-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысының жастары донор болды

    09.06.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысының жастары донор болды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Донорлық қан әр сағатта, әр минутта қажет. Алматы облысының жастары өзгенің өмірін сақтап қалуға атсалысып, Қарасай ауданында өткен ауқымды “Жақсылық жаса, донор бол” акциясына қатысты. 

    Жастар өз еріктерімен қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлады. Донор болу арқылы науқас адамдарға, жарақат алған жандарға және қанға зәру пациенттерге үміт берді.

    «Алғаш рет қан тапсырған сәтте қобалжу болды. Тіпті, кейін басым айналып, өзімді жайсыз сезіндім. Бірақ бұл жолы бәрі мүлдем басқаша өтті. Қан тапсыруға сеніммен келіп, жақсы көңіл-күймен шықтым. Ең бастысы бір адамның өмірін сақтап қалуға септігім тисе, бұл мен үшін үлкен бақыт. Алдағы уақытта да тұрақты түрде қан тапсыруды әдетке айналдырғым келеді. Мұнымен қоса, өзімнің қан тобымның ІІ оң топ екенін білдім. Бұл – өз денсаулығым жайлы маңызды ақпарат, әрі осындай игі істер арқылы адамның өзіне де пайдасы тиетінінің тағы бір дәлелі», – деді шараға қатысқан волонтер Батимаш Рузибаева.

    Қан тапсыру – бұл мейірімділік пен адамгершіліктің айқын көрінісі. Әрбір донор – біреуге жаңа өмір сыйлаушы. Осылай деген облыстың 50-ден астам жасы акцияға қатысып, олардың тең жартысы донор болды.

    «Қан тапсыру – әр азаматтың қолынан келетін қарапайым, бірақ маңызы мен құндылығы зор игі іс. Барша тұрғындарды осындай сауапты істерден шет қалмауға шақырамын. Бұл бастама тек қан тапсырумен шектелмей, қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті арттыруға бағытталған. Мұндай шаралар адамдарды біріктіріп, ортақ мақсатқа жұмылдырады», – дейді шара ұйымдастырушысы облыстық Жастар ресурстық орталығының психолог маманы.

    Маңызды процедурадан кейін қатысушыларды көпшілік қошеметпен қарсы алды. Құрметке бөленген донорлар ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар мен шағын сыйлықтарға ие болды.

    Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

    ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

    1 month ago
    Сақ стилінде айшықталды

    Сақ стилінде айшықталды

    9 months ago
    Талғардың тарихы терең

    Талғардың тарихы терең

    1 year ago
    Мәжілісте ауыл әкімдерінің өкілетін кеңейтуді ұсынды

    Мәжілісте ауыл әкімдерінің өкілетін кеңейтуді ұсынды

    2 years ago
    Жеке шекара дегеніміз не?

    Жеке шекара дегеніміз не?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>