістік кешеннің құрамына балмұздақ өндіретін ТМД-дағы, Шығыс Еуропа және Орта Азиядағы ең ірі әрі инновациялық зауыт, сол сияқты түрлі азық-түлік өндіретін кәсіпорындар кіреді. «Шин-Лайн» компаниясы 2023 жылдың қорытындысы бойынша Euromonitor халықаралық талдау компаниясы дайындаған деректерге сәйкес, әлемдік балмұздақ өндірушілер арасында 36-орынға ие болды.  Бұл өте жоғары көрсеткіш, өйткені бұл рейтингке әлемнің түкпір-түкпірінен, бірнеше жүздеген нәтижелі кәсіпорындар  енген.

    – Біздің үлкен кәсіби командамыз негізгі ресурсымыз деуге болады. Біз кәсіпорынға Ресей, Шығыс Еуропа елдерінің индустриясында көшбасшы саналатын компанияларда тәжірибеден өткен мықты мамандарды тартамыз. Қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігін арттыруға көп күш саламыз. Балмұздақ өндірісіне маусымдық фактор әсер ететіндіктен, зауытта сүт, тез дайындалатын кеспе, жартылай дайын өнімдер де шығару қолға алынған, –  деді А. Шин. Оның айтуынша, қазір «Шин-Лайн» компаниялар тобында шамамен 2900-ге жуық адам еңбек етіп жүр.

    Streda Consulting консалтингтік компаниясының деректері бойынша 2023 жылы «Шин-Лайн» компаниясы ЕАЭО елдерінің балмұздақ өндірушілерінің рейтингінде 6-орынға көтерілді. Бірнеше жыл ішінде «Шин-Лайн» өзінің позициясын едәуір жақсартқан. «Шин-Лайн» компаниялар тобы шетелдік нарықтарға қазақстандық балмұздақтың негізгі жеткізушісі бола отырып, бір жыл ішінде экспорттың айтарлықтай өскенін көрсетті.

    – Жалпы қазақстандық балмұздақ нарығы жылына шамамен 72 млрд теңгеге бағаланады. «Шин-Лайнның» бағалауы бойынша отандық және шетелдік өндірушілер толтыратын Қазақстандағы балмұздақ нарығының сыйымдылы-ғы шамамен 60 мың  тоннаны құрайды және бұл көрсеткіш  екі жылдан бері 30  пайызға артты. Осы өсімді ең алдымен нарықтық үлесі 81,2% құрайтын отандық өндіріс қамтамасыз етіп отыр. Соңғы жылдары қазақстандық балмұздақ нарығында  импорттық өнімнің үлесі төмендеп, 18,8 пайызға түсті. Балмұздақтың жаңа ерекше және талғампаз түрлерін нарыққа шығару оң әсер ететін өнімнің қазіргі танымалдылық тенденциясы сақталса, балмұздақ тұтынудың өсуі одан әрі жалғасады. Сондықтан біз  нарық сұранысына  назар аударып, өндіріске белсенді инвестиция салып отырмыз. Өнімнің жаңа түрлерін өндіруді технологиялық инновациялар мен сапа стандарттарының өсуі есебінен ғана жолға қоюға болады, мұнымен  біздің мамандар белсенді түрде айналысып жатыр, – деді тілішілерге кәсіпорынның даму бағытын баяндаған «Шин-Лайн» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төраға-сы  Дмитрий Докин.

    Қазір  кәсіпорын  аумағында жаңа қоймалар салынып, зауыт кеңейіп жатыр. Бұл оң өзгерістер  компания  болашағының  зор екенін көрсетеді. Сонымен қоса кәсіпорын сатылымды арттыруға,  нарықты кеңейтуге күш салмақ.

    Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Amal Bio» компаниясының алма бақтары қарқынды бау-бақша шаруашылығы жүйесі мен заманауи технологияларды қолданудың арқасында бір гектар жерден 60 тоннаға дейін алма береді.  Алма бағы Іле Алатауының бөктерлерінде теңіз деңгейінен 500-800 метр биіктікте орналасқан. Бұл алманың қысқы сұрыптарын өсіруге үлкен мүмкіндік береді.

    – Біз алманың бүкіл әлемге танымал 15-ке жуық  сортын  өсіреміз. Олардың барлығы қарқынды бау-бақша шаруашылығы жүйесіне өте қолайлы. Көшеттер солтүстік Италиядан жеткізілген. Бұлар аса биік өспейді, бойлары қысқа болып келеді. Сондықтан арасын 90 сантиметрден қалдырып еге беруге болады. Ал жергілікті алма көшеттерінің арасы әрине кем дегенде 4 метр болуы керек. Бір жақсысы, бұл жүйе көшетті отырғызғаннан кейін, келесі жылы-ақ одан өнім алуға мүмкіндік береді. Біздің агрономдар тұрақты негізде Батыс Еуропа елдерінде тәжірибеден өтіп тұрады. Бұл жерде алмаға тұрақты түрде қант, крахмал, және басқа да көрсеткіштер бойынша сараптама жүргізіліп отырады, – деді баспасөз туры барысында «Amal Bio» компаниясының директоры Асқар Сабыров.

    – Тағы бір ескеретін жәйт, ол – тамшылап суару жүйесі, – дейді компания директоры А.Сабыров. – Бұл жүйені дұрыс қолданған жөн. Соның арқасында құнарсыз жерден де жақсы өнім алуға болады. Одан басқа, жер қыртысының құнарлы қабаты бүлінбейді және 1000 есеге дейін су үнемделеді.

    Әуелгіде өз ісін 50 гектар алқапқа алма көшетін отырғызудан бастаған шаруашылық директоры Асқар Сабыров қазір 500 мың түптен астам алма ағашынан жеміс жинап алатынын айтады. Алма бақтың көлемін 180 гектарға дейін ұлғайтып, алманың 14 түрлі сұрпын күтіп-баптауда. Дайын өнімді Алматы қаласының тұтынушыларына тасымалдайды. Шаруашылықта сыйымдылығы 6 мың тоннаға жететін жеміс және көкөніс сақтайтын қойма бар. Аумағы 750 шаршы метр болатын көтерме-бөлшек сауда павильоны да жұмыс істеп тұр. Қазір «Amal bio» сауда белгісімен айшықталған дайын өнім шетел нарығына экспортқа жөнелтіледі. Компанияның басты мақсаты – тұтынушыларды жыл он екі айда экологиялық жағынан таза, сапалы да дәмді алмамен қамтамасыз ету.

    Аталған  баспасөз туры аясында  кәсіпорын  жетекшілермен жүздескен  вице-министр Азат Сұлтанов аграрлық секторды қаржыландыру, жаңа салық кодексі, сондай-ақ саланы дамыту перспективалары мәселелерін талқылады.

    – Бүгінгі  іс-шараның мақсаты – ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі салаларында іске асырылып жатқан жетекші жобалармен журналистерді таныстыру болатын. Шыныменде бізде ауыл шаруашылығының әлеуеті артып келеді.  Бүгін бәріміз  Алматы обысындағы  кәсіпорындардың   сапалы өнім өндіріп жатқанына куә болдық.  Сондықтан  отандық өнімді қолдауға  барша ел азматы атсалысуы қажет. Біз жобамен қатар кәсіпорындардағы кейбір мәселелерге де көз жеткіздік. Осы мәселелерді оңтайлы шешуге басымдық береміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту және оны шикізат көлемінің 70 пайызына дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді 2028 жылға дейін дамыту жөніндегі кешенді жоспар дайындалды, онда қайта өңдеуді қолдаудың жаңа шаралары, өткізу нарықтарын ашу, сондай-ақ қазақстандық өңдеушілерді қолдау көзделген. Бұл шешімдер осы өңірдегі ауыл шаруашылығының айтарлықтай дамауына оң әсер етеді,  –  деді  вице-министр  Азат Сұлтанов.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Баспасөздің беделі – биліктің беделі

    Баспасөздің беделі – биліктің беделі

    1 year ago
    Елордада Президент шыршасы өтті

    Елордада Президент шыршасы өтті

    1 year ago
    Ауыл шаруашылығы министрі ауысты

    Ауыл шаруашылығы министрі ауысты

    2 years ago
    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды

    2 months ago
    Заң шеңберінде шешіледі

    Заң шеңберінде шешіледі

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>