[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    БАҚ ӨКІЛДЕРІ – ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ!

    27.06.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Кәсіби мереке
    БАҚ ӨКІЛДЕРІ – ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ!
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

         Қонаев қаласында Журналистер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шарада алғашқы сөз кезегін алған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жуырда Мемлекет басшысының ең үздік журналистерді құттықтап, марапаттағаны осы саланың мамандарына деген ерекше ілтипаттың белгісі болғанын атап өтті. Қоғамда журналистер біліктілігінің өте маңызды екенін айтқан аймақ басшысы БАҚ өкілдерінің билік пен халықтың арасында алтын көпір болып, бұқараға дұрыс ақпарат жеткізіп, ұлттық идеологияның қалыптасуы жолында еңбек сіңіріп жүргенін тілге тиек етті. Бір жағынан ақпарат жеткізгенімен, екінші жағынан шығармашылықпен айналысып жүрген журналистердің жұмысының мәні зор екеніне тоқталып, облыстағы қаламгерлер қауымының әрқашан абырой биігінен көріне беруін тіледі.

    Бұдан соң Марат Елеусізұлы ерен еңбегімен танылып жүрген Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттап, «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Болат Абаған мен «Мұқағали» журналының бас редакторы Дүйсенбек Мағлұмовқа «Құрмет» орденін табыс етті. Қарасай аудандық «Naqty» газетінің бөлім меңгерушісі Танзилия Мухтарова «Ерен еңбегі үшін» және «Алатау ардагері» газетінің бас редакторы Роза Айдарбекова «Еңбек ардагері» медалін иеленсе, «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қуаныш Тұнғатар мен «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Күмісбек Ербаев «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін кеудесіне тақты. Сонымен бірге «Өлке тынысы» ЖШС-ның директоры Кәдірбек Құныпияұлы мен «Жетісу» телеарнасының облыс бойынша филиалының редакторы Жандос Назарбаевқа Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы табысталды. Сол секілді «Өлке тынысы» ЖШС директорының орынбасары Мұратбек Балтабеков Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар «Алатау арайы» газетінің меншікті тілшісі Жұмабек Тұрдиев, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің облыстағы меншікті тілшілері Ұлбосын Исабекова мен Әсет Калымов, «Alataunews.kz» сайтының бас редакторы Азамат Сарғожин, ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Сағынай Мұсағитов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар БАҚ өкілдеріне облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.

    Марапаттау рәсімінен кейін «Құрмет» орденінің иегері атанған Болат Абаған жиналған қауымды мерекемен құттықтап, журналистер қауымын елеп-ескеріп, арнайы шықырып, құрмет көрсетіп жатқан облыс әкіміне ризашылығын білдірді. БАҚ-тың мемлекетік мәселелерді жоғары дәрежеде көтеріп, шешуге атасалысатын өте маңызды да ықпалды қару екенін айта келіп, әріптестерін әрқашан мамандыққа деген адалдықтан айнымауға шақырды.

    Әрі қарай жалғасқан шарада облыстық маңызды жобаның бірінен саналатын «Qonaev Media» теларнасының өкілі Еркебұлан Бақыт ұжымның алға қойған мақсаты туралы сөз қозғады. Одан кейін телеарна туралы бейнеролик көрсетілімі көпшілік назарына ұсынылды.

    Салтанатты жиын соңы Қонаев қалалық Мәдениет үйі өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    1 year ago
    Татулық тұғыры

    Татулық тұғыры

    4 months ago
    Ұйымшылдық танытты

    Ұйымшылдық танытты

    1 month ago
    Сапаға салғырт қарамау қажет

    Сапаға салғырт қарамау қажет

    4 months ago
    Жоқты – жоқ, барды бар дейміз

    Жоқты – жоқ, барды бар дейміз

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>