Перейти к содержимому
Главная страница » Экология – ертеңгі емес, бүгінгі мәселе

Экология – ертеңгі емес, бүгінгі мәселе

Кез келген мемлекеттің дамуы тек экономикамен өлшенбейді. Қоғамның өмір сүру сапасы – табиғат пен қоршаған ортаның жағдайымен тікелей байланысты. Бүгінде әлем елдері дабыл қағып отырған маңызды мәселелердің бірі – экология. Бұл – болашақтың емес, бүгінгі күннің шұғыл шешімді қажет ететін проблемасы.

Ауаның ластануы, судың тартылуы, орман-тоғайдың азаюы, қалдықтың көбеюі – күн сайын адамзат алдында экологиялық жауапкершілікті арттырып отыр. Табиғат өз үнін жеткізіп жатыр, ал оған құлақ асу – әр адамның парызы.

Қазақстан да бұл мәселені айналып өте алмайды. Көптеген аймақтарда экологиялық ахуал алаңдатарлық. Жердің тозуы, өндіріс қалдықтарының бейберекет төгілуі, жасыл желектің азаюы – нақты шараларды талап етеді. Жасыл экономика, қалдықты сұрыптау, энергияны үнемдеу сияқты бастамалар іске асқанымен, қоғамдық сана мен мәдениет әлі де жетіле түсуі керек.

Экология – тек ғалымдардың немесе биліктің емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі. Табиғатты сақтау – өз болашағымызды сақтау. Жерді күту – өз ұрпағымыздың амандығына жол ашу. Себебі экология – ертең басталатын емес, бүгін шешілмесе, кеш болатын мәселе.

Әлиханова Сабина