-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Еңбегі ерен

    26.06.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Еңбегі ерен
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Адам өміріндегі бел-белестің бәрі де елеулі саналса керек. Дегенмен, кемел жас 63-тің орны ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық кезеңге аяқ басқан бұл шақтың зейнет жасы аталуы бекер емес. Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиет тоғысқан, есімі жақсылар мен жайсаңдар қатарында аталып жүрген Кеген ауданының ардақты азаматы Тұрсынбай Әлімбай да осынау мерейлі жасқа абыроймен көтеріліп отыр. Ол кісі – мінезіне көркі сай, өз ісіне жауапты, білімді, ақылды азамат әрі өнегелі әке.

    Қазақта «Еңбекке икемді болсаң, еліңе сүйкімді боласың» деген тәмсіл бар. Еселі еңбегімен ел құрметіне бөленіп, алғыс арқалаған жанның жалпы жұмыс өтілі – 40 жыл. Тұрсынбай Тоекеұлы 1984 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институ­тын «Ғалым-агроном» мамандығы бойынша тәмамдап, алғашқы еңбек жолын Семей облысы Абай ауданы Ақбұлақ кеңшарында бастаған. 1985-2001 жылдар аралығында Кеген ауданы Тасашы ауылында бас агроном болды.
    Одан кейінгі жылдары облыстық жер инспекциясында бас маман, Райымбек ауданы бойынша инс­пектор, аудандық ауыл шаруа­шылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, Халыққа қызмет көрсету орталығы аудандық бөлімшесінің басшысы, Кеген аудандық мәслихаты­ның хатшысы қызметтерін ойдағыдай атқарды. 2023 жылдың сәуір айынан бастап «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының төрағасы қызметінде жемісті еңбек етіп келеді.
    Зайыбы Тұрсынгүл Құланшиева он жылдан аса бухгалтер мамандығы бойынша жұмыс істеген, қазір жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Отасқандарына 37 жыл болған үлгілі отбасы төрт қыз тәрбиелеп өсірді. Үлкені Ақерке – ақ халатты абзал жан, «Қазақстанның үздік дәрігері» төсбелгісінің иегері. Ортаншы қызы Алтынай – байланыс саласында. Бүгінде Тұрсынбай мен Тұрсынгүл – жеті немере сүйіп отырған аяулы ата-әже.
    Уақытпен санаспай, еңбек етуге әбден төселген Тұрсынбай Тоекеұлы партияның идеологиясын нығайтуға, қоғамдық-саяси жұмыстарды тиімді жүргізуге және өңірдегі әлеуметтік бастамаларды іске асыруға өз үлесін қосып келеді. Қауырт тірліктен ешқашан жалықпайтын, жұмысын жанындай жақсы көретін азамат.
    – Кез келген істің оңайы жоқ. Аудан бюджетін бекітуден бастап, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуында партияның алатын орны ерекше. Осы ретте партия мүшелерінің сапалық құрамы жасарып келе жатқанын атап айтқан орынды. Жастар – ел ертеңі, олар қоғамдық-саяси істерде әрқашан белсенділік танытады. Іскерлігіне дән ризамыз. Қызығы мен қуанышы қатар жүретін қызметте барша әріптестеріме сәттілік тілеймін! – дейді Тұрсынбай Тоекеұлы.
    Ол кісі әңгіме барысында кезінде Тасашы ауылындағы «Қаз КСР-нің 50 жылдығы» атындағы тәжірибе шаруашылығына Мұқатай Беделбеков, Қайрат Әлиасқаров, Бақытжан Тұрлыбаев, Үсен Албанов сынды азаматтармен қатар келіп, қызметтес болғанын айтты. Кейіпкеріміз кеңшарда басшылық қызмет атқарған Жұмақан Сокуров, Жандыбай Аманжолов, Карл Оңғаров, Төлқожа Мұқанов, Асылғазы Өзекбаев, Телман Исақұлов, Бекбосын Қабылов, Дәмебай Жәутікбаев, Бағашар Тоқмолдаев және аудан басшылары Құдайберген Ыдырысов, Ақан Нұрғожаев, Аян Айтжанов, Қыдыркелді Медеуов, Жанат Тәжиев, Талғат Байеділовтермен бірге қызмет істеген жылдарын мақтанышпен еске алады.
    Адамды көркейтетін – істеген ісі, нәтижелі жұмысы. Тұрсынбай Тоекеұлы – ауыл шаруашылығының нығаюына бар күш-жігерін жұмсаған маман. Кеген аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты. Мем­лекеттік қызмет атқарған жылдары «Мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы», «ҚР Конституциясына – 25 жыл», «ҚР Тәуелсіз­дігіне 30 жыл» медальдарының, «Белсенді қызметі үшін» партиялық төсбелгісінің иегері, сондай-ақ ҚР Президентінің, облыс, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.
    Дарыны мен қабілет-қарымын, білімі мен білігін өңірдің өркендеуіне жұмсаған азамат бейнетінің зейнетін көрер шаққа да жетті. Ел игілігі жолында өзіңіздің ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетіңізді кеңінен көрсетіп, көптеген жаңашыл істердің ұйытқысы бола беруіңізге тілектеспіз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Тракторды тізгіндеген

    Тракторды тізгіндеген

    4 months ago
    Тұрғындар өтініші тыңдалды

    Тұрғындар өтініші тыңдалды

    1 year ago
    Қонаевтағы аутист балаларға арналған жалғыз орталықты әйел адам ашқан

    Қонаевтағы аутист балаларға арналған жалғыз орталықты әйел адам ашқан

    5 months ago
    Талғар ауданында кітапхана ашылды

    Талғар ауданында кітапхана ашылды

    2 years ago
    ҒҰМЫР ЖОЛЫ –  ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ

    ҒҰМЫР ЖОЛЫ – ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.