-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аймақ әлеуеті зор

    06.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Экономика
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Фото: Gov.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Өткен жылдың қорытындысы бойынша облысымыз жалпы өңірлік өнімнің 109,6%-ға өсуін қамтамасыз етіп, республикада 4-орынды иеленді, жалпы көлемі 5,9 трлн теңгеден асып, 5-орынға шықты.

    Өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді. 2024 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,9 трлн теңгені құрады. Жеке инвесторлар есебінен 23 жаңа өндірістік нысан іске қосылса, биыл 35 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың қатарында «Pepsico» зауыты, «LC Waikiki» көтерме-бөлу орталығы, ірі логистикалық кешендер мен индустриялық парктер («Kusto Logistics», «MP Solution», «Oasis Logistics», «Еуразиялық логистикалық парк»), сондай-ақ «Qazaq Global Food» жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу зауыты бар.

    Инвестиция тарту негізгі басымдық болып отыр. Өткен жылы облыс экономикасына 981 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш 1,3 трлн теңгеге дейін ұлғаймақ.

    Инвесторларға қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылып отыр. Әсіресе, Қытаймен серіктестікті кеңейтуге ерекше мән берілуде. Бүгінгі күні өңірде жүзеге асырылып жатқан барлық инвестициялық жобалардың шамамен төрттен бірі Қытай капиталы қатысқан жобалар болып табылады.

    Ауыл шаруашылығы – облыс экономикасының маңызды саласы. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 679,2 млрд теңгеге жетіп, өңірлік өнімнің 7 пайызын құрады.

    Облысымыз ет өндіру, өрік өсіру, құс шаруашылығы бойынша бірінші орынды, қызылша, қызанақ, қияр, қырыққабат өсіру бойынша екінші, қой мен ешкі саны бойынша үшінші орынды сақтап келеді. Экспорт көлемі де 38,7%-ға өсіп, 391,4 млн АҚШ долларын құрады.

    Сүт-тауар фермаларының дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Республикалық бюджеттен бөлінген 15 млрд теңгеге 13 жоба жүзеге асырылуда. Биыл 7 100 бас ірі қараға арналған 11 жаңа сүт фермасының құрылысы аяқталады, бұл саладағы өндірістік потенциалды едәуір арттырады (2024 жылы 1,3 млрд теңгеге 2 жоба іске қосылды).

    Агроөнеркәсіптік кешеннің инфрақұрылымын дамыту мақсатында суармалы жерлерді ұлғайту және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

    Былтыр Мемлекет басшысы мен Ислам Даму Банкі арасында республика бойынша суару желілерін реконструкциялау мақсатында 165,8 млн АҚШ доллары сомасына (1 трлн. 164 млрд. тенге) келісімшартқа қол қойылды. Оның ішінде Алматы облысына 260,3 млрд теңге бөлінеді.

    1-ші кезеңде 2 транш аясында Ислам Даму Банкі қарызы есебінен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарында жалпы ұзындығы 825,2 шақырым суару желілері жөнделіп, 91,7 млрд теңгеге 56,5 мың гектар жер айналымға енгізілетін болады.

    2-кезеңде 168,5 млрд теңге сомасына 5 ауданның (Балқаш, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр) 1 575,3 шақырым суару желілерін жөндеу жұмысы жоспарланған.

    Бұл қаржыландыру Алматы облысының аграрлық әлеуетін арттырып, су ресурстарын тиімді басқаруға және өңірдің орнықты дамуына ықпал етеді. Осы жұмыстарды үйлестіру үшін облыста Су ресурстары және ирригация басқармасы құрылды.

    2022-2025 жылдары облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,1 млн гектар пайдаланылмайтын жер анықталып, оның 445,5 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, бұл жұмыс тұрақты бақылауда.

    Жеке қосалқы шаруашылықтар мен кооперативтерді дамытуға, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 10,8 млрд теңгеге 1 360-тан астам шағын несие берілді.

    Бұл ауыл халқының орташа табысын 2023 жылғы 253,8 мың теңгеден 2024 жылы 311,4 мың теңгеге дейін, яғни 22,7%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Биыл 2,5 млрд теңгеге қосымша 270 микрокредит беру жоспарлануда.

    Құрылыс саласында да өсім қарқыны жоғары. 2024 жылы 28,7%-ға өскен құрылыс жұмыстарының көлемі 430,4 млрд теңгені құрап, 955 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл жыл соңына дейін 960 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр.

    Әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп, өткен жылы 442 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.

    Ағымдағы жылы «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» облигациялық қарызы есебінен кезекте тұрған азаматтар үшін 1 331 пәтер сатып алуға 22,1 млрд теңгеге құнды қағаздар шығаруды жоспарланып отыр (екі транш бойынша: 200 пәтерге – 3,3 млрд теңге, 1 131 пәтерге – 18,8 млрд теңге).

    Бұдан басқа мемлекеттік қызмет пен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін, спортшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен 3,1 млрд. теңге қаражат қарастырылды.

    Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және өңірлік ипотекалық бағдарламаны үйлестіру мақсатында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы құрылды.

    Инженерлік желілерді жаңарту, сумен жабдықтау, газдандыру, жол құрылысы, мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеулері белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

    Бюджеттік инвестициялық жобаларға келсек, 2024 жылы 102 нысан пайдалануға берілсе, 2025 жылы 246 жоба аяқталуы тиіс. Оған қосымша тағы 53 жобаны халық игілігіне беру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы мен жөндеу бойынша 28,6 млрд теңгеге 50-ден астам жоба іске асырылады.

    Нәтижесінде 538 шақырым желі салынып, қайта жаңартылады, 25 елдімекенде ауыз судың сапасы жақсарып, орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 99,5%-ға жететін болады.

    Өткен жылы 157 елдімекен газдандырылып, қамту деңгейі 55,3%-ға жетті. Биыл Балқаш, Жамбыл, Талғар, Ұйғыр аудандарында және Қонаев, Алатау қалаларында газбен жабдықтау жүйелерінің құрылысына

    8,9 млрд теңге қарастырылып отыр.

    Жыл соңына дейін газдандыру деңгейін 58,1%-ға немесе газдандыруға жататын 284 елдімекеннің 165-іне көгілдір отын жеткізу жоспарлануда, халық саны бойынша қамту 80,7%-ға жетеді.

    Автомобиль жолдарын жөндеуге 2024 жылы 38,1 млрд теңге бағытталып, 157 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жолдар, сондай-ақ 116 елдімекенде 525 шақырым ауылішілік жолдар жөнделді. Жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 94%-ды құрады.

    Биыл да бұл қарқын азайған жоқ, жыл соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі. Сонымен қатар, 2024 жылы облысқа келген туристер саны 2 миллионға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,3 есе көп.

    Жалпы туризм саласында бірқатар ірі жобалар жоспарлануда, ол «Ой-Қарағай» курортын кеңейту, Қара шатқалда шыны көпір салу, Қонаев қаласында аквапарк пен қонақ үйлер тұрғызу, Есік көліндегі бөгетті қайта жаңғырту, сондай-ақ швейцариялық Bartholet компаниясымен бірлесіп Көлсай көлдерін байланыстыратын фуникулёрлерді іске қосу.

    Осы жобалардың жүзеге асырылуы өңірдің туристік әлеуетін арттырып, экономикаға қосымша серпін береді деп күтілуде.

    Әлеуметтік салада былтыр 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді.

    Отбасының мәліметтерін цифрлық форматта жүйелеу және басқаруға арналған Отбасының цифрлық картасы енгізілді.

    Бұл жүйе отбасылардың әлеуметтік жағдайын тиімді қадағалауға, қызметтерді жедел әрі сапалы көрсетуге мүмкіндік береді.

    Бүгінгі күнге барлығы 491,9 мың отбасы (1704,1 мың адам) осы картаға тіркелген. Оның ішінде «D» (дағдарыс) және «E» (дағдарысқа қарсы) санаттарына 138,4 мың отбасы (367,8 мың адам), яғни 28,1% жатқызылған.

    Отбасының цифрлық картасы арқылы отбасылардың жағдайы анық көрініп, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждар нақты белгіленеді. Нәтижесінде, 2022 жылы облыс бөлінген сәттен бастап көмек алушылар саны 61,7 мыңнан 2025 жылғы 1 маусымда 17 мыңға дейін төмендеді.

    Білім беруде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша былтыр 14 мектептің құрылысы аяқталған (9 – «Жайлы мектеп», 2 – Б.Өтемұратов қорынан, 2 – «Kapital Construction», 1 – 200 орынға жапсаржай), ағымдағы жылы 17 мектептің құрылысы жүргізілуде.

    91 мектепті жаңарту аясында биыл 20,4 млрд теңгеге 20 нысан күрделі жөндеуден өтетін болады.

    «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 37 нысан салынуда, материалдық-техникалық база күшейтілуде.

    Мәдениет саласында өткен жылы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай халықаралық және республикалық ауқымдағы бірқатар іс-шаралар өткізілді. Нарынқолда ескерткіш орнатылып, Қонаев қаласындағы орталық саябақ пен жаңа жағалауға есімі берілді.

    Париж қаласында «Менің атым Қожа» кітабы француз тілінде таныстырылды, сондай-ақ Анкарада, Стамбулда және Бакуде халықаралық іс-шаралар өтті.

    Биыл композитор, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай бірқатар концерттер ұйымдастырылып, Пекин қаласында халықаралық мәдени кеш өтті.

    Бұдан басқа Нью-Йорк қаласында халықаралық концерт өткізу жоспарлануда, Іле ауданында ескерткіш пен домбыра стелласы орнатылады.

    Саяжай алаптары тұрғындарының өмірін жақсарту мақсатында 2023-2024 жылдары 55 елдімекеннің құрамына 443 саяжай алабын қосуға мүмкіндік беретін қала құрылысы құжаттамасы әзірленді.

    2025 жылы 7 ауылға 53 саяжай массивін қосу үшін құжаттама дайындалып, жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні 22 елдімекенге 247 саяжай массиві қосылып, аумақтың дамуы мен инфрақұрылымын жақсартуға жол ашуда.

    Қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын бақылау үшін 2024 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Сергек» интелектуалды жүйесі енгізілуде, нәтижесінде 325 ақпараттық-бағдамарлық кешені және 9 100 бейнебақылау камералары мен 10 мобильді кешен орнатылды.

    Осының нәтижесінде 2024 жылы әкімшілік айыппұлдардан түскен түсім шамамен 10 млрд теңгені құрап, 2023 жылғы деңгейден 3 есе артты. Бұл – жергілікті бюджет кірісін арттырудағы оң көрсеткіштердің бірі болып саналады.

    Облысымызда цифрландыру аясында балабақшаларға келуді QR-код және Face ID арқылы есепке алу жүйесі енгізілді. Нәтижесінде 1 млрд теңгеден астам қаражат үнемделіп, Ұлттық білім беру деректер қоры бойынша кезек 3 мыңнан астам балаға қысқарды.

    Технологиялық кәсіпкерлікті насихаттауға, стартап-мәдениетті қалыптастыруға, IT саласы мен цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған Alatau Hub өңірлік инновациялық орталығы іске қосылды.

    Бұл – аймақтың технологиялық инфрақұрылымын жетілдіру және инновациялық идеяларды қолдау жолындағы маңызды қадам. Сонымен қатар, Цифрлық көшірмесі қолданысқа енгізіліп, 33 елдімекенді (582,1 км²) қамтитын карталар мен рельефтің цифрлық 3D-модельдері жасалып, жалпы ұзындығы 1 919 шақырым инженерлік желілер цифрландырылады.

    Бұл деректер талдамалық визуализациялау арқылы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын тиімді қамтамасыз етеді.

    Қонаев қаласының дамуына 2024 жылы 37,7 млрд теңге бағытталды, бұл облыс бөліну кезеңімен салыстырғанда 4 есе көп. 2025 жылға жоспар – 28,5 млрд теңге.

    Облыс орталығында халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Smart Qonaev» тұжырымдамасы аясында бірқатар цифрлық және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.

    Қалада 308 бейнебақылау камерасы орнатылды, iQonaev жобасы, жолақы төлеу жүйесі мен Біріңғай төлем құжаты іске қосылды.

    «Ақылды» технологиялар – жарықтандыру, бағдаршамдар, қиылыстар және төтенше жағдай батырмалары енгізілуде.

    Инженерлік және көлік инфрақұрылымы да жаңартылуда. 29 шақырым жол жөнделіп, 72,7 шақырым электр желісі мен 26 шақырым су құбыры тартылды, 2,4 шақырым апатты жылу желісі қалпына келтірілді. 65 аумақ абаттандырылып, 48 үйдің шатыры мен қасбеті жөнделді. Қаланың тозған кәріз жүйесінің 10 шақырым бөлігі жөнделіп, 20,4 млрд теңгеге жаңа жүйелер құрылысына міндеттемелер қабылданды. Сонымен қатар, жағажай инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Биыл бесінші жағажай ашылып, 1 шақырымдық жағалау жаңғыртылды.

    №6 және №7 жағажайлары жөнделуде, ал №8 жағажай инвесторлар есебінен аттракциондар паркіне айналмақ. Ағымдағы жылғы шомылу маусымында қала 1,6 миллионға жуық турист қабылдайды деп күтілуде.

    Алатау қаласын кешенді дамыту мақсатында Үкімет тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен жобалық офис құрылды. Жұмыс қаланы игеру, заңнаманы жетілдіру және инвестиция тарту бағытында жүргізілуде.

    Қала аумағында елдегі ірі әрі дүниежүзінде төртінші орында тұрған «Alatau» арнайы экономикалық аймағы құрылып, оның дамуына Қытайдың жетекші аналитикалық орталығы China Development Institute (CDI) тартылуда.

    Бюджеттік кірістер мен шығындарға тоқталсақ, өткен жылы облысымыз салық түсімдері бойынша республикада бірінші орыннан, ал өсім қарқыны бойынша төртінші орыннан көрінді. Кірістер 2023 жылмен салыстырғанда 130%-ға немесе 120 млрд теңгеге өсті. Биылғы 5 айда да оң қарқын сақталып, 251 млрд теңге жиналды. Кірістер көлемін қосымша 44 млрд теңгеге ұлғайту көзделуде.

    Қолға алынып жатқан іс-шара, атқарылып жатқан жұмыстардың облыстың өркендеуіне игі ықпал етері сөзсіз.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    «Береги здоровье смолоду!»

    «Береги здоровье смолоду!»

    6 months ago
    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

    САПА – БАСТЫ КӨРСЕТКІШ

    9 months ago
    Ел сенімін ақтайды деген үміттеміз!

    Ел сенімін ақтайды деген үміттеміз!

    2 years ago
    “Ділмәр” республикалық шешендік өнер байқауы өтті

    “Ділмәр” республикалық шешендік өнер байқауы өтті

    2 years ago
    Ғалам жауһары

    Ғалам жауһары

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>