Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысында «Таза жағажай – таза өзен» акциясы өтті

Алматы облысында «Таза жағажай – таза өзен» акциясы өтті

     Экологтар күніне орай, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ұзынқарғалы өзенінің бойын тазарту мақсатында «Таза жағажай – таза өзен» экоакциясы өтті. Шараға 100-ден астам адам, олардың қатарында жергілікті тұрғындар, жастар, белсенділер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Акцияның мақсаты – жағажай аймағын тазарту, су айдындарының ластануының алдын алу және қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.

Жергілікті аналар кеңесінің төрайымы Зияш Мамедова ««Таза Қазақстан» — еліміз, болашағымыз, қоршаған ортамыз үшін үлкен септігі бар экологиялық бағдарлама. Сондықтан, осындай игі шаралар жастарымыздың, жалпы барша жерлестеріміздің ортасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, айланамызды таза ұстауға ынталандырады.» — деп атап өтті.

Акция барысында қатысушылар өзен бойын тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазалады. Нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Бұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.