-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Артына айтарлықтай із қалдырған

    05.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Артына айтарлықтай із қалдырған
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Сұрапыл соғыста кеудесін оққа тосып, Жеңісті жетелдеткен майдангерлердің алар орны бөлек. Солардың қатарында ержүрек жауынгер болған Бексұлтан Жабаевтың да есімі – ел есінде. Біз бұл кісі туралы деректер мен дәйектерді көзі тірісінде балаларына айтып кеткен әңгімесіне сүйене отырып сыр шертуді жөн санадық.

    Сол сияқты Бексұлтан Жабаев жайында мағұлматтарға тереңірек қанығуымызға жаны қалмай жанашырлығымен атсалысқан Жібек жолы ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Абай Жұманиязовтың көрсеткен көмегі көп болды. Майдангер 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе  өңіріндегі қыстаулардың бірінде дүниеге келіпті. Аштықтың жаппай алқымнан алуы, сол кездегі салықтар салмағы халықты қиындықтың қыспағына алған. Сол сорақылықтың бәрін Бексұлтан көзімен көріп, санасына сіңіріп өсті.

    Бала кезінен тұрмыстың адам төзбес ауыртпашылығын тартқан ол қатарынан қалмай жеті жылдық мектепті үздік бітіреді. Әрине, бұған оның алғырлығы мен зеректігінің ұшан-теңіз пайдасы тиген. Ат жалын тартып мінер азаматтық шаққа жеткенде сол уақыттағы «сауатсыздықпен күрес» науқанына бел шеше араласады. Ол 17 жасқа толғанда соғыс басталады. Ауылдық кенестің төңірегіне жиналған халықтың осынау қаралы хабарды естігеннен кейінгі кейіптері тіптен қорқынышты әрі аянышты болды.

    Бексұлтан үзеңгілес құрдастарымен бірге тылдағы шаруашылық жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетеді. 1942 жылдың күзінде 18 жасқа толып, әскерге шақырылады. Өршіл жастар Отан қорғауға аттанады. Оларды бір айдай уақыт шамасында Арджоу қаласында жаттығудан өткізеді. Сол бір естен кетпес сынақта винтовка атудан, граната лақтырудан, тағы басқа талаптардан Бексұлтанның басқалардан самдағайлығы ерекшеленеді. Күздің аяғына таман осындағы жауынгерлерді Лабақ пристанынан параходпен майдан бағытына қарай алып жүреді. Жолда Мойнақ, Хожеліден бұлардың қатарына тағы да 20 жауынгер қосылады. Чарджоу қаласында әскери ант қабылдаған олардың беталысы Сталинград болады. Ондағы Мамаев қорғанын жауға тосқауыл қою міндеті тапсырылады. Құрамында Бексұлтан Жабаев бар атқыштар полкі кескілескен шайқасқа кіреді. Бұл шайқастың аса ауыр болғандығын кезінде көзі тірі жауынгерлердің аузынан естігеніміз бар. Артилерия снарядтары мен жарылып жатқан миналардың салдарынан жауынгерлер шығыны адам қарауға батылы бармайтындай жағдайға жетіпті. Осындай сындарлы шақта Бексұлтан жүрген полк жауынгерлері жаудың алдыңғы тобындағы екі қатарды артқа шегіндіріп келе жатқан. Соғыс қимылдары да басымдықта болатын. Дүние астаң-кестең болып жатқан сәтте оң қапталынан жарылған снаряд жарықшағынан есінен танып құлап, топыраққа жартылай көміліп қалады. Бексұлтанды әрең дегенде іздеп тауып, санитар пойызына жеткізеді. Тексере келгенде, снаряд жарықшағы оның жауырынының және оң аяқтың жуан сан етін жапырып, тіліп кетіпті. Құдай оңдағанда сүйегі сау екен.

    Санитарлар пойызы желтоқсан айының басында Владивосток қаласына жетеді. Жаралылардың басым көпшілігі №8 Владивосток әскери-теңіз госпиталына жатқызылады. Бексұлтанның өкпе қабынуы барған сайын асқынып, ішер дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен жағдайы одан әрі қиындай түседі. Оны үмітсіздер бөлмесіне шығарады. Қиыр шетте мынандай жағдайда жатқанына қарап, ол жарық дүниеден күдерін үзе бастайды. Дегенмен, көрер күні бар екен. Құдай оңдап, осы жерге Ленинградтан эвакуацияланғандар келеді. Сәтін салған іс осы шығар, солардың арасында атақ-даңқы халыққа кеңінен мәшҺұр хирург, профессор Бирюков бар екен. Ол алдымен үмітсіздер бөлмесіне кіреді. Сонда Бексұлтанның әлжуаз күйін көріп: «Немедленно на операционный стол», – дейді. Оның бұл сөзін Бексұлтан еміс-еміс қана естіп қалады. Қалған жай мүлдем қаперіне кірмейді.

    Ол есін жиғанда медбикелер: «Парень занова родился, если бы не профессор, в живых тебя не было бы», – деп қалжың сөздерді араластырып, қағытып тастапты. Содан ол аталған госпитальда бес ай емделіп, өзіне-өзі келе бастайды. 1944 жылдың күзінде комиссия шешімімен ІІ-ші топтағы мүгедек болып, еліне қайтады.

    Ауыл мектебіне әскери дайындық пәні бойынша мұғалім болып, жұмысқа кіріседі. Ол тарих пәнін де жан-жақты білетіндігімен елді аузына қаратады. Бексұлтан Жабаевтың адам баласына қылдай қиянаты жоқ адалдығы, әділеттілікті жақтайтын турашылдығы, аққа қараны жұқтырмайтын парасаттылық пайымы дараланып тұратын. Сондай-ақ ол халықтың қамын ойлайтын ашық-жарқын, аңқылдаған қадірлі қария болыпты. Абыройы асқақ ақсақалды ауылдастары төбесіне көтерген.

    Бірінші және екінші дәрежелі «Даңқ» орденін иеленген соғыс ардагері, 40 жыл еңбек еткен ұлағатты ұстаз Бекеңнің артына қалдырған ғибраты мен өнегелі өмір жолы жас ұрпақ үшін үлгі аларлық үлкен мектеп екенін айта кеткен абзал. Ол 91 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген тәмсіл Бексұлтан Жабаевқа да қаратып айтылған сияқты. Олай болатын жөні де бар. Ол кісіні ауылдастары көзі тірі кезінде жапырақ жайған алып бәйтерекке теңеген. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген шымырлап айтылған шындыққа сенбеске әбдіңіз қалмайды. Өмірлік қосағы Айғаным екеуінен тараған ұрпақтарына қарап сүйіспеншілікке бөленесіз. Олар артына айтарлықтай із қалдырған жайсаң жанның рухына тағзым етіп, аталарының ерлік жолын айтудан жалықпайды.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ,

    Алматы облысының Құрметті азаматы.

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    BBC News хабарында Алматы облысының туризмі жарнамаланады

    BBC News хабарында Алматы облысының туризмі жарнамаланады

    2 years ago
    Рухани құндылық – тәрбие өзегі

    Бала және дін

    2 days ago
    Спорт шеберлері дауыс берді

    Спорт шеберлері дауыс берді

    8 months ago
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

    6 months ago
    Мәжіліс депутаттары Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапарымен барды

    Мәжіліс депутаттары Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапарымен барды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>