-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында жылына 400 мың тонна қалдық өңдейтін полигон салынады

    18.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Партия, Экология
    Алматы облысында жылына 400 мың тонна қалдық өңдейтін полигон салынады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    2026 жылы Еңбекшіқазақ ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигон іске қосылады Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалында өткен экологиялық кеңес барысында айтылды. Жиынға департаменттер мен басқарма басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары және кеңес мүшелері қатысты.

    Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бөлім басшысы Бауыржан Османның айтуынша, өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының экологиялық талаптарға сәйкестігі кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр.

    Есік ауылындағы қолданыстағы полигон Балтабай ауылында салынып жатқан жаңа полигон пайдалануға берілгеннен кейін жабылып, қалпына келтірілмек. Аталған нысанның қуаттылығы – жылына 400 мың тоннаға дейін қалдықты қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Жоба Қытайдың «Гуандун Сучунь» компаниясының жеке инвестициясы есебінен жүзеге асырылуда.

    «Облыста жыл сайын шамамен 430 мың тонна қалдық жиналады. Оның 112 мыңы қайта өңделеді. Қазіргі таңда өңірде 6 полигон жұмыс істейді. Сонымен қатар, 70-ке жуық ұйым қоқыс жинаумен айналысады. Алматы қаласынан шыққан 450 мың тонна қалдық Қарасай ауданына, ал 80 мың тоннасы Талғар ауданына жеткізіледі. Шелек ауылындағы ескі полигонды жабу және жерді қалпына келтіру жобасы дайын», – деді Бауыржан Осман.

    Сондай-ақ кеңес барысында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылындағы кәріз жүйесінен тарайтын жағымсыз иіс мәселесін көтерді.

    «Жаз мезгілінде бұл иіс салдарынан тұрғындар терезе ашудан қалып отыр. Аталған иіс түрлі аллергиялық ауруларға себеп болуы мүмкін. Осы мәселені шешу үшін қандай нақты шаралар қолға алынып жатыр және иіс проблемасы қашан толық шешіледі?» – деп сауал қойды Ерлан Жакупов.

    Бұл сұраққа жауап берген ТҮКШ басқармасы өкілі жағымсыз иіс тұрғындардың денсаулығы мен өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін айтып, мәселе бақылауға алынғанын жеткізді. Қазіргі таңда иістің нақты шығу себептері зерттеліп жатыр. Оны жою бойынша нақты техникалық шешімдер әзірленуде.

    Айта кету керек, «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған облыстық сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде 50-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін жою, ҚТҚ өңдеу үлесін 22%-дан 40,2%-ға дейін арттыру және Қонаев қаласындағы апатты кәріз жүйесін толық жаңғырту көзделген.

    Ұсынымдар

    Қазақстандық стенд атушылар Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    Қазақстандық стенд атушылар Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    2 years ago

    Ішкі туризм иірімдері

    2 years ago
    Сақтықта қорлық жоқ

    Сақтықта қорлық жоқ

    2 years ago
    Сталиндік террор құрбаны Жанайдар Сәдуақасовты еске алу көрмесі ұйымдастырылды

    Сталиндік террор құрбаны Жанайдар Сәдуақасовты еске алу көрмесі ұйымдастырылды

    2 years ago
    Рұқсат етілмеген орындарда шомылғандар жауапқа тартылды

    Рұқсат етілмеген орындарда шомылғандар жауапқа тартылды

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.