-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ардагерлер – ел ұйытқысы

    12.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ардагерлер – ел ұйытқысы
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

         Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері қоғамдық өмірге белсене араласып, жастар тәрбиесіне үлкен үлес қосуда.Осыған орай ұйым төрағасы, ұлағатты ұстаз, білім саласының ардагері Сағат ­Мәсімақыновқа жолығып, атқарылып жатқан істер жайында сұрап көрген едік.

    – Өмірлік тәжірибесі мол адамдар ретінде білгенімізді жастарға қуана үйретеміз, – деп бастады сөзін Сағат Ұлтарақұлы. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен айтсақ, біз үшін ең маңызды құндылықтар – еңбекқорлық пен кәсібилік. Сол себепті жастарды еңбекке баулуға, қарапайым жұмысшы мамандықтарының қоғам үшін аса маңызды екенін түсіндіруге тырысамыз. Бір-біріне деген құрмет, бауырмалдық, жанашырлық,туған жерге деген сүйіспеншілік, табиғатқа, қоршаған ортаға деген қамқорлық жайлы да жиі әңгімелесеміз. Сонымен қатар жастардың білімге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға баса мән береміз. Себебі жастар білімді, жан-жақты дамыған, кең ой-өрісті болуы тиіс. Жұмыс барысында біз Президент ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі қағидаларына сүйенеміз. Бұл тұжырымдама «Әділетті Қазақстанмен» тығыз байланысты. Біздің мақсат – өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» құндылықтарын сіңіру, тұжырымдаманың мәнін жеткізу, – деді ұйым төрағасы.
    Ұйым құрылымына келер болсақ, оған он ауылдық округ пен Қаскелең қалалық ардагерлер кеңестері, аналар кеңесі, «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі және 55 бастауыш ардагерлер ұйымы кіреді. Барлығы белсенді жұмыс атқарып, жергілікті әкімдіктермен, аудандық қызмет орталығымен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, мектептермен, колледждермен, үкіметтік емес ұйымдармен, оның ішінде аудандық жастар ресурстық орталығымен және «Алатау жастары» қоғамдық бірлестігімен, түрлі этномәдени орталықтармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар бірлесіп фестиваль, форум, дөңгелек үстел мен түрлі акциялар ұйымдастырады. Атап айтқанда, «Таза Қазақстан», «Таза қала», «Таза экология» акциялары тұрақты өткізіліп келеді. Осы жұмыс аясында «Өмірзақ» тұрғын үй кешенінің аумағында 100 түп ағаш отырғызылды. Сонымен қатар аудан ардагерлері «Анаға құрмет» музейі жанындағы аллеяға да көшеттер отырғызуға қатысты.
    – Өкінішке қарай, қазіргі таңда ауданда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері қалмады. Бірақ 15 соғыс ардагерінің жесірі, 406 тыл еңбеккері, 57 Чернобыль ардагері, 249 Ауған соғысының ардагері және 30 мыңнан астам зейнеткер бар. Қолдан келгенше оларды біріктіріп, қолдау көрсетуге тырысамыз, – деп қорытындылады сөзін Сағат Мәсімақынұлы.

     Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет

    Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет

    11 months ago
    Бірлік – басты құндылық

    Бірлік – басты құндылық

    1 year ago
    Үкімет қаулысына толықтыру енгізу жобасы жарияланды

    Үкімет қаулысына толықтыру енгізу жобасы жарияланды

    2 years ago
    Сақтықта қорлық жоқ

    Сақтықта қорлық жоқ

    9 months ago
    Сайланудың жөні бөлек

    Сайланудың жөні бөлек

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>