-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    БАЛЫҚШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

    12.06.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    БАЛЫҚШЫЛАР БАС ҚОСТЫ
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

         «Балық мектебінің» құрылғанына 5 жыл толуына орай Еңбекшіқазақ ауданында ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақстандағы балық шаруашылығының қазіргі жай-күйі, оны дамыту жолдары және өзге елдердегі аталған сала жаңалықтарымен бөліскен кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасып, ой-пікірлерін ортаға салды.

    Елімізде балық шаруашылығына мол қызығушылықтың болмауы бұл саланың қыр-сырын білетін маманның аз екенін көрсетеді. Сол себепті де балық өсіру бізде кенжелеп келеді. Осы мәселеге мән берген Мәрлен Тұрсынәлі 2020 жылы «Балық мектебін» ашқан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығының түлегі Испанияда біліктілікті арттыру курсынан өтіп, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының зертханасында жұмыс істеген. Кейін бірнеше балық шаруашылығын іске қосып, «King Fish» компаниясын құрған кәсіпкер «Балық мектебінде» сала мамандарын дайындайды. Осы бес жыл ішінде аталған мектепте еліміздің түкпір-түкпірінен келген 500-ден аса адам білім алып, 100-ден аса шаруашылық ашылды. Бұл – ел экономикасына, оның ішінде балық шаруашылығының қарқын алуына қосылған үлкен үлес.
    Жиынға қатысушылар Польша, Түркия, Өзбектан, Германия, Даниядан келген мамандардың баяндамаларын тыңдап, өзара пікір алмасты. Мәрлен Тұрсынәлі: «Елімізде балық өсіру саласына ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді экспортқа шығару әлеуетіміз де жоғары. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, балық шаруашылығын мейлінше дамытуымыз керек. Бүгінгі кездесуге осы саланың майталман мамандары келіп отыр. Көкейлеріңізде жүрген бар сұрақтың жауабын табатындарыңызға сенімдімін», – деп конференция жұмысына сәттілік тіледі.
    Балқаш–Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Алмат Суюбаев Қазақстандағы балық шаруашылығына шолу жасап, қазіргі жағдайы мен болашақ мүмкіндіктері жайлы айтса, даниялық «Aller Aqua» компаниясының Орталық Азиядағы бас менеджері Марчин Вальчак, аталған компания өкілі Прымислав Рутковский балық жемінің қоректік маңызы туралы сөз қозғады.
    «Облыста 42 шаруашылық балық өсірумен айналысады. 2024 жылы олардың өндірген өнімі – 4488,5 тонна, ал экспорт көлемі 2091 тоннадан асты», – деген облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Мейірханова балық шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың да жоғары екенін атап өтті. 2024 жылы акваөсіру мен асыл тұқымды балық шаруашылығына 300 млн теңге субсидия бөлініп, қаражат толық игерілген. Сонымен қатар инвестициялық шығындарды өтеуге 118,7 млн теңге төленген. 2023-2024 жылдары өңірде жалпы құны 13,3 млрд теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылып, 202 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал биылға балық шаруашылығын қолдауға бюджеттен 500 млн теңге қарастырылып, 170 млн теңге игерілді. Қазіргі таңда ­«Аква­өсіру туралы» Заңды әзірлеу жұмысын Үкімет аяқтау сатысына жеткізгенін тілге тиек еткен Айнұр Серікқызы бұл салада субсидиялау, жеңілдетілген несиелеу, арнайы салық режимі, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және ғылыми сүйемелдеу сынды қосымша қолдау тетіктері де қарастырылғанын айтып, балықшыларды қуантты.
    Жиын барысында форель өсіруде әлемдегі үздіктердің қатарынан орын алатын Түркия, Польша, Өзбекстаннан келген мамандар тәжірибелерімен бөліссе, Phd докторы, ҚазҰУ «Биология және биотехнология» факультетінің аға оқытушысы, «Балық мектебінің» бас эксперті Ерлан Кегенов, «Шығыс Универсал» ЖШС директоры, кәсіпкер Вячеслав Асанов, тағы басқа қонақтар баяндама жасады.
    Конференцияның бірінші күні қатысушылар шетелдік әріптестерінің балық өсіруде қолданатын технологиясы, балық шаруашылығын жобалау, балыққа беретін жемнің түрі, оларды тамақтандыру, балық ауруларының алдын алу жолдары, емдеу, өнімділікті арттыру мүмкіндігі, дайын өнімді экспортқа шығару сынды басқа да сұрақтар төңірегінде ой бөліссе, екінші күні форель шаруашылығына экскурсия жасап, кәсіп жүргізудің қыр-сырына терең үңілді. Балық шаруашылығы шабақты суға жібере салумен бітпейді. Тағамдық құнары жоғары, сапалы өнім алу үшін балық өсіретін бассейн барынша жайлы, суы қолайлы, қоректенетін жемі сапалы болуымен қатар ерекше күтім де керек. Бұған конференция қатысушылары екі күнде көз жеткізді.
    Мұндай ауқымды іс-шара өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өсімін қамтамасыз ететін балық шаруашылығы сынды маңызды саланың бір қадам алға басуына серпін берері сөзсіз.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    ШЫҰ ықпалы арта береді

    ШЫҰ ықпалы арта береді

    1 year ago
    Жайлы мектептер толықтай отандық жиһазбен жабдықталады

    Жайлы мектептер толықтай отандық жиһазбен жабдықталады

    2 years ago
    Мемлекет басшысы медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

    Мемлекет басшысы медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

    2 months ago
    Қазақстан халқы Ассамблеясы – Ұлттық бірлік пен тұрақтылықтың темірқазығы

    Қазақстан халқы Ассамблеясы – Ұлттық бірлік пен тұрақтылықтың темірқазығы

    4 months ago
    Газдандыру қарқын алады

    152 шақырымнан астам жол жөнделді

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>