-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бозкілемде – жас балуандар

    04.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Бозкілемде – жас балуандар
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловты еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті. Талғар ауданында өткен жарысқа еліміздің әр аймағынан, сондай-ақ Қырғызстаннан 2010-2012, 2013-2015 жылдары туған 500-ден астам жас балуан қатысты.

    Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған ұйымдастырушылар мен демеушілер Тұрар Рысқұловтың еліне сіңірген ерен еңбегіне тоқталды. Аталған турнирдің мақсаты – айтулы тұлғаның рухына тағзым етіп, ер есімін жас ұрпақтың санасына сіңіру екенін жеткізді.
    «Талғар ауданында Тұрар Рысқұловты еске алуға арналған турнир 1983 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда республикалық деңгейге көтерілді. Биыл ашық турнир ретінде өтіп жатыр. Жеңімпаздарға ҚР спорт шеберіне кандидат атағы беріледі. Грек-рим күресі – елімізде танымал спорт түрі. Аталған жарысқа 500 балуанның қатысып жатқаны соның бір дәлелі», – деді грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Талғар ауданының Құрметті азаматы, Талғар аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Матан Бекбосынов.
    Жас балуандар 21 салмақ дәрежесінде, оның 12-сінде – 35-тен 100 келіге дейін жасы үлкендер, 9-ында – 21 келіден 46 келіге дейін жасы кіші спортшылар күресті. Бозкілемде Талғардағы спорт мектебінің балуандары жақсы өнер көрсетті. Олардың жеңіске деген ұмтылысын мамандар жоғары бағалады. Аталған мектептің мақтанышы 14 жасар Мирас Жақия турнирде қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске қол жеткізді.
    «Мен грек-рим күресімен 8 жасымнан бастап айналысып келемін. Осы уақыт аралығында облыста ғана емес, республикалық жарыстың да чемпионы атандым. Былтыр Бішкекте өткен халықаралық додада 70 келі салмақта бірінші орын алдым. Ал биыл 75 келі салмаққа ауыстым. Алда жеңісті күндер көп болатын шығар деп үміттенемін. Сол үшін тыңғылықты дайындық үстіндемін», – дейді турнир жеңімпазы Мирас Жақия.
    Мираспен бірге өз салмақ дәрежесінде Алматы облысының балуандары – Ермек Самға, Амруллаев Альамир, Куаныш Нұрасыл, Болат Арафат, Галымжан Жігер, Талғат Нұрәлім, Әбдіреш Заңғар, А. Иманбай, Рамазан Байкурман жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Ақтөбе облысының балуандары – Калимолла Ерасыл, Шәріп Баубек, Алмас Әли, Төлеу Хамзат, Жұмабай Айбар жарыс жеңімпаздары атанды. Тараз қаласының жасөспірімдері Қарибай Мерей мен Фахридин Мансур да 1-орыннан көрінді. Қырғыстаннан келген Элхан Керімов, Тарел Искендербеков, Омар Балтабаев және Ақтан Абдазововтар да жеңіс тұғырына шықты.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, грамота және ақшалай сыйлықтар табысталды.

    Ұсынымдар

    Қонаевта 973 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды

    Қонаевта 973 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды

    6 months ago
    Облыста жылыту маусымы кезінде 102 өрт болды

    Семья пострадавшего от пожара отказалась от предложенной помощи акимата

    6 months ago
    Цифрлық көшірме дайындалды

    Цифрлық көшірме дайындалды

    1 year ago
    Жас аспаздар жарысы

    Жас аспаздар жарысы

    2 months ago

    Ерлігі ұмытылмайды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.