-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бақыт деген – балалардың күлкісі

    02.06.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Партия
    Бақыт деген – балалардың күлкісі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «AMANAT» партиясының өкілдері бірқатар қайырымдылық акциясын өткізді.     

    Партияның Талғар аудандық бөлімшесінің бастамасымен Зухра Қасайынова басқаратын «Ұлттық құндылықтар» мүгедек аналар мен балаларды қолдау орталығы Белбұлақ ауылында орналасқан «Қуаныш» мейрамханасында үлкен шара ұйымдастырды. Оған «AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Серік Дүмшібаев, аудандық мәслихат депутаты Бағжан Құдабаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының жетекшісі Гүлжан Айтқожақова, Кендала ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдын Сүлеймен, ерекше балалардың ата-аналары қатысты.

    Серік Дүмшібаев қамқорлыққа мұқтаж балаларды айтулы мерекемен құттықтап, 50 балаға ой-өрісін дамытатын арнайы әзірленген «Ақылды балақай» білім буклеттерін табыс етті. Оның айтуынша, бұл бастама балалардың зияткерлік қабілеттерін арттыруға бағытталған.  Мерекелік шарада балалар концерттік бағдарлама және өз қолдарымен дайындаған шығармашылықтарын ұсынды. Ата-аналар ұйымдастырушыларға шынайы алғыс білдіріп, осындай ізгі ниет пен мейірімділік оларға зор қуаныш сыйлағанын жеткізді.

    Осы күні Кендала ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдын Сүлеймен бастаған партия өкілдері де мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Шара барысында балаларға қажетті әртүрлі киім-кешек табысталып, оларға естен кетпес қуаныш пен бақытты сәт сыйлады.

    Қайнар ауылында да «AMANAT» партиясы  бастауыш партия ұйымының төрағасы Ерлік Тілеубай пен аудандық мәслихат депутаты Мақсұт Омарбаев балаларға ұмытылмас қуаныш сыйлады. Мереке аясында 500 балаға тәтті балмұздақ ұсынылды. Бұл шараға демеушілер де үлкен қолдау көрсетті.

    Ең бастысы, бір күнде ауданның бірнеше ауылында өткен қайырымдылық шарасы ауыл тұрғындарының бірлігі мен бала бақыты үшін ештеңені аямайтын жомарт жандардың шынайы қамқорлығын көрсетті.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Бұзақылар жауапқа тартылды

    Бұзақылар жауапқа тартылды

    1 year ago
    Су тасқыны ахуалы туралы жедел ақпарат

    Тасқын туралы бірер сөз

    1 year ago
    Алматы облысында 285,5 мың гектар жердің бос жатқаны анықталды

    8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

    2 years ago
    Заманбек Нұрқаділов есімін ел жадында жаңғырту керек – Президент

    Заманбек Нұрқаділов есімін ел жадында жаңғырту керек – Президент

    1 year ago
    Саяжайда – жаңа мектеп!

    Саяжайда – жаңа мектеп!

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.